Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Антропогенез және адам эволюциясы

Мақсаты: Адам эволюциясының этаптары және адамның түр ретіндегі негізгі белгілерін сипаттау.

Жоспары:

4. Жануарлар әлемінің жүйесіндегі адамның орны.

5. Адам эволюциясын зерттеудің әдістері.

6. Адамдардың түрішілік жіктелуі

Антропология сөзі гректің anthropos - адам, logos – ілім деген сөздерінен алынған, яғни «адам туралы ғылым» деген ұғым. Бұл терминді алғаш ғылымға ендірген Аристотель. Сонымен адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық, рухани қазыналарын зерттейтін ғылым саласын антропология деп атайды. Осы ғылым саласының негізгі саласы – антропогенез. Тірі организмдердің тарихи даму кезеңінде ең соңынан пайда болған әрі ең жоғарғы сатыда тұрған тіршілік иесі – адам.

Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге – саналы адамға (Homo sapiens) жатады. Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар. Діни ұғымдар бойынша адамды құдай жаратты деген. Ең бірінші күн мен жерді, кейін суды,топырақты, ай мен жқлдыздарды, жануарларды жаратқан. Алтыншы күні Адаматаны, одан кейін серік болсын деп Хауананы жаратқан.

Жаратылыстану ғылымдарының (анатомия,эмбриология,палеонтология, т.б.) пайда болуы, даму кезеңдерінде адамның пайда болуытуралы басқа көзқарастар қалыптасты. Бізбілеміз ең алғаш рет тірі организмдерді жүйеге бөліп жіктеген швед ғалымы Карл Линней (1935ж.). Ол өз еңбегінде адамдарды сүткоректілер класына, приматтар отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атаған. Француз ғалымы Ж.Б.Ламарк адамды адамтектес маймылдардан шыққан деген. Ч. Дарвин бұл пікірді қостаған, өзінің эволюциялық ілімінде «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» (1871) және «Адамның және жануарлардың өз көңіл-күйлерін көрсетуі» (1872) осындай қорытындыға келген. Бұл еңбектері діни көзқарастарының қарсылықтарына ұшырады. Геккел эволюциялық көзқарастарды жақтаушысы болды, оның адам мен адамтәрізді маймылдар арасындағы ұқсастықтар жөнінде жүргізген салыстырмалы - анатомия зерттеулері дәлелдер берді, кейін ол «Антропология» (1874) деген еңбегінде адамның шығу тегі жөніне арналған. Ч. Дарвин ғылым саласында жасалған барлық жұмыстарды жинқтап, сараптап өз тұжырымын айтты, ол адам басқа да тірі организмдер сияқты ұзақ, әрі біртіндеп даму барысында шықты. Барлық тірі организмдер сияқты қоршаған ортаға бейімделу, тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес жіне табиғи сұрыпталу нәтижесінде пайда болды. Ч. Дарвин атап кеткен үш ұқсастық: 1. дене бітімі және оның функциялары; 2. эмбриондық кезеңде ұрықтарының ұқсастығы; 3. адамдарда рудименттік органдардың болуы. Соңғы белгіге өте үлкен көңіл бөледі. Адамды жануарлармен салыстырғанда ақыл-ой ұқсастықтары да бар: назар аударуы, қызығушылығы, есте сақтау, т.б. Адамның алғашқы отаны Африка деген, өйткені адам тәрізді маймылдар қазіргі кезде де кездеседі. Олардың бойларының ұзындығы 120-150 см, салмағы 20-50 кг, миларының салмағы 450-650 г, екі аяқтарымен тік жүрген.

Адамның даму барысында негізгі үш кезеңді ажыратады: Ежелгі адамдар (архантроптар) – 1,9 млн – 0,6 млн жыл аралығындаөмір сүрген. Ми салмағы 900 г. Биологиялық факторлар әсері ғана бар.

Ертедегі адамдар (палеоантроптар) 300 – 40 млн жыл аралығындаөмір сүрген. Ми көлемі 1400 см3. Биологиялық факторлар әсерінен басқа әлеуметтік факторлар әсері басым. Ұжымдасып еңбек ету, тіршілік үшін бірлесе отырып күресу,ақылға салып ойлау мңызды рөл атқарады.

Осы заманға адамдар (неоантроптар) немесе көптеген әдебиеттерде кроманьон адамдары деп атайды. 1868ж. франциадағы Кро-Маньонүңгірінен табылған. Олар 10 млн жыл бұрын өмір сүрген. Қазақстанда да көп жерлерде табылған. Бойлары 170-180 см, 30-40 жыл өмір сүрген. Ми көлемі 1400 – 1600 см3. Биологиялық факторларға қарағанда әлеуметтік факторлар басым болған.

Адам әлеуметтік эволюциясында 3 кезең ажыратылады:

1. Қоршаған ортаны танып-білуді өнер туындысы арқылы көрсете білу;

2. Жабайы жануарларды қолға үйрету мен егіншілік дамуымен бай-ты;

3. ХУ ғасырда Қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді. Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр.

Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де қолға алған. Адамдар қоныстанған Жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфераға Адамдар тобының арасындағы түршілік тұқым қуалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье нәсілдер (1684 ж.) деп атады. Жер бетіндегі адамдардың сыртқы айырмашылықтарына сәйкес, үш нәсілге бөледі: негроидтық (қара түстілер), еуропеоидтық (ақ түстілер), монголоидтық (қоңырқай түстілер). Түрлерді сипаттау.

Үндістер мен аустралиялықтарды өз алдарына нәсіл деп бөледі. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тқжырымдар бар.

1. Моноцентризм – бір орталықтан шыққан деген ұғым.

2. Полицентризм – әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болған.

Көпшілік ғалымдар моноцентризм – бір орталықтан шыққан деген ұғымды қолдайды. Қазақстанның ғалымы Ә. Ахметов өзінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігін атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайларының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді. Әлеуметтік дарвинизм теориясын пайдаланып әрбір қоғамда мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыптау кезінде пайда болады және қатыгездік, жауыздық, мейрімсіздік те беріледі. Ф.Энгельс пен К.А.Тимирязев бұл теорияның шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 87 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. | Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Дәріс 4. | Дәріс 5. | Тақырыбы: Жалпы генетика және молекулалық биология |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав