Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  3. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  4. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  5. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  9. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.

9. Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:

(а) ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;

(b) ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін;

және

(c) ұйымның ХҚЕС-на сәйкес баланста танылмаған қаржыларын шолу.

10. Көптеген қаржы есептiлiгiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi есептер және, әсiресе қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты ресми бюллетендер ұсынады. Қаржы есептілігінің шегінен тыс ұсынылатын есептер мен ресми бюллетендер Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында қолдану аясына кірмейді.

АНЫҚТАМАЛАР

11. Осы Стандартта келесі терминдер мынадай мәндерде пайдаланылады:

Практикалық мүмкін еместігі - Қандай да болсын талапты қолдану, ұйым, бұл үшін ақылға қонымды күш-жігердің барлығын пайдалана отырып, қалай болғанда да оны қолдана алмаған жағдайда, іс жүзінде мүмкін болмайды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) - бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер. Олар мыналарды қамтиды:

(а) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS);

(b) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІAS);

Және

С) Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрынғы Түсіндіру жөніндегі тұрақты комитет шығарған түсіндірмелер (SIC).

Мәнділік - Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады. Мәнділік қосымша мән-жайлар контексінде бағаланатын нақты қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Тиісті баптың не соның және басқасының ұштасуының не мөлшері, соның не басқасының ұштасуы не сипаты шешуші фактор болуы мүмкін.

Ескертулерде - балансқа, пайдалар мен залалдар туралы есепке, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепке және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепке қосымша ұсынылатын ақпарат болады. Ескертулерде қаржы есептілігінде ашып көрсетілген баптардың баяндалған сипаттамалары немесе оларды неғұрлым толығырақ талдау, сондай-ақ қаржы есептілігінде тану өлшемдеріне сай келмейтін баптар туралы ақпарат келтіріледі.

12. Осы нақты қалдырып кету немесе бұрмалау пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал ете ала ма, және, сөйтіп, елеулі болуы мүмкін бе деген мәселені бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерделеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну принциптерінде», 25-параграф: «пайдаланушылардың іскерлік және зкономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі бар және ұсынылған ақпаратты тиісті ынтамен зерделеуге әзір екендігі болжанады» делінген. Сөйтіп, осы бағалауды жүргізген кезде осындай өзіне тән қасиеттерге ие пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде ықпалға ұшырауы мүмкін болатындығын қалай күту дұрыс екендігін ескеру қажет.

ЖАЛПЫ ҰҒЫНЫМДАР

Әділ ұсыну және Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік

13. Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс. Адал ұсыну операциялардың, «Принциптерде» айтылған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар үшін тану анықтамалары мен белгілеріне сәйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын, қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану адал ұсыну міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға жетектейді деп көзделеді.

14. Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.

15. Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік адал ұсынуға жеткізеді. Адал ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:

(а) 8- «Есеп саясаты, есеп айырысу бағаларындағы өзгерістер және қателіктер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 ІAS Халықаралық стандартында ұйым басшылығы үшін нақты бапқа қолданылған стандарт немесе түсініктеме болмаған жағдайға есептелген ресми тәлімдердің толық жиынтығы айтылған.

(b) мәнді, сенімді, салыстырмалы және түсінікті ақпарат қалыптастыруға келтіретіндей тәсілмен есеп саясатын қоса, ақпаратты ұсыну;

(с) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының тиісті талаптарын сақтау нақты операциялардың, басқа оқиғалар мен жағдайлардың ұйымның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелеріне ықпалын пайдаланушылардың түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ақпараттың қосымша ашып көрсетілуін қамтамасыз ету.

16. Сәйкес келмейтін есеп саясаты қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе басқа түсіндірме материалдармен де өтелмейді.

17. Ұйым басшылығы тиісті Халықаралық стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптары жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым, егер тиісті нормативтік актілер бойынша осылайша бас тарту талап етілсе немесе оған тыйым салынбаса, 18-параграфта сипатталған тәсілді пайдаланып, ондай талапты пайдаланудан бас таруға міндетті.

18. Ұйым 17-параграфқа сәйкес жекелеген стандарт немесе түсіндірме талаптарынан ауытқыса, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а) ұйымның басшылығы қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы нәтижелерін және ақшалай қаражаттардың қозғалысын адал ұсынды деген қорытындыға келсе;

(b) адал ұсынуға жету мақсаттарында нақты талаптардан ауытқуды қоспағанда, ол қолданылатын Халықаралық стандарттарды және Түсіндірмелерді сақтаса;

(с) ұйым ауытқыған Стандарттың немесе Түсіндірменің атауы, осы Стандартқа немесе Түсіндірмеге талап етілуі мүмкін есептеу тәртібін қоса, ауытқу сипаты, осы мән-жайларда есептеу тәртібінің жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатын себеп;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Және | Және | Алған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс. | Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат | Және | Және | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав