Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Тіршілік ұйымдасуының популяциялық–түрлік деңгейі.

Мақсаты: Ағзаларды жүйелеудегі кіші деңгей – түрдің анықтамасы мен популяциялық ұйымдасу ерекшеліктерін түсіндіру

Жоспары:

6. Түр туралы түсінік.

7. Түрдің популяциялық құрылымы. Популяция туралы түсінік.

8. Табиғатта түрдің қалыптасуы.

9. Эволюцияның элементарлы факторлары.

10. Макроэволюция заңдылықтары.

Қазақстанда қазіргі кезде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 6000 дай түрлері белгілі. Осыншама түрлердің пайда болуы және сақталуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарына байланысты екені сөзсіз. Тірі организмнің өзін қоршаған ортаға бейімделуі барысында табиғи жолмен сұрыпталу арқылы жаңа түрлердің пайда болатындығы туралы алғаш рет түсінік берген ғалым Ч.Дарвин. Ол эволюцияның механизмін құрайтын басты үш процестің: тұқым қуалаушылықтың, өзгергіштіктің, сұрыпталудың болатындығын анықтады. Бұл үш процесті К.А.Тимирязев эволюцияның шешуші факторлары деп атаған.

Түр пайда болу барысында, эволюция факторларының тигізетін әсерлерін түсіну үшін, сол түрлердің дамуына негіз болып есептелетін популяцияның генетикалық заңдылықтарын білу қажет.

Популяция және оның генетикалық заңдылықтары. Түрді белгілі бір ареалға тараған, шығу тегі бірдей, сыртқы орта жағдайларына бейімделуі де ұқсас организмдердің тарихи қалыптасқан жиынтығы деп қарауға да болады. Бір түрге жататын организмдердің өзіне тән генотипі мен фенотипі бар. Кейбір түрлердің таралу ареалы кең, оған бірнеше географиялық нәсілдер немесе түр тармақтары енеді, оларды политипті дейді. Кейбір түрлердің таралу ареалы шектеулі болып келеді де географиялық нәсілдер құра алмайды, оларды монотипті дейді. Белгілі бір түрге жататын организмдердің сол түрге жататын жалпы қасиеттерінен басқа өзіне тін ерекшеліктері болады. Түр организмдердің біртұтас жиынтығы бола отырып, жекелеген популяцияларға бөлінеді.

Популяция деп өмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілетідебірдей, бір-бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен алынатын жануарлар мен өсімдіктер сорттары да жекеленген популяцияға жатады.

Популяция құрылымын ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістермен зерттеген дат генетигі В.Иоганнсен (1903). Популяцияны зерттеу үшін өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді алды, себебі олардан таза линияларды бөліп шығару оңай. Өздігінен ұрықтану жағдайында әрбіржеке организм жаңа бір түр тармағының немесе түрдің және сол сияқты сорт немесе тұқымныңшығар көзі бола алады. Мысалы, бидайдың жаңа сортының популяция ішінен сұрыпталып алынған бір ғана дәннен шығуы мүмкін.

Айқас тозаңданатын организмдердің популяциясы генотиптері әртүрлі дарақтардың еркін будандасуы негізінде қалыптасады. Ондай популяцияны панмиксиялық популяция деп атайды. Айқас тозаңданудың өздігінен тозаңданудан айырмашылығы сұрыптау және сұрыпталған формаларды будандастыру жолымен бастапқы популяциядан өзгеше белгілері бар линиялар алуға болады.

Популяциядағы тепе-теңдік кейбір тұрақты әсер ететін факторларға байланысты өзгеріп отырады. Ол факторларға мутациялық процесс, сұрыптау, популяцияның мөлшері, изоляция т.б. жатады.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. | Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Дәріс 4. | Дәріс 5. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав