Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дүниетану

Читайте также:
  1. Дүниетану
  2. Дүниетану 4- сынып
  3. Дүниетану пәні бойынша тапсырмалар

1. Ең ыстық аспан денесі қайсысы?

А) Жер

B) Марс

C) Ай

D) Күн

2. Қандай жануар тек қана өсімдікпен қоректенеді?

А) мысық

B) ит

C) арыстан

D) қоян

3. Арман шәйнек пен табаның неге мыстан жасалатыны туралы түсіндірді. Мына түсіндірулердің қайсысы дұрыс?

А) Мыс жылуды жақсы өткізеді

B) Мыс тез ериді

C) Мысты қалыпқа келтіру қиын.

D) Мыс ыстық суда ериді

4. Барлық металлдар туралы қандай тұжырым дұрыс?

А) Барлық металлдар суға батпайды

B) Барлық металлдар жылу өткізеді

C) Барлық металлдар магнитке тартылады

D) Барлық металлдар үй температурасында қатты болады.

5. Сен сабын көпіршіктерін шығарғанда, оның ішінде не болады?

А) ауа

B) сабын

C) су

D) ештеңе

6. Табиғат құбылыстарына не жатады?

А) минералды тұздар, жел, күннің шатырлауы

B) жапырақтың түсуі, доп, найзағай

C) қар, жануарлардың түлеуі, дәрумендер

D) жауын, найзағай, кемпірқосақ

7. Су қай кезде буланады?

А) ауа температурасы жоғары көтерілгенде

B) ауа салқындағанда

C) жауын - шашыннан

D) ауаға жанасқан кезде

 

8. Кен орыны:

А) тау жыныстарының қосындысы

B) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

C) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

D) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

9. Бұршақтың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

А) жауын - шашыннан

B) мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып, үлкейгендіктен

C) күн жылынғанда

D) ауа температурасы жоғары көтерілгенде

10. Топырақ деп... атайды.

А) жер бедерінің беткі құнарлы қабатын

B) жердің жануарлар ін қазатын қабатын

C) өсімдік тамырларының шырмалуын

D) жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын

11. Сағат 23-те жаңбыр жауды. 48 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе?
Жауабыңды дәлелде.

12. Ол дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан, суда тіршілік еткенімен, балық емес. Енесі балаларын сүтпен қоректендіреді. Сондай-ақ олар барлық аңдар сияқты ауамен дем алады. Ол қай аң?
А. акула
В. кит
С. дельфин
Д. ақ аю

13. Секіре алмайтын жануар.
А. Піл
В. Аю
Д. Түйе
С. Бұғы

14. Дәндері сыртында орналасқан жидекті ата.
А. қарақат
В. құлпынай
С. бүлдірген
Д. қойбүлдірген

15. Бас бармақ пен сұқ саусақты ашқандағы аралық, яғни 15-18 сантиметр мөлшеріндегі аралық қазақы өлшеммен қалай аталады?
А. бір тұтам
В. сынық сүйем
С. Бір қарыс
Д. бір сүйем

16. Тұщы су жер бетіндегі су қорының қанша пайызын құрайды?
А. 98 %
В. 2 %
С. 1,5%
Д. 0, 15%

17. Жел табиғатта орасан зор жұмыс атқарады. Егер жел болмаса.... Желдің маңызы туралы жаз.
...............................................................................................................................................
...............................................................................................................................................
...............................................................................................................................................
...............................................................................................................................................

18. Тас қараңғы үңгірде тіршілік ететін мақұлық. Олар орман мен ауыл шаруашылығы зиянкестерін жеп жояды. Ауылшаруашылығы үшін өте пайдалы. Олар күндіз үйдің шатырында, үңгірлерде, ағаш қуыстарында тығылып жатады да, түнде шығады. Мәтін не туралы?
А. үкі
В. қарға
С. шегіртке
Д. жарқанат

19. Адамда неше жұп қабырға болады?
А. 14 жұп
В. 32 жұп
С. 12 жұп
Д. 10 жұп

20. Жүрек ауруын емдейтін дәрігерді қандай маман дейді?
А. терапевт
В. педиатр
С. психолог
Д. Кардиолог

 

 

Математика 4- сынып




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 25 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Дүниетану 4- сынып | Бұлт: өспейді, тумайды, қозғалмайды, қоректенбейді, өлмейді. | Дүниетану пәні бойынша тапсырмалар | Оның ағзасына күш-қуат керек. Жараның жазылуына қажет күш-қуат қайдан келеді? | Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған? | Мұрын -бұл | Бұл металл қызыл түсті, жұмсақ, электр тоғын жақсы өткізеді | МАТЕМАТИКА | БИОЛОГИЯ | БИОЛОГИЯ |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав