Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 2.

Тақырыбы: Биологияның даму тарихы.

Мақсаты: Биология ғылымының даму тарихымен таныстыру

Жоспары:

4. Биологияның даму тарихына қысқаша шолу жасау(ежелгі және орта ғасырлар, ХVIII және XIX ғасырлар, қазіргі кезең).

5. Биология ғылымдары жүйесінің қазіргі бағыттары

6. Биологияның қазіргі зерттеу әдістері мен заңдылықтары

Биологияның тарихы ежелгі мысыр мен грекияда, жерорта теңізі елдерінде басталған. Жануарлар мен өсімдіктер туралы білім негіздері Аристотель мен оның шәкірті Теофраст еңбектерінде салынған. Аристотелден жануарларға арналған шығармалар қалған, олар: «Жануарлардың бөліктері туралы» және «Жануарлардың тарихы». «Жануарлардың тууы туралы». Бұл жұмысында Аристотель жануарлардың көбеюі мен дамуы туралы мәселелерді қарастырған. Теофрасттың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабының маңызы өте зор, онда өсімдіктер қатысындағы мәндік қасиеттер негізінде анықтауды тұжырымдау қажеттілігі туралы Аристотелдің идеясы әрі қарай дамытылған.

Ғасырдың ортасында биологияның дамуы медицинаның дамуымен ұласты. Адам денесін ашуға тиым салынғандықтан, адамға жануарлар анатомиясы қолданылды: маймылдар немесе шошқалардың, бұл Галеннің анатомиясы болды. Адам анатомиясы алғаш рет 1543 жылы Везалия еңбектерінде сипатталған еді, бұл ұлы жаңалықтарға жол ашты.

XVII ғасырда микроскоптың ашылуымен байланысқан, зерттеудің тіпті де жаңа саласы қалыптаса бастады. Роберт Гуктің жариялаған бірқатар тірі және өлі табиғатты (тоз кесіндісі, бүрге, құмырсқа, тұз кристалдары т.б.) және де материалдық заттарды (иненің ұшы, ұстараның жүзі, кітаптағы нүкте т.б.) микроскоптың көмегімен бақылауды сипаттауға арналған «Микрография» трактаты, үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Брунфельс, Фукс және жабайы өсімдіктер туралы ертедегі басылымдардың басқа да авторлары өсімдіктер тіршілігінің кең ауқымды сипаттарына бастау салды.

Ынталы микроскопшылар - әуесқойлардың бірі Голландия қолөнершісі Антони ван Левенгук болды, ол өзі жасаған қарапайым микроскоптың көмегімен бақылау жасады және Лондон корольдік қоғамына жариялау үшін бақылау нәтижелерін жіберіп отырды. Левенгук бір қатар микроскоптық тірі заттарды (коловраткалар, инфузориялар, бактериялар), қызыл қан түйіршіктері, адам сперматозоидтарын сипаттап және суреттеуге қол жеткізе алды.

Бірте-бірте адамзат шөппен емдеу тәжірибесін жинақтай бастады. Ол білім жүйелеу жұмыстарын талап етті, сөйтіп, алғашқы шөппен емдеушілер мен өсімдіктерді алғаш рет жіктеуге деген талпыныс туындады, оның авторы Чезальпино (1583 г.) болды. 1628 жылы Уильям Гарвеей жануарлардың қан тамырлар жүйесінің құрылысы туралы алғашқы мәлімет алды, және қан айналысы туралы ілімнің негізі қаланды. Өз ілімінде ол гидравлика заңын- сұйықтардың физикалық қасиеттері туралы ғылымды пайдаланды. Ол кейінгі бағытта қан ағысы үшін кедергі жасайтын, көк тамыр қақпақшасын тапты, жүректің оң және сол қарыншаларының оқшаулығын көрсетті және кіші қан айналым шеңберін ашты. 1666-1675 жж. Өсімдік анатомиясы бойынша Гук пен Мальпиги жұмыстары пайда болды, олар өсімдік әлемін жүйелендіруге талпыныс жасады. Марчелло Мальпиги көптеген омыртқасыз жануарлардың ішкі құрылысын сипаттады және 1651 жылы қылтамырларды (капиллярларды) ашты. Джон Рей 18 мыңнан астам өсімдік түрлерін сипаттады, оларды 19 кластарға топтастырды.

XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында тірі әлемнің алуан
түрлілігі туралы ақпараттар саны көптеп жинақталды. Сол кезеңдегі ең маңызды оқиғалар - жануарлар мен өсімдіктер жүйеленімінің негізіне салынған, әдістемелік жаратылыс тарихының қалыптасуы болды. 1735 жылы Карл Линней жасанды жүйелендіру принциптері мен бинарлық номенклатураны әзірледі,онда, түрлер атауында оның туыстық және түрлік жақтары көрсетілуі тиістігі жорамалданды. Кельрейтер будандастыру бойынша тәжірибемен 1761 жылы өсімдіктерде жыныстардың болуын дәлелдеді. Джозеф Пристлидің 1766 жылғы оттегіні ашуы өсімдіктер физиологиясы ғылымына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді, онда өсімдік тіршілігіндегі оттегінің рөлін зерттеумен айналысуға және күн сәулесінің әсерінен органикалық еместен органикалық заттардың түзілу процесі - фотосинтезді ашумен айналысуға бастау болды.

Сенебъе 1782 жылы өсімдіктің жарықта көмірқышқыл газынан және судан органикалық затты синтездеуге және атмосфераға оттегіні белуге қабілеттілігін анықтады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында маңызы аса зор оқиғалардың қатарында, Жорж Кювье негізін салған палеонтологияның қалыптасуы, Шлейден мен Шванның жасушалық теориясының пайда болуы, салыстырмалы анатомия мен салыстырмалы эмбриологияның қалыптасуы, биогеографияның дамуы болды.

XVIII ғасырдың аяғында Спалланцани, организмдердің өздігінен жаралуы мүмкін еместігін дәлелдеді. XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында тірі ағзалардың тарихи даму идеясы батыл айтыла бастады. Натуралист Жан-Батист де Ламарк (1809 жылы) ғылыми қоғамдастыққа алғашқы эволюция теориясын ұсынды. 1809 жылы Ламарктің айтылған эволюциялық идеяларының ғұмыры ұзақ болмады, оны көптеген ғалымдар сынады. Ламаркизмді сынаушылардың қатарында салыстырмалы анатомия мен палеонтологияның негізін қалаушы Кювье де болды, 1812 жылы ол катастрофа (алапат) теориясын әзірледі. К.Вольф жэне К.М.Бэр өздерінің эмбриологиялық зерттеулерімен даму идеясын растады. Шлейден мен Шванның (1839) жасушалық теориясы органикалық әлемнің бірлігін түсінуде орасан зор рөл атқарды. Неміс биологы Август Вейсман (1834-1914) эксперимент' жолмен Ламарктің негізгі идеясының дұрыс еместігін дәлелдеді. Ол, тышқандардың бірнеше ұрпақтарының құйрығын кесіп тастады, бірақ олардың кейінгі тұқымдары үнемі құйрығымен туылып отырды. Вейсман 1883 жылы да, жыныс жасушалары - жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар сонау эмбрион кезеңінде салынатынын және кейіннен бүкіл өмір бойына өзгермейтінін дәлелдеп берді. Бұл ламаркизмге деген қатты соққы болды, өйткені онтогенездің барлық кезеңдерінде организмде жүретін, өзгерістердің келешек ұрпаққа беру мүмкіндігі жоққа шығарылды.

XIX ғасырдағы ең ірі жетістік Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі болды, ол туралы 1859 жылғы «Түрлердің шығуы» еңбегінде баяндалды. 1831 жылы Чарльз Дарвин "Бигль" әскери кемесімен табиғатты зерттеуге теңізге шықты, бұл жорық 5 жылға созылды. Саяхат кезінде ол өз жолында кездескен жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің үлгілерін жинап отырды, олардың шығу тегі туралы сұрақ көкейінен кетпеді. Саяхаттан қайтып оралғанына 20 жылдан астам уақыт өткеннен соң ғана өз теориясын жариялауға шешім қабылдады. Ол, эволюциялық теория биологияда оны күрестің алдыңғы шебіне шығаратынын сөзсіз білді де, бірақ жасаған қорытындылардың дұрыстығына алдымен өзінің көзін жеткізуге күш салды. Оның бұл сақтығы, осындай қорытындыға өз бетімен Дарвиннен белек Альфред Уоллестің келуіне әкелді; Егер, эволюция теориясын ашудағы Дарвиннің басымдылығын мойындаған Уоллестің парасаттылығы болмаса, қазірде бұл теорияның кімнің атын иемденетіні белгісіз еді. 1865 жылы Гр. Мендель тұқым қуалау заңын ашты, ол тіпті 1900 жылға дейін ескерілмей келді, одан кейін бірнеше ғалымдар оны қайта ашқанда, ғылымда жаңа -генетика ғылымы пайда болды. 1909 жылы Иогансен жаңа түсініктерді енгізді - ген, генотип, фенотип. 1910 жылы Т.Морган және оның шәкірттері тұқым қуалаудың хромосомдық теориясын әзірледі.

XX ғасырдың басында 'дәрумендерді (витаминдер) зерттеу басталды.
1920-1930 жылдары Ханс Кребс, Карл және Герти Кори көмірсулар метаболизмінің негізгі жолдарын сипаттай бастады: үш карбон қышқылдарының, гликолиз, глюконеогенез циклдерін. 1930-1950 жылдар аралығында Фриц Липман және басқа да авторлар, жасушадағы биохимиялық энергетиканың әмбебап тасымалдаушысы ретіндегі аденозинүшфосфаттың және митохондрияны оның басты энергия көзі ретіндегі рөлін сипаттады. Осындай дәстүрлі биохимиялық саланы зерттеу әлі күнге дейін дамуын
жалғастыруда...

XX ғасырдың үлкен жетістігі В.И. Вернадскийдің ашқан биосфера туралы ғылымы болып табылады. В.И. Вернадский әзірлеген, ноосфера туралы ғылым әлемді жаңадан түсінуге әкелді. XX ғасырда экология саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. 1942 жылы В.Н.Сукачев биогеоценологияның теориялық негізін әзірледі. Шетелде, 1934-35 жылдары А. Тенсли экожүйелер туралы, Ч.Элтон -экология негіздерін - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысы туралы ғылымды ашты.

Қазіргі заманғы биология көпқырлы және тірі табиғат туралы ғылымның кең ауқымын қарастырады.

XX ғасырдағы биологияның жетістіктері, осы дәрісте келтірілген мәліметтермен ғана шектеліп қоймайды.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Биологияға кіріспе» пәнінің мақсаты | ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. | Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 4. | Дәріс 5. | Тақырыбы: Жалпы генетика және молекулалық биология | Тақырыбы: Тіршілік ұйымдасуының популяциялық–түрлік деңгейі. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав