Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы

Қызба сипатталады://

термогенез бұзылуымен //

термореттеу механизмдерінің қайта құрылуымен (өзгеруімен) //

термореттеу орталығына экзогендік пирогендердің ісер етуімен //

тотығу және фосфорлану қатынастарының күшеюімен //

термореттеудің төмен деңгейге ауысуымен

***

Біріншілік пирогендердің ішіндегі пирогендік белсенділігі өте жоғарысын атаңыз://

бөгде текті нәруыздар//

мукополисахаридтер//

липополисахаридтер//

фосфолипидтер//

липопротеиндер

***

Тәжірибеде дене температурасын көтері үшін тироксинді, адреналинді немесе динитрофенолды бұлшықетке енгізеді, жануарды термобаняда ұстайды, немесе гемолитикалық стрептококк культурасының фильтратын көктамырға енгізеді. Шынайы қызба көрсетілгеннің қайсысын енгізгенде туындайды://

тироксинді//

адреналинді//

динитрофенолды//

термобаняда ұстағанда//

гемолитикалық стрептококк культурасының фильтратын

***

Екіншілік эндогендік пирогендер негізінен осылармен өндіріледі: //

тромбоциттермен//

эозинофилдармен//

фибробласттармен//

нейтрофилдермен, моноциттермен//

мес жасушалармен, базофилдермен

***

Лейкоцитарлық пироген әсер етеді: //

гипофизге//

гипоталамусқа//

сопақша миға//

лимбиялық құрылымдарға//

перифериялық терморецепторларға

***

Гипоталамустың термореттеуші орталығындағы нейрондарда екіншілік пирогендердің әсерінен келесі өзгерістер туындайды://

IL 1 түзілуі артады//

цАМФ түзілуі күшейеді//

«жылулық» нейрондардың қозымдылығы артады//

«салқындық» нейрондар қозымдылығы төмендейді//

простагландиндер Е түзілуі әлсірейді

***

Қызбаның stadium fastigii байқалады://

дене температурасының көтерілуі//

температураның нормаға дейін түсуі//

жылу өндіру механизмдерінің тежелуі//

температураның жоғары деңгейде сақталуы//

жылу өндіруден жылуды сыртқа бөлудің басым болуы

***

Қызбаның 1 сатысында температура жоғарылауында маңызды: //

жылуды сыртқа шығарудың күшеюі, жылу өндірудің азаюы//

жылуды сыртқа шығару өзгермегенде, жылу өндірудің күшеюі//

жылуды өндіру өзгермеген жағдайда, жылуды сыртқа шығарудың азаюы//

жылуды өндірудің күшеюі, жылуды сыртқа шығарудың азаюы//

жылуды өндіру мен жылуды сыртқа шығару арасында тепе теңдіктің сақталуы

***

Бейинфекциялық қызба дамиды://

тиреоидты гормондардың гиперпродукциясында//

қатерлі өспелпрде//

экзогендік қызып кетуде//

сепсистік шокта//

ЖИТС-те

***

Қызбаның 2 сатысына тән жылулық баланс сипатталады://

жылу өндірілуі қалыпты болып, жылуды сыртқа шығарудың күшеюімен//

жылу өндірілуіне қарағанда, жылуды сыртқа шығарудың басым болуымен//

жылуды сыртқа шығаруға қарағанда, жылу өндірілуінің басым болуымен//

жылу сыртқа шығару қалыпты болып, жылу өндірілуінің жоғарылауымен//

жылуды сыртқа бөлу мен жылу өндірілуінің теңесуімен

***

Тәжірибеде бактериялық пирогенді жануарға вена ішіне енгізгенде байқалады://

фагоциттердің активациясы//

қанда лейкоциттер санының тұрақты азаюы//

лейкоциттердің тамыр кемеріне шеткі тұруының тежелуі//

лейкоциттерден екіншілік пирогендердің босауы//

«жылулық» нейрондар қозымдылығының артуы

***

Қызбаның 3 сатысында байқалады://

эндогенді пирогендердің тым көп түзілуі//

пирогендік цитокиндер өндірілуінің төмендеуі//

простагландин Е2 түзілуінің жоғарылауы//

цАМФ түзілуінің жоғарылауы //

зат алмасудың күшеюі

***

Қызба кезінде субфебрильді (шамалы) деп дене температурасының осындай градусқа жоғарылауын айтады://

38,00С//

39,00С//

40,00С//

41,00С//

42,00 С және жоғары

***

Тұрақты (febris continua) қызба кезіндегі дене температурасының тәулік ішінде ауытқуы://

10С-тан аспайды //

1,5-2,00С//

2-30С//

3-50С//

50С және жоғары

***

Науқас 38 жаста, оңжақтағы 6-ншы жоғарғы тісін алдырған. Бір тәуліктен соң аузынан жағымсыз шірік иіс сезіледі және оңжақ беті мен мойны ісініп кеткен, түсі қарайған. Дене температурасы 37,50С тен 41,20С аралығында ауытқиды. Температурасының тәуліктік ауытқуында ешқандай заңдылық жоқ. Қызбаның осы түрі қандай ауруға тән://

сепсиске//

безгекке//

тонзиллитке//

экссудатты плевритке//

ішсүзек және бөртпесүзекке

***

Қызба кезіндегі көмірсу алмасуының өзгерістері сипатталады://

бауырда гликогенез күшеюімен//

бауырда гликогенолиз күшеюімен//

глюкозаға мембрана өткізгіштігінің артуымен//

глюкозаның тотығуының тежелуімен//

гликолиздің тежелуімен

***

Қызба кезіндегі май алмасуының бұзылыстары сипатталады://

кетогенездің жоғарылуымен//

май қорларында майдың көптеп жиналуымен//

қанда липидтердің мөлшерінің азаюымен//

липидтердің асқын тотығуының төмендеуімен//

липолиздің төмендеуімен

***

Қызба кезіндегі тахикардия осының салдарынан дамиды://

тиреоидты гормондардың өндірілуі азаюынан//

солжақ қарынша миокардына жылы қанның әсерінен //

парасимпатикалық нерв жүйесінің тонусының жоғарылауынан//

синусты түйіннің спонтанды диастолалық деполяризациясының күшеюінен//

жылы қанның перифериялық термосезімтал рецепторларға әсерінен

***

Қызбаның организмге теріс әсері осыған негізделген://

фагоцитоз белсендірілуімен//

дене температурасының лизистік төмендеуімен//

дене температурасы динамикасының гектикалық болуымен//

бауырдың антитоксикалық функциясының күшеюімен//

интерферон өндірілуінің күшеюімен

***

Пациент іріңді қақырықпен жөтелуіне, көкірек тұсының ауыратынына, шағымданады. Тахипноэ байқалады. Аускультацияда – оңжақ өкпе тұсының төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Дене температурасы 5 күн бойы 38,8-39,20С аралығында болған. Қызбаның осы түрінің этиотропты еміне жатады://

қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер//

қабынуға қарсы стероидтық дәрілер//

антибиотиктер//

пирогенал//

аспирин

***

Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»

Инфекциялық процесс- бұл://

ауру//

аурудың асқынуы//

биологиялық көрініс//

патологиялық реакция//

типтік патологиялық процесс

***

Эндотоксиндер осының негізгі құрылымдық құрамбөліктері болып саналады://

рибосоманың грам теріс бактериялары//

жасуша ядросының грам теріс бактериялары//

цитоплазманың грам теріс бактериялары//

митохондрияның грам теріс бактериялары//

грам теріс бактерияларының сыртқы мембранасы

***

Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 1-ші кезеңінде байқалады://

жасуша цитоплазмасына токсиннің жылжуы//

жасушалардың арнайы рецепторларымен токсиннің өзара әрекеттесуі//

токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі//

токсин-рецепторлық кешеннің ивагинациялануы мен везикуляциялануы//

токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы

***

Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 2-ші кезеңінде (интернализациясының) байқалады://

нысана-жасуша некрозға ұшырайды//

токсин жасуша цитоплазмасына жылжиды//

токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы//

токсиннің рецепторлық бөлімінің жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуі//

токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі

***

Инфекциялық процесс, дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды атаңыз://

жас шамасы//

тұқымқуалаушылық//

қосасрлас аурулары//

әлеуметтік және психогендік фактортар//

эндокрин және нерв жүйелерінің күйі

***

Инфекциялық аурулар кезіндегі иммундық аутоагрессиялардың пайда болуының себебі болып саналады://

микроорганизм және оның егесінің антигендерінің ұқсастығы//

гисто-гематикалық өткізгіштіктің төмендеуі//

организм – егесіндегі микроорганизмдердің жаппай өлуі//

жергілікті иммунитеттің механизмдерінің тиімділігінің жоғарылауы//

иммундық жауаптың микроорганизмдермен қалыптасуының бөгелуі

***

Инфекциялық аурулардың толығымен сауығуы ең алдымен, осыны туындатады://

бациллотасымалдаушылардың дамуымен//

қоздырғыштарды организмнен алып тастаумен//

аурудың субклиникалық түрлерінің дамуы//

аурудың қалған белгілерінің сақталуы//

әлсіз және қысқа уақыттық иммунитеттің қалыптасуы

***

Комменсализм – бұл://

қоздырғыштың қасиеті//

инфекциялық процестің бір түрі//

микроорганизмнің эндотоксин бөлу қабілеті//

макро- және микроорганизмнің симбиозы//

жергілікті иммунитет сипаты

***

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан организмнің спецификалық қорғанысына жатады: //

микроорганизмдердің фагоцитозы//

рефлекторлық қорғаныс реакциясы//

жасушалық иммунитеттің дамуы//

гуморальді бактерицидтік механизмдер//

тері және сілемейлі қабаттардың бактерицидтік факторлары

***

Пациент, 9 жаста, кенеттен ауырып қалды. Бірденнен дене температурасы 38,50С дейін көтерілген, бұлшықеттерінің, басының ауыруы, жалпы әлсіздік мазалайды. Келесі күні құрғақ жөтел мен тамағының ашытуы байқалған. Тағамға тәбеті жоқ. Осындай симптомдар сыныбындағы бірнеше оқушыларда байқалған. Бұл инфекциялық аурудың этиотропты еміне жатады://

иммунотерапия//

қызуды басатын терапия//

вирустарға қарсы терапия//

дезинтоксикациялық терапия//

қабынуға қарсы ем

***

Тақырыбы «Сепсис патофизиологиясы»

Сепсистің ең жиі себебі://

протозойлық инфекция//

клостридиальды анаэробтар//

грам-теріс флора //

грамм-оң флора//

спецификалық инфекциялық қоздырғыштар//

***

Сепсиске тән://

спонтанды сауығу//

қабынулық процестің циклды болуы//

қоздырғыштың қайта гематогенді диссеминациясы//

жергілікті инфекциялық-қабынулық ошақтың болмауы//

организмде зақымданған тіндер ауқымды болғанда дамуы

***

Сепсис дамығанда инфекцияның алғашқы локустары://

аяқ-қолдардың жұмсақ тіндері//

жүйке жүйесінің тіндері//

жүрек бұлшық еті//

көкбауыр//

өкпе

***

Сепсистің инфекциялық емес ынталандырушыларына жатады://

микозды токсин //

протозой токсині //

ишемиялық токсин //

іш сүзегі токсині//

менингококктық токсин

***

Сепсис патогенезіндегі басты тізбек://

бактериемияның дамуы//

дисбактериоз қалыптасуы//

инфекциялардың алғашқы локустарының болуы//

жауап қайтару реакцияларының қорғаушы механизмдердің бұзылуы//

тіндердің тікелей зақымдалуы механизмдердің белсенділенуі

***

Инфекциялардың гематогендік таралуы байланысты //

тамырлар эндотелиі зақымдалуымен//

инфекциялық ошақта микроорганизмдердің қарқынды көбеюіне //

алғашқы сепсистік ошақтың болуына//

көпағзалық жеткіліксіздіктің қалыптасуына//

бактериялардың өте үлкен инфекциялайтын мөлшеріне

***

Алғашқы миокардиальді депрессияны, тромбоциттер агрегациясын, өспелер некрозын, гипергликемиялық әсерді,гипотензия мен шокты шақырады://

өспелер некрозы фаткоры-альфа//

интерлейкин-18//

Е2 простагландині//

гистамин//

брадикинин

***

Сепсис кезінде сепсистік шок жиі дамиды, егер ол шақырылса//

грамм-оң бактериялармен//

грамм-теріс бактериялармен//

іш сүзегін дамытатын таяқшамен//

хламидиялық инфекциямен//

вирусты инфекциямен

***

Сепсис кезінде өлімнің негізгі себебі://

бактериемия//

иммунодепрессия//

ішектік флораның транслокациясы//

көпағзалық жеткіліксіздік //

организмнің бейспецификалық қорғану механизмдерінң төмендеуі

***

Сепсис кезінде мононуклеарлы фагоциттердің бақылаусыз белсендірілуінен дамиды://

комплемент және гемостаз жүйесінің тежелуі//

арахидон қышқылы метаболизмінің тежелуі//

липидтердің асқын тотығуының тежелуі//

организмнің бейспецификалық резистенттілігінің артуы//

қабынулық цитокиндер өндірілуінің жоғарылауы

***

Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»

Өспелік жасушалар шексіз және қабатталып бөлінеді, өйткені оларда://

тез қартаю байқалады//

адгезиялық қасиеттері айқын//

Хейфлик лимиті төмен//

эндокриндік реттелуі басым//

митоздық оралым толығымен тежелген

***

Биопсиялық материалды жарық оптикалық деңгейде тексергенде – жасушалардың, ядро және ядрошықтардың полиморфизмі, полиплоидия, ядролардың басым болуымен көрінетін ядролық-цитоплазмалық индекстің өзгеруі, көптеген митоздардың пайда болуы анықталған. Тін өсуінің патологияларының осы типтік түріне тән://

теломеразаның тежелуі //

аутокриндік реттелу //

(G0) тыныштық фазада болуы //

кейлондардың көп болуы //

гистондардың көп болуы

***

Өспе кезінде көбею атипизмінің мәні://

өспе өсуінің салыстырмалы тәуелсіздігінде //

жасушалардың антигенді детерминанталарының өзгеруінде //

жасушалар жетілуі жылдамдауында //

жасушалар түрі мен өлшемдері өзгеруінде //

жасушаларда зат алмасу бұзылыстарында //

***

Өспелік тіннің дифференциациялану деңгейінің төмендеуі, құрылымдық-химиялық құрамының қарапайымдалуы осылай аталады://

реверсия//

дисплазия//

дивергенция//

метаплазия//

анаплазия
***

Өспелерде "субстратты қақпан" феноменінің мәні://

онконәруыздардың қарқынды түзілуі//

түрлі өспелердегі жасушалардың изоферменттік қарапайымдануы //

қаннан глюкоза, азот, холестеринді қармауы//

өспелік жасушалардан қанға глюкоза, азот, холестериннің бөлінуінің күшеюі //

өспелік жасушаларда тотығу субстраттарының күшейтілген катаболизмі

***

Науқасқа бір жыл бұрын өкпенің ірі жасушалық обыры бойынша радикалды хирургиялық операция жасалған және химиотерапия қабылдаған. Науқас солжақ бұғана астылық лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Лимфа түйіндерін биопсия жасағанда морфологиясы өкпе обырына ұқсас жасушалар анықталды. Бұл феномен түсіндіріледі://

өкпе обырының рецидивімен//

өкпе обырының метастаздануымен//

лимфогранулематоз дамуымен//

лимфангит дамуымен //

лимфома дамуымен

***

Өспелердің антигендік атипиясына жатады://

Варбург әсері //

Пастердің теріс нәтижесі//

гисто сәйкестіктің басты нәруыздары түзілуінің артуы//

эмбриоспецификалық нәруыздардың синтезделуі//

субстратты қақпа феномені

***

Науқас 55 жаста, шахтер. Жалпы әлсіздікке, азып кетуіне, даусының өзгеруіне, тыныс алуының қиындауына, жөтелетініне шағымданады. Науқас 40 жыл бойы темекі тартады. Ларингоскопияда жұтқыншақта дауыс байламданында бөртпелік жаралар анықталды. Мойнындағы лимфа түйіндер ұлғайған. Тіндік өсу патологияларының осы типтік түрінің негізгі басты белгісін атаңыз://

организмге жүйелік әсер ету//

инфильтративті өсу//

метастаздану//

аурудың қайтадан өршуі (рецидив)//

кахексия

***

Өспелер метастаздануының екінші сатысында байқалады://

тамырлар арқылы жасушалардың тасымалдануы//

өспелік жасушалардың тіндерге имплантациясы//

өспелік жасушалар тобының біріншілік ошақтан ажырауы//

өспелік жасушалардың тамыр кемеріне бекуі//

өспелік жасушалардың тамыр арнасынан шығуы

***

Өспелік прогрессия осыны туындатады://

жасушалардың саралануын //

өспелердің қатерлілігінің жоғарылауын //

өспелік жасушалардың онкогендерінің тежелуін //

жасушалар бөлінуінің жоғарғы шегінің бұрынғы қалпына келуін //

антибластомдық төзімділік тетіктерінің белсенуін

***

Пациентте асқазан обыры дамыған, салмағының азаюы, майлы және бұлшықеттік тіндердік азаюы байқалады. Бұл паранеопластикалық процесс байланысты://

өспелік жасушалардың басқа ағзаларға тасымалдануымен//

организмнің жалпы әлсіреуімен және зорығуымен//

бір типті жасушалардың басқа типтіге айналуымен//

кесіп тастағаннан жерде өспенің қайта дамуымен//

өспе жасушаларының қоршаған тіндерге енуімен

***

Канцерогендердің қасиеттері://

апоптозға ұшырайды //

жасуша геномына әсер етеді //

жасушаларға әсері қайтымды //

тіндік тынысты белсендіреді //

ДНҚ репарациясын қолдайды

***

Экзогенді канцерогендер тобына жатады: //

триптофан//

холестерин//

3,4-бензпирен//

бос радикалдар//

гормондардың көп мөлшері

***

Эндогенді канцерогендерге жатады://

нитрозаминдер //

аминоазот қосындылары//

қарапайым химиялық қосылыстар//

оттектің бос радикалдары//

полициклдық ароматты көмірсутектер

***

Беркитт лимфомасы дамуын осы теория арқылы түсіндіруге болады://

вирусты-генетикалық//

химиялық канцерогенез//

физикалық бластомогенез//

иммунологиялық бақылау//

эндогендік канцерогендер

***

Өспе дамуының негізінде жатыр://

ДНҚ зақымдануы//

жыныстық жасушалардың мутациясы //

антионкогендердің белсенуі //

ДНҚ репарация гендерінің белсенуі//

организмнің иммундық серпілістерінің тежелуі

***

Канцерогенез сатыларының бірізділігі: //

прогрессия, инициация, промоция//

промоция, прогрессия, инициация//

промоция, инициация, прогрессия//

инициация, промоция, прогрессия//

инициация, прогрессия, промоция

***

Инициация сатысы сипатталады: //

өспелер өсу жылдамдығының ұлғаюымен//

өспелік жасушалардың метастаздануымен//

сау жасушаның өспелік жасушаға трансформациялануымен//

біріншілік өспелік түйіндердің пайда болуымен//

антибластомды резистенттіліктің тежелуімен

***

Өспе дамуындағы жасырын кезеңнің болуы осыған байланысты://

баяу өсетін жасуша түрлерінің басым болуына //

коканцерогенді факторлардың әсерінің күшеюіне //

өспелік жасушалардың генотипінің жылдам өзгеруіне //

өспеге қарсы қорғаныстық механизмдердің тежелуіне //

промоторлардың трансформацияланған жасушаларға әсер етуіне

***

Промоция сатысында байқалады: //

латентті жағдайдағы, өзгерген жасушалардың ынталандырылуы //

жасушалардың аса қатерлі клондарының пайда болуы //

жасушалар бөлінуін реттейтін гендердің мутациясы //

өспенің метастаздануы //

өспелердің қайталануы

***

Науқасқа бір жыл бұрын асқазанның пилорикалық бөлігінің аденокарциномасы бойынша ота жасалғанда аналық безінде метастаздар анықталған – Крукенберг метастазы. Науқастағы асқазан обырының ең ықтимал метастаздану жолы://

гематогендік//

лимфогендік//

периневральдік//

имплантациялық//

интраканаликулярлы

***

Промоция сатысының аяқталуы саналады://

кахексияның дамуы//

өспелердің қайталануы//

өспенің метастаздануы//

біріншілікті ісіктік түйіндердің түзілуі//

қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналуы

***

Асқазан обыры бойынша ота жасатқан науқаста 9 ай өткен соң, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, салмағының азаюы, оңжақ қабырға астының ауыруы, құсу пайда болған. Бауырды зерттегенде көлемді өспе анықталған, қан құрамында альфа-фетопротеин және обырлық-эмбриональді антиген деңгейі жоғарылаған. Канцерогенездің осы сатысының дамуына ықпал етеді://

өспелік жасушаларда апоптоздың күшеюі //

тіршілікке қабілеті төмен жасушалардың жиналуы //

ісік жасушалары жасушалық геномының тұрақсыздығы //

жасуша саралануын ынталандыратын факторлардың әсерленуі //

организмнің реттеуші әсерлеріне тәуелді жасушалардың басым болуы

***

Онкоген концепциясына сәйкес протоонкогендер - бұл://

жасушаның бөлінуін тежейтін гендер //

зақымданған ДНҚ репарация гендері //

жасуша саралануы мен өсуінің гендері //

жасуша өлімін бағдарлайтын гендер //

жасушаның митоздануын тежейтін гендер

***

Қалыпты жасушаның ісік жасушаларына айналуының негізінде жатыр://

белсенді онкогеннің түзілуі //

апоптоз механизмдерінің белсенуі //

антибластомдық резистенттіліктің белсенуі //

жасуша бөлінуіндегі супрессор гендердің белсенуі //

ДНҚ репарациясы ферменттерінің түзілуінің жоғарылауы

***

Протонкогендердің белсенуінің және олардың онкогендерге айналуының негізінде жатыр: //

өсу факторларының түзілуінің төмендеуі//

антиапоптозды гендердің инактивациясы//

супрессорлық – гендердің инактивациясы//

апоптоз механизмдерінің белсенуі//

мутация

***

Онконәруыздардың әсерінен жасушалар://

бөлінуін тоқтатады//

р-53 нәруыз-супрессорын түзе бастайды//

бөлінудің аутокриндік реттелу түрін жоғалтады//

сыртқы өсу факторларының әсерінен бөліне бастайды//

олардың бөлінуін реттеуші әсерлерге сезімталдығы жойылады

***

BRCA-I, АРС, NF-1, Rb, p16, p21-гендерінің инактивациялануы әсерінен://

апоптоз белсенеді//

транспозондар көбейеді//

жасушаның бөлінуі тежеледі//

жасушалардың жетілуі тежеледі//

жасушалар бақылаусыз, ретсіз бөлінеді

***

Сүт безі обырымен ауыратын науқастарда P 53 генінің бұзылыстары бір аллелдің мутациясымен және басқасының бөліктерінің делециясымен көрінеді. Өспе кезінде р-53-тің қызметтік инактивациясы және мутациясы осыған алып келеді://

апоптоз механизмдерінің тежелуіне //

промоторлардың қызметінің тежелуіне //

онконәруыздардың түзілуінің тежелуіне //

жасушаларда протоонкогендер санының көбеюіне//

супрессорлық – гендердің белсенуіне

***

Науқас С., 43 жаста, аналық бездің стромалық өспесі дамыған. Гормональді ем тиімсіз болған. Өспелердің дәрілік заттарға резистенттілігін түсіндіріңіз://

жасушаларда көптеген дәрілерге тұрақтылықтың активациясы//

жасушаларда спецификалық гормон-байланыстырушы рецептордың артуы//

жасушаларда өсу факторларының азаюы//

митоген тәуелді ферменттің азаюы//

сигнальді жолдардың тежелуі

***

Өспелік жасушалардың өсуіне ықпал етеді://

апоптоз механизмдерінің күшеюі//

өспелерді некроздаушы альфа факторлардың артық өндірілуі//
өспелік жасушалардыңантигендік қасиетінің айқын болмауы//

жасушалардың саралануының күшеюі//
табиғи киллерлердің белсендірілуі

***

Науқас 48 жаста 3 жыл бұрын құрамы гиперплазиялы эпителиден тұратын тікішектің аденоматозды полипі алынып тасталған. Науқас қантты диабеттің 2 типімен ауырады. Қазірге кезде көлемі 5х5 см полип тәріздес өспе анықталған. Биопсия жасағаннан соң қан кету байқалды. Өспе алынып тасталды. Гистологиялық зерттеуде қатерлі өспе аймақтары анықталды. Бұл жағдайдағы өспе алдалық ауруға жатады://

полип//

қанкетулер//

тік ішектің обыры//

2 типті қантты диабет//

тікішектің эпителийінің гиперплазиясы

***

Антицеллюлярлық механизмдер осыған бағытталған://

зақымданған ДНҚ-ның репарациясына//

апоптоз механизмінің белсенуіне//

ісік жасушаларын жоюға//

канцерогендердің жасушалармен өзара әрекетесуін тежеуге//

қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналуын тежеуге

***

12 жыл бойы анилиндік бояулармен жұмыс істеген, бояу цехында қызмет атқаратын жұмысшы зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болатынына және зәрмен қан шығатынына шағымданады. Тексергенде қуығында папиллярлық рак дамығаны анықталды. Қуықта рак пайда болуына ықпал ететін этиологиялық фактор осы топқа жатады://

химиялық органикалық канцерогендер//

химиялық неорганикалық канцерогендер//

химиялық нағыз канцерогендер//

механикалық канцерогендер//

физикалық канцерогендер

***

Науқас жалпы әлсіздікке, бірден азып кеткеніне, тыныс алуының қиындауына, жөтелге, қан түкіруіне, кеуде тұсының ауыратынына шағымданады. Кеудесінің солжақ тұсы ішке қарай кірген, мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Қан талдамасында ауыр дәрежелі анемия, гипопротеинемия. Диагноз солжақ өкпенің обыры. Осы симптомдар науқаста канцерогенездің келесі сатысы дамығанын айғақтайды://

промоция//

инициация//

прогрессия//

амплификация//

трансформация

***

Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»

Поллиноздардың себебін атаңыз://

антибиотиктер//

тұрмыстық үй тозаңы//

арам шөптердің тозаңы//

төсектегі микрокенелер//

эпидермалық аллергендер

***

Келесі заттекті егу арқылы активті сенсибилизацияны шақыруға болады://

антигендерді//

спецификалық антиденелерді//

сенсибилизацияланған лимфоцит-эффекторларды//

иммунды стимуляторларды//

иммунды депрессанттарды

***

Аутоиммунды ауруларды жататынын атаңыз://

поллиноз//

Артюс феномені//

сарысулық ауру//

ревматоидты артрит//

экзогенді аллергиялық альвеолит

***

Жүре пайда болған (екіншілікті) эндоаллергендер://

аталық бездер//

бас миы//

«тінмикроб» кешені//

қалқанша бездің коллоиды//

жұлынның сұр заты

***

Аллергия пайда болуына қолайлы әлеуметтік жағдайлар://

вакциналарды егулердің кең таралуы//

тұқым қуалауға бейімділік//

биологиялық тосқауылдар өткізгіштігінің жоғары болуы//

аллергия медиаторларын залалсыздандыру жүйесінің бұзылуы//

микроорганизмдер әсерінен нәруыз құрылымының өзгеруі

***

6. Ер адам орманда серуендеп жүргенде көз қабағының ісініп қызарып кеткенін және жас ағуын байқаған. Кейін мұрны бітіп қалған, тамағы қарлығып тынысы тарылған. Үйіне қайтып келгенде осы симптомдар сәл басылған. Бұл жағдай аллергиялық реакциялардың осы типі дамуымен байланысты://

реагиндік типі//

цитотоксикалық типі//

жасушамен-байланысты типі//

иммунды кешендік типі//

стимулдаушы типі

***

Организмге аллерген қайта енгенде алергиялық реакцияның 1 типі бойынша дамитын иммундық зақымданулардың терідегі көріністері ең ұзақ дегенде қанша уақытта байқалады://

15-20 мин//

6-8 сағ//

24-48 сағ//

3-7 тәул//

10-14 тәул

***

Аллергиялық рекцияның дереу дамитын түрінде міндетті түрде болады://

эндогенді аллергендер//

аллергияның жасушалық медиаторлары//

аллергияның гуморальді медиаторлары

айналымдағы бос антиденелердің//

сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

***

Науқас 28 жаста, ампициллинді бұлшықет ішіне енгізгеннен соң 30 минуттан кейін мазасыздық, басының ауруы, тыныс алуының қиындауы, денесіне бөртпелердің шығуы, қышуы пайда болған. Тексергенде: науқас есеңгіреген, терісінде күлдіреуік бөртпелер бар, салқын жабысқақ тер бөлінеді. Анамнезінде: 20 жасар шағында антибиотиктермен ем қабылдаған кезінде терісінде бөртпелер пайда болған. Осы аллергиялық реакцияның негізгі медиаторларын атаңыз://

плазмин, гепарин//

лимфокиндер, монокиндер//

гистамин, лейкотриендер//

тромбоксан А2, простациклин//

комплемент жүйесінің құрамбөліктері, каллидин

***

Дереу дамитын аллергиялық реакцияға жатады://

туберкулез//

квинке ісінуі//

жанамалы дерматит//

трансплантаттың ажырауы реакциясы//

инфекциялық-аллергиялық бронх демікпесі

***

Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты://

лейкотриендердің//

нейтрофильді лейкоциттердің//

айналымдағы бос антиденелердің//

сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің//

айналымдағы иммунды кешендердің

***

Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрлерінің негізгі медиаторлары://

лимфокиндер//

лейкотриендер//

комплемент жүйесінің компоненттері//

простагландиндер//

биогенді аминдер

***

Баяу дамитын аллергиялық серпілістерге жатады://

есекжем//

Квинке ісінуі//

сарысулық ауру//

бактериялық аллергия//

атопиялық бронхиалды демікпе

***

Организмнің сенсибилизациясы осы кезде дамиды://

бұлтты жасушалардың дегрануляциясы//

организмге гаптеннің енуі//

аллергия медиаторларының түзілуі//

аллерген алғаш түскенде//

организмге аллергендердің парентеральді енуі

***

Сенсибилизация жағдайына тән://

спецификалық иммуноглобулиндердің жоғарылауы//

Т-лимфоциттердің қызметінің тежелуі//

аллергия медиаторларының түзілуі//

аллергияның клиникалық көрінісі//

мес жасушалардың дегрануляциясы

***

Антидене жасушаның ажырамас бөлімі болып саналады://

аллергиялық реакцияның реагинді түрінде//

аллергиялық реакцияның ынталандырушы түрінде//

аллергиялық реакциянгың цитотоксикалық түрінде//

аллергиялық реакцияның иммунды кешендік түрінде//

жасушалық – байланысқан түрінде

***

Науқас Р., 10 жаста, тыныс алуының қиындауына, тұншығуына, өкпесінің сырылына шағымданады. Жөтелдің соңында ашық түсті қақырық түседі. Ұстамалары жусан гулдегенде туындайды. Осы аллергиялық реакцияның патогенезінің басты тізбегіндегі ең маңыздысы://

лимфокиндер//

иммуноглобулиндер Е//

комплемент жүйесінің компоненттері//

сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер//

IgG, IgM фракциясының преципитацияланушы антиденелері

***

Аяғының ашық жарақатымен түскен науқасқа екінші рет сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині енгізілген. 9-ыншы тәулікте науқаста қызба, тізе және иық буындарының таралған қышитын бөртпелері, ісінуі, ауырсынуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы пайда болған. Нақты қорытынды жасау үшін қанда осының деңгейін анықтау керек://

В-лимфоциттердің//

иммуноглобулин А - ның//

иммуноглобулин Е -нің //

преципитациялық IgG, IgM -нің //

сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің

***

Аллергиялық реакциялардың реагиндік типіндегі біріншілікті нысана- жасуша://

лимфоциттер//

нейтрофилдер//

мес жасуша//

эозинофил//

тромбоцит

***

Аллергиялық реакциялардың реагинді типінің I сатысында байқалады://

мес жасушалардың, нейтрофилдер және эозинофилдердің бірігуі//

Т-, В-лимфоциттер және макрофагтардың бірігуі//

спецификалық Т-лимфоцит-эффекторлар клонының түзілуі//

жасуша ішілік процестердің тежелуі//

мес жасушалардың активациясы

***

Науқасқа жергілікті анестезия жасағанда кенеттен бас айналуы, құрсақ тұсының қатьты ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. Объективті: науқас бозғылт, бетінде салқын жабысқақ тер бөлінеді. ТАЖ - 38 мин-1, АҚ - 80/40 мм сын.бағ., ЖЖЖ-110 мин-1, жіп тәрізді. Бұл аллергиялық реакцияның дамуы ең алдымен осының түзілуімен байланысты://

преципитиндер//

D классының иммуноглобулиндері//

G1,4 классының иммуноглобулиндері//

антигенпрезентациялаушы жасушалар

сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

***

Науқас ауқымды миокард инфаркты мен ауырған. Төрт аптадан соң науқаста жүрек тұсының ауырсынуы, перикард шуылы, плеврит, жоғары температура байқалады. Қан талдамасында эозинофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, антикардиальды антиденелер титрінің өсуі анықталды. Қойылған диагноз: «Инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)». Антикардиальды антиденелер түзілуін ескерсек, науқаста синдром дамуының негізіндегі аллергиялық реакциялардың типі://

реагиндік //

цитолиздік//

жасушамен байланысқан//

иммунды кешенді//

стимулдаушы

***

Цитотоксикалық немесе цитолиздік түрге жататын аллергиялық серпілістерде антиденелердің келесі түрлері түзіледі://

реагиндер//

преципитиндер//

сенсибилизацияланған лимфоциттер//

G 1-3 ииммуноглобулиндері //

А иммуноглобулиндері

***

Иммундық зақымданудың 2 типі бойынша дамитын ауруды атаңыз://

жанамалы дерматит//

жіті гломерулонефрит//

иммунды агранулоцитоз//

аллергиялық альвеолит//

анафилаксиялық шок

***

3 түрге жататын (иммундық-кешендік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері://

вирустар//

өсімдіктер тозаңы//

ерігіш нәруыздар//

жануарлар мен өсімдіктер тозаңы//

тіректік мембрананың өзгерген бөліктері

***

Иммундық зақымданудың 3 типі бойынша дамитын ауруды атаңыз://

бруцеллез//

агранулоцитоз//

гравис миастениясы //

сарысулық ауру //

атопиялық бронх демікпесі

***

27. Аллергологиялық анамнезі қалыпты адамға диагностикалық мақсатта құрамында йоды бар – урографин енгізілген. бұрын рентгенконтрасты препараттар қабылдамаған. Бірнеше минуттан кейін үрей сезімі, өлімге деген қорқыныш, бас айналуы, денесінің ысуы, жүрек тұсының ауруы, тынысының қиындауы байқалған. Терісі бозғылт, салқын тер бөлінеді, ЖЖЖ - 120 мин-1, АҚ 70/30 мм сын. бағ. Шынайы анафилаксиялық шокқа қарағанда бұл анафилактоидты реакцияның патогенезінде://

сенсибилизация сатысы болмайды//

мес жасушалардың дегрануляциясы болмайды//

препараттан дозаға тәуелді әсер дамымайды//

препаратты алғашқы енгізгенде реагиндер түзіледі//

«антиген-антидене» кешені жылдам түзіледі

***

Аллергиялық серпілістердің жасушалық байланысқан түріне осылардың пайда болуы тән://

сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің //

жартылай тіркелген антиденелердің//

тосқауылдайтын антиденелердің//

преципитиндердің//

реагиндердің

***

Атопиялық аурулар кезінде спецификалық антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін әдіс://

терілік сынама//

преципитация реакциясы//

комплементпен байланысу реакциясы//

радиоиммуносорбенттік тест//

полимеразды тізбектік реакция

***

Иммундық зақымданудың реагинді типі бойынша дамитын аллергиялық реакциялардың 1 сатысында маңызды жасуша://

нейтрофилдер//

тромбоциттер//

эозинофилдер//

Т-лимфоциттер//

Глиалық жасушалар

***

Аллергияның патохимиялық сатысы түсіндіріледі://

организм сезімталдығының жоғарылауымен//

аллергия медиаторларының бөлінуімен//

сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің жиналуымен//

организмнің аллергияға жауап беру реакциясымен//

иммуноглобулиндердің бөлінуімен

***

Патофизиологиялық саты сипатталады://

организм сенсибилизациясы дамуымен//

аллергия медиаторларының түзілуі және бөлінуімен//

аллергенмен қайта жанасқанда антиденелердің пайда болуымен//

ағзалар мен тіндердегі қызметтік және құрылымдық өзгерістермен//

нысана жасушалары беткейінде «аллергенантидене» кешенінің тіркелуімен

***

Науқасты үш жыл бойы сәуір айынан қырқүйек аралығында көз қабағының қышуы, жас ағуы, мұрын бітуі, түшкіру мазалайды. Қан талдамасында эозинофилдердің мөлшері жоғарылаған. Науқастың әкесі атопиялық бронх демікпесімен ауырады. Патогенездік тұрғыда науқасқа тағайындалатын ең тиімді ем://

цитостатикалық терапия//

иммунодепрессиялық терапия//

спецификалық гипосенсибилизация//

антибактериялық терапия//

витаминотерапия

***

Спецификалық гипосенсибилизацияның маңызы://

аллергия медиаторларының бейтарапталуында//

аллергендерге организм төзімділігі төмендеуінде//

айналымдағы бос антиденелердің титрі төмендеуінде//

организмнің спецификалық реактивтілігінің жоғарылауында//

тотальді иммундық депрессияда

***

Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады://

аллергеннің аз мөлшерін//

антигистаминдік дәрі-дәрмектерді//

G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді//

А.М.Безредко әдісімен сары суды//

аллергияны шақырған аллергенді

***

Тақырыбы: «Иммунопатология. ЖИТС-тің патофизиологиясы»

1. Брутон гипогаммаглобулинемия кезінде бұзылады://

фагоцитоз//

хемотаксис//

нейтрофилдердің адгезиясы //

иммундық жауаптың Т-типі //

иммундық жауаптың В-типі

***

2. Ди Джордж синдромы кезінде байқалады://

айырша безінің гипоплазиясы//

иммунды реакцияның гуморальды түрінің жоқ болуы//

қанда лимфоциттер санының көбеюі//

G иммуноглобулиннің жоғары деңгейі//

антиденелер дамуының күрт өсуі

***

3. 1 жасар нәрестеде жіті отит, пневмония. Пациенттің ағасы менингиттен қайтыс болған, немере ағасы – пневмониямен бронхитпен жиі ауырады. Зерттеу жүргізгенде Т-лимфоциттер саны қалыпты, В-лимфоциттер күрт төмендеген, А және М иммуноглобулиндер аз, гамма-глобулиндер күрт төмендеген. Науқастағы иммунды тапшылық жағдайында осының түзілуі тежеледі://

комплементтің//

гранулоциттердің//

Т – лимфоциттердің//

плазмалық жасушалардың//

иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінің

***

4. АИВ - тың негізгі нысанасы://

В-лимфоциттер//

Т-лимфоцит киллерлер//

Т-лимфоцит хелперлер (Th1)//

нейтрофилдер//

эозинофилдер

***

5. «Иесіне қарсы трансплантат» реакциясының дамуын қамтамасыз ететін трансплантацияланған тіннің жасушалары://

стромалық жасушалар//

организмнің аутоантигендері бар жасушалары//

тіндердегі иммунды жүйенің жасушалары//

трансплантацияланған ағзадағы қан жасушалары//

құрамында гисто сәйкестіктің басты кешенінің гендері бар жасуша

 

***

6. Екіншілік иммунды тапшылықты жағдай осы кезде жиі байқалады://

Квинке ісінулерінде//

жіті пиелонефритте//

сарысулық ауруларда//

гемолиздік анемияларда//

глюкокортикостероидтарды қабылдағанда

***

7. АИВ жұқтыру үшін жасушалардың беткейінде болуға тиісті://

HLA-молекула//

CD8-рецепторлар//

CD4-рецепторлар//

ИЛ-2-ге арнайы рецептор//

трансферринге рецепторлар

***

8. ЖИТС-ке тән://

инфекцияға қарсы иммунитеттің активациясы//

Т-лимфоцит хелперлер популяциясының артуы//

CD25 мембраналық рецептормен вирустың бекуі//

интерферондардың вирус репликациясын тежеуі//

Т-хелперлер-2 (Th2) тежелуі

***

9. Иммунологиялық бақылау факторларының әсерінен АИВ-тің алшақтауына мүмкіндік беретін механизм://

анти гуморальды АИВ-жауап төмендеген//

иесінің ДНК-на АИВ геномының интеграциясы болмауы//

вирусқа қарсы резистенттілік деңгейінің жоғарлауы//

Т-киллер белсенділігінің жоғарлауы//

gp 120 эпитопында АИВ мутациясы

***

10. ЖИТС-ң этиотропты емі ретінде қолданылады://

иммуномодуляторлар//

иммунодепрессанттар//

саңырауқұлақтарға қарсы препараттар//

бактерияларға қарсы препараттар//

АИВ транскриптазасының кері ингибиторлары

***

Тақырыбы: «Гипоксия»

1. Циркуляциялық гипоксия кезіндегі оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылық жоғарылауының патогенезінде маңызды://

қанағыстың жылдамдауы//

веналық қанның артериализациялануы //

қанда дезоксигемоглобин деғнейінің азаюы//

тіндердің оттегіні пайдалануының жоғарылауы//

оксигемоглобиннің қисық диссоциациясының солға ығысуы

***

2. Сыртқы дем алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінде дамитын гипоксия аталады://

тіндік//

қандық//

тыныстық//

гипоксиялық//

циркуляторлық

***

3. Гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының азаюы осы кезде байқалады://

ацидоз және гипокапнияда//

ацидоз және гиперкапнияда//

алкалозе және гиперкапнияда//

эритроциттерде 2,3-ДФГ азаюы және гиперкапния//

эритроциттерде 2,3-ДФГкөбеюі және гипокапния

***

4. Экзогенді гипобариялық гипоксия кезінде қанның газдық құрамына тән өзгерістері://

нормоксемия, гипокапния//

нормоксемия, гиперкапния//

гипоксемия, нормокапния//

гипоксемия, гиперкапния//

гипоксемия, гипокапния

***

5. Артериялық қанның О2 парциялды кернеуі - 62 мм. сын.бағ., артериялық қанның оттегінің гемоглобинге қанығуы - 68 %, артериялық қанның СО2 парциялды кернеуі - 52 мм. сын.бағ. тең болуы гипоксияның осы түріне тән://

гипоксияның тіндік түрі//

гипоксияның гемиялық түрі

гипоксияның циркуляторлы түрі//

гипоксияның тыныстық түрі//

гипоксияның аралас түрі

***

6. Митральді стенозбен ауыратын науқаста ентігу, цианоз, жайылымды ісінулер пайда болған. Тексергенде өкпесінде ылғал сырылдар естіледі, жүрек шекарасы ұлғайған, гепатомегалия, асцит. РаО2 71 мм сын.бағ., РаСО2 51 мм сын.бағ., РvО2 30 мм сын.бағ., О2 бойынша а/в айырмашылық 6,8 көл%. Алынған нәтижелер осы дамығанын айғақтайды://

гемдік гипоксия//

аралас гипоксия//

гипоксиялық гипоксия//

субстраттық гипоксия//

біріншілік тіндік гипоксия

***

7. Қанның оттегіге сиымдылығы қалыпты. Артериялық қандағы оттегі қалыпты, веналық қанда төмендеген. Артериялық қанның оттегімен қанығуы қалыпты, ал веналық қанда артерио-веналық айырмашылық жоғарылаған. Оттегілік баланстың осы көрсеткіштері тән://

тіндік гипоксияға//

гемдік гипоксияға //

гипоксиялық гипоксияға//

циркуляциялық гипоксияға //

жүктемелік гипоксияға

***

8. Науқас жалпы әлсіздікке, бас айналуына, иіс пен дәм сезінуінің бұрмалануына шағымданады. Тексергенде терісі бозғылт, тырнақтары қайырылған, шашы құрғақ, сынғыш. Қан талдамасында темір мөлшері төмендеген. Бұл жағдайда дамыған гипоксия осылай аталады://

гемдік және тіндік гипоксия//

гемдік және тыныстық гипоксия//

гипоксиялық және циркуляциялық гипоксия//

гипоксиялық және тыныстық гипоксия//

жүктемелік және субстратты гипоксия

***

9. Науқас стационарға ботулизмнің ауыр түрімен түскен. Диафрагма, құрсақ пресінің, қабырға аралық бұлшықеттердің парезі байқалады. Бұл ауруда ең бірінші гипоксияның қай түрі дамиды://

тіндік гипоксия//

тыныстық гипоксия//

циркуляциялық гипрксия//

гемдік, гипоксияның анемиялық түрі//

гемдік, гипоксияның сапасыздану түрі

***

10. Қанның оттегіге сиымдылығы төмендеуінің себебін атаңыз://

РаО2 төмендеуі//

РvО2 төмендеуі//

қанағыстың баяулауы//

полицитемиялық гиповолемия//

олигоцитемиялық гиперволемия

***

11. Науқас өрт болған жерден тұншықтырғыш газбен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Науқасты тексергенде анықталуы мүмкін://

карбгемоглобин, ҚОС азаюы, терісінің көкшіл түсті болуы //

карбоксигемоглобин, ҚОС азаюы, терісінің ашық қызыл түсті болуы//

карбоксигемоглобин, ҚОС азаюы, терісінің сұрғылт қара түсті болуы //

карбгемоглобин, ҚОС артуы, терісінің қанық қызыл түсті болуы //

метгемоглобин, ҚОС азаюы, қаны қоңыр түсті

***

12. Гемоглобиннің патологиялық түрлері түзілгенде байқалады://

қанның оттегілік көлемінің жоғарлауы//

оттегі бойынша жоғары артерио-веналық айырмашылық//

веналық қанда оттегі құрамының жоғарылауы//

көмір қышқыл газының парциалды қысымының төмендеуі//

гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі

***

13. Гемдік гипоксияны туындатады://
тауға шыққанда//

өкпе эмфиземасы//

кессондық жұмыстар//

темір тапшылығы//

синильді қышқылмен улану

***

14. Тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамиды://

тіндік гипоксия//

гемдік гипоксия//

тыныстық гипоксия//

циркуляциялық гипоксия//

гипоксияның жүктемелік түрі

***

15. Алкоголь суррогатын ішкен орта жастағы ер адам стационарға ес-түссіз жағдайда жедел-жәрдеммен жеткізілді. Тері және сілемейлі қабаттарының түсі өзгермеген. Қан анализінде: гемоглобин 145 г/л; эритроциттер саны 4,7х1012/л; қанның оттегіге сиымдылығы 20 көл%; артериялық қандағы оксигемоглобин 96%; веналық қандағы оксигемоглобин 80%. Осындай белгілер қай гипоксияға тән://

гипоксияның тіндік түріне//

гипоксияның гемиялық түріне//

гипоксияның циркуляторлы түріне//

гипоксияның тыныстық түріне //

аралас гипоксияға

***

16. Жасушаның гипоксиялық зақымдалуының патогенезінде маңызды://
фосфолипазаның тежелуі//
жасушада натрийдің азаюыя//

липидтік асқын тотықтың қарқындылығының азаюы//
мембрана-насостық жүйелердің жұмысының бұзылуы//

митохондрияларда кальций мөлшерінің азаюы

***

17. Гипоксияға жедел бейімделу механизмдеріне жатады://

миокард гипертрофиясы

сүйек кемігінің гиперплазиясы//

өкпе қан ағысының күшеюі//

митохондрилер санының жоғарлауы//




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 110 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Биіктік метеоризм| И грянул гром

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.222 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав