Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән: Химия, жоғарғы мектеп

Читайте также:
  1. Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
  2. Баланы мектепке қаншалықты даярлау қажет?
  3. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  4. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  5. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  6. дәріс. Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу
  7. Дәріс. Педагогикалық үрдістің негізінде мектепті басқарудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
  8. Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
  9. Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
  10. Жоғарғы ретті дербес туындылар. - жиыны.
Неперервний стаж Кількість працівників
1 – 4  
4 – 12  
12 – 25  
Разом  

 

Оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттары

Пән: Химия, жоғарғы мектеп

Оқу бағдарламасына сілтемелер Оқыту мақсаттары 11 сынып  
Оқушыларға қойылатын талаптар …
1. Бөлшектер және олардың құрылысы 11 сынып ОМ категориясы (1- Білу және түсіну, 2-Қолдану, 3- Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу, 4–Коммуникация және рефлексия)
  - атом моделінің эволюциясын түсіну  
  - массалық сан, атомдық (протон) номердің мағынасын түсіну  
  - элемент символының толық сипаттамасын жаза білу және онымен жұмыс жасай білу  
  - салыстырмалы атомдық, молекулалық, молярлық массаны есептей алу  
  - Авогадро саны мен моль ұғымын (бөлшектер) түсіну  
  - қандай жағдайжа эмпирикалық және молекулалық формулалар қолданылатындығын түсіну  
  - аналитикалық деректерді негізге ала отырып эмпирикалық және молекулалық формулаларды есептей білу  
Атом құрылысы - изотоптардың қалай түзілетіндігін және радиоактивтіліктің табиғатын түсіну  
  - элементтер үшін протон/нейтрон (p/n) қисығының мағынасын түсіну  
  - протон, нейтрон және нуклондар санына радиоактивті ыдыраудың әсерін болжай білу  
  - қарапайым ядролық реакциялар теңдеулерін жаза білу;  
  - атом моделінің эволюциясын Дальтон, Томсон, Резерфорд, Бор, "кванттық модель" жұмыстары негізінде түсіну  
  - масс-спектрометр блок-схемасын еске түсіру  
  - масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну  
  - заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын алу үшін қарапайым масс спектрді талдай білу;  
Атомда электрондардың орналасуы - атомның бұлттық моделін түсіну және онымен жұмыс жасай алу: деңгей, деңгейше, орбиталь;  
  - s, p, d, f орбитальдарының (жиынтық) пішінін еске түсіру;  
  - электрондарды деңгей мен деңгейшелерге орналастыру ережелерін түсіну  
  - электрондарды деңгейлерге орналастыруда Клечковскийдің мнемоникалық ережесін (Аufbau принципі) қолдану  
  - алғашқы 36 элементтің электрондық конфигурациясын сала білу  
  - иондану энергиясын түсіну  
  - иондану энергиясына әсер ететін факторларды түсіну: ядро заряды, ядродан ара қашықтық, экрандау  
Химиялық байланыстар және олардың жіктелуі - ионның түзілуін және оның нәтижесі ретінде пайда болған зарядты түсіну  
  иондық байланыстың иондардың электростатикалық тартылыс нәтижесінде түзілетіндігін түсіну  
  - иондық қосылыс формуласын, оның құрамындағы иондардың зарядтарының нольдік қосындысы әдісімен шығара білу  
  - байланыс типі иондық тор құрылымымен қалай байланысты болатындығын көрсету  
  иондық тор құрылымының иондық байланысы бар қосылыстардың көрсететін қасиеттеріне қалай әкелетіндігін түсіну  
  - электрон алмасуы нәтижесінде байланыстың қалай түзілетіндігін түсіну  
  гомоядролы екі атомды молекулалардағы байланысты түсіну  
  - қос және үш байланыстың түзілуін түсіну  
  - жоғары молекулалық коваленттік тордың пайда болуын түсіну  
  - иондық және коваленттік тордың қасиеттерін түсіну  
  коваленттік байланыстың түзілуін көрсету үшін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын сала білу  
  металдық тор табиғатын түсіну  
  электрондардың делокализациясы салдарынан түзілетін металдық байланыстың табиғатын түсіну  
  - металдық байланыспен байланысқан қарапайым металдық тор суретін сала білу  
  металдық байланыс металдар көрсетететін қасиеттерге қалай әкелетіндігін түсіну  
  - әр түрлі байланыс типімен байланысқан заттардың қасиеттері мен құрылымдарын салыстыру және қатар қарастыра білу  
  - электртерістілік/элекроңдылық концепцияларын түсіну;  
  қосылыстардың электртерістілік әсер ететін қасиеттерін түсіну  
  байланыстың полярлығын, оның себептері мен салдарын түсіну  
  диполь-диполь күштерінің себептері мен салдарын түсіну  
  - Ван-дер-Ваальс (индукцияланған диполь-дипольдік) күшінің туындау себептері мен салдарын айыра білу  
  - сутектік байланыстың туындау себептері мен салдарын түсіну  
  диполь-дипольдік, Ван-дер-Ваальс және сутектік күштердің ерекшеліктерін салыстыра білу  
  - электрон жұптары байланыс түзетін және түзбейтін болып бөлінетіндігін түсіну  
  - ковалентті донорлы-акцепторлы байланысты білу және оның қалай түзілетіндігін түсіну  
  - валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясын молекулалардың формуласын жорамалдау үшін пайдалану  
  - молекула бұлты пішінінің суретін сала білу  
  - бүгінде химияда қолданылатын аналитикалық әдістердің маңызын түсіну  
  - бұрынырақ өтілген хроматография бойынша жұмыстарды еске түсіре отырып, газ-сұйықтық хромотографиясын олардың жалғасы ретінде түсіну  
  - газ-сұйықтық хроматографиясының түрлі анализ процестерінің бастапқы кезеңі ретіндегі маңызынын түсіну  
  - масс-спектрометрдің блок-сызбасы мен жұмыс жасау ережесін еске түсіру  
  - қарапайым деңгейде молекулалық ионның түзілуі мен оның одан арғы бөлінуін түсіну  
  - М+1 шыңының негізін жалпы түрде білу  
  - қосылыстың масс-спектрін (қарапайым) қолданып оның салыстырмалы молекулалық массасын анықтай білу  
  - қосылыстың масс спектрін қолданып, оның құрылымы жайында болжам жасай білу  
  - молекулалардың инфрақызыл жиіліктерді сіңіру себептерін түсіну  
  - қосылыс құрамындағы сәйкес функционалды топтардың айқындалу облысы қай аймақта жататындығын білу және оларды пайдаланып қосылысты анықтау  
  - инфрақызыл сіңірілудің жаһандық жылынуға тигізетін салдарын түсіну  
  - С-13 және протондық ЯМР сызбанұсқасын түсіну және спектрлердің қалай алынғандықтарын білу  
  - қарапайым С-13 ЯМР спектрі қалай түсірілетіндігін білу және оны сипаттай алу  
  - қарапайым протондық ЯМР- спектрі қалай түсірілетіндігін білу және оны сипаттай алу  
  - бұны магнитті-резонанстық томографияның қолданылуымен байланыстыру  
  - бұл әдістер спектральді мәліметтердің эмпирикалық талдауы ретінде қолданылып, немесе белгілі заттар спектрімен салыстыру арқылы қолданыла алатындығын түсіну  
2. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары 11 –й класс Категория ЦО
Периодтық заң және периодтық жүйе - периодтық таблицаның әртүрлі тарихи және бүгінгі формаларын білу  
  - Клечковский ережесін қолданып бүгінгі периодтық жүйенің пішінін түсіну  
  - S, P, D және F блоктарынының мағынасын түсіну  
  - кез-келген элементтің электронды конфигурациясын жаза алу үшін Периодтық кестені пайдалана білу  
  - кестедегі периодтылықты байқау және оны ядроның эффективті заряды, ионизациялану энергиясы, байланыс типі және т.б. тұрғысынан түсіндіре білу  
  - балқу және қайнау температуралары, атомдық радиус, біріншілік иондану энергиясы, қышқылдық/негіздік қасиеттердің өзгеруіндегі жалпы тенденцияларды еске алу және түсіндіре білу  
  - Na-дан Ar-ға дейінгі элементтерді пайдаланып элемент қасиеттері өзгеруінің жалпы заңдылықтарын еске түсіру және түсіндіре білу  
  - ядроның эффективті заряды тұрғысынан топ бойынша төмен бағытта элементтердің келесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын анықтап, түсіндіре білу: байланыс түрі, балқу және қайнау температуралары, реакциялық белсенділік және т.б.  
  - топ бойынша төмен бағытта элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын 1 және 17 топ элементтері (кем дегенде) мысалында түсіндіріп беру  
  - элементтердің электртерістілік пен қайнау температураларының өзгеру заңдылығын, сондай-ақ, топ бойынша төмен бағытта элементтердің тотықтыру қабілеттерінің кемуін түсіну және түсіндіре алу  
  - галогендердің орынбасу реакцияларын түсіну  
  - галоид-иондарының тотықсыздандыру қабілеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіну және түсіндіре білу  
  -галоид иондарды күміс нитраты және аммиак ерітіндісін қолдана отырып анықтай білу  
  - хлор суының пайда болуын және хлордың натрий гидроксидінің сулы ерітіндісімен реакциясын білу  
  - хлордың суды тазалаудағы қолданылуын түсіну және бұл процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру  
  -элементтердің балқу температурасы, атомдық радиусы, біріншілік иондану энергиясы, электртерістілік (электроңдылық) қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіну және түсіндіре алу  
  - элементтердің сумен реакциясы кезіндегі байқалатын заңдылықтарын, гидроксидтер мен сульфаттардыңсалыстырмалы ерігіштіктерін білу  
  - Mg(OH)2 және Ca(OH)2 қолданылу аяларын білу және түсіндіре білу  
  - BaCl2 сульфат иондарын анықтаудағы және BaSO4-ң медицинада қолданылуын білу  
Зат массасының сақталу заңы - мольмен көрсетілген зат мөлшерімен есептеулер жүргізе алу  
  ерітінділер концентрациясын моль/дм-3 өлшем бірлігін қолданып көрсете білу  
  «молярлы көлемді» еске түсіріп, оның қолданылу жағдайларын түсіну  
  идеал газ теңдеуін еске түсіру және қолдана білу  
  химиялық реакция теңдеулерін теңестіре білу  
  иондық теңдеулерді теңестіре білу  
  титрлеудің мақсатын түсіну, оны орындай алу және онымен байланысты есептерді шығара білу  
  реакцияның теориялық және практикалық шығымын есептей алу  
  «атом үнемділігі» түсінігін меңгеру және есептей білу  
Металдардың электрохимиялық кернеу қатары - өткен сыныптардағы білімдерді еске түсіру: тотығу процесін оттек мөлшерінің артуы, тотықсыздану процесін сутек мөлшерінің артуы деп түсіну, сонымен қатар, тотығу-тотықсыздану процестерін атомдардың электрондарды қосып алу, не беріп жіберу процестері деп түсіну  
  - тотығу дәрежесін анықтау ережелерін білу және қосылыстардағы жеке элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алу  
  - тотығу және тотықсыздану жартылай теңдеулерін жаза алу және оларды жалпы тотығу-тотықсыздану теңдеуіне біріктіре алу  
  - электродтық потенциалды металдардың электрохимиялық қатарын құру үшін қолдану  
  - электрохимиялық ұяшықты стандартты түсініктер негізінде түсіну  
  - стандартты электродтық потенциалды стандартты жағдайда қолдануға болатындығын түсіну  
  - электрохимиялық ұяшық көмегімен электродтық потенциалдың қалай анықталатындығын түсіну  
  - стандартты электродты потенциалды қолданып гальваникалық элементтің ЭҚК есептеу және тотығу- тотықсыздану реакциясының бағытын анықтай білу  
  - гальваникалық элементті энергия көзі ретінде түсіну, бұл тұрғыда, коммерциялық батареялардың құраушыларын қоса қарастыру  
  - гальваникалық элементтердің зарядталу, разрядталу процесін түсіну  
  - сутектік-оттектік отын элементтерінің құрылысы мен қолданылуын түсіну  
  - отындық элементтердің артықшылықтары мен мүмкін тәуекелдерін білу  
3. Химиялық реакциялар энергетикасы 11-й класс Категория ЦО
Экзо- және эндо термиялық реакциялар - энтальпияны және оның өзгерісін (∆H) түсіну және анықтай алу  
  - стандартты энтальпиялардың қажеттілігін түсіну және стандартты энтальпияны анықтай білу  
  - химиялық реакциялар байланыстардың түзілуімен және үзілуімен, сонымен қатар, байланыс энтальпиясымен сипатталатындығын түсіну  
  - берілген мәліметтерді қолданып, байланыс энтальпиясын есептеу  
  - байланыс энтальпиясының мәнін қолдана отырып, реакцияның ∆H бағалау  
  - энтальпияның қарапайым өзгерісін тәжірибелік жолмен анықтай алу және тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін есептеу  
  - Гесс заңының негізгі принципін түсініп, оның негізінде реакция энтальпиясының өзгерісін есептеу  
  - байланыс энтальпиясын қолданып, реакцияның ∆H есептей білу;  
  - Борн-Габер циклын құра білу және мұндай әдіспен алынған тор энергиясының мәнін басқа есептеу нәтижелерімен салыстыру  
  - еркін энергия (∆G) мен энтропия өзгерісі (∆S) түсініктерін түсініп, қолдана білу  
  - жалғыз энтальпия өзгерісінің кенет өзгерісті түсіндіру үшін жеткіліксіз екендігін түсініп, энтропия маңызын анықтау  
  - ΔG = ΔH - TΔS теңдеуін білу және оны қолданып ΔG-ң температураның өзгеруімен қалай өзгеретіндігін көрсету, сонымен бірге, реакцияның қай температурада жүретіндігін анықтау  
Химиялық реакциялардың жылдамдығы - материя күйлері және соқтығысудың қарапайым теориясы туралы алдыңғы жұмыстардағы идеяларды еске түсіріп, қолдана білу  
  - идеал газ және молярлық көлем теңдеулерін еске тусіру және газ күйіндегі заттардың қатысуымен жүретін реакциялар үшін қолдана білу  
  - газ және сұйық фазада өтетін соқтығысу кезінде орын алатын энергия өзгерісін түсіну, Максвелл Больцман үлестірілуі және активтену энергиясы  
  - бұл түсініктерді реакция жылдамдығына температура мен концентрацияның тигізетін әсері жайлы жан-жақты мәлімет беру үшін қолдану  
  - химиялық процестердің жылдамдығы жылдамдық теңдеуімен беріле алатындығын түсіну  
  - жылдамдықтың жалпы теңдеуін еске түсіру және жылдамдық константасы мен реакция реттілігін түсіну  
  - сыртқы жағдайдың өзгеруімен реакция жылдамдығының қалай өзгеретіндігін анықтау  
  - жылдамдық пен жылдамдық константасын есептей алу  
  - катализатор мағынасын және анықтамасын білу  
  - катализ процесін және катализатордың қалай жұмыс істейтіндігін түсіну  
  - гомогенді және гетерогенді катализаторларды ажырата білу  
  - бөлшектер теориясын қолдану арқылы гетерогенді катализ процесін сипаттай алу  
Химиялық тепе– теңдік - тепе-теңдік, сонымен қатар, динамикалық тепе-теңдік туралы өткен сыныптардағы білімдерін еске түсіріп, оларды қолдана алу  
  - тепе-теңдікке температура, концентрация және қысымның әсерін болжай білу  
  - катализатордың неліктен тепе-теңдікке әсер етпейтіндігін білу  
  - тепе-теңдіктің өндірістік химияға әсерін түсіну  
  - өндірістік процестер үшін тепе-теңдікке қатысты реакция жағдайлары неліктен көбіне шартты болатындығын түсіну  
  - берілген реакция үшін тепе-теңдік константасын (Кс) жаза білу  
  - температура өзгерісінің Кс-ға әсерін болжай білу және Кс-ның концентрация өзгерісі мен катализатор қатысына әсері жоқ екендігін түсіну;  
4. Химия вокруг нас 11-класс Категория ЦО
Көміртек және оның қосылыстарының химиясы - әр типті формулаларды анықтап, олардың қалай қолданылатындығын түсіну  
  - органикалық қосылыстар әдетте көмірсутектік компоненттен және функционалды топтан тұратындығын түсіну  
  - жалпы функционалды топтарды білу  
  - IUPAC номенклатурасын түсіну және қолдана алу  
  - қосылыстардың гомологтық қатар құратындығын және оның мүшелерінің қасиеттері ұқсас болатындығын түсіну  
  - изомерияның неліктен пайда болатындығын түсініп, берілген молекулалық формула үшін изомерлер жаза білу  
  - сигма және пи байланыстың қай жағдайларда және қалай түзілетіндігін түсіну және олардың молекула пішініне қалай әсер ететіндігін түсіну  
  - қаныққандық концепциясын түсіну және оны гомологтық қатардың "негізі" ретіндегі алкандарға қолдану  
  - алкандардың отын ретіндегі қолданылуын білу және олардың жану өнімдерінің экологиялық салдарын анықтау  
  - мұнайды фракциялауды және фракциялардың қолдануын еске түсіру  
  - байланыстардың гомолитті үзілуін және бос радикалдардың түзілуін түсіну  
  - бос радикалдар жағдайында катализдік крекинг пен термиялық крекинг процесін түсіну;  
  - фотохимиялық хлорлау механизмін білу және түсіну  
  - "қанықпағандық" терминін және оның қосылыс үшін салдарын түсіну  
  - қанықпағандықты дәлелдеу реакцияларын еске түсіру  
  - геометриялық изомерияны ("Е-Z" не цис-транс-изомерия) білу және оны стереоизомерияның бір түрі деп түсіну  
  - "электрофил" және "нуклеофил" терминдерін түсіну және реагенттерді оларға сәйкес жіктей білу  
  - электрофильді қосылу механизмін білу, оған мысалдар келтіре алу және механизмді басқа реакциялар үшін қолдана білу  
  - симметриялы емес алкендерге қосылу өнімдерін болжай алу  
  - кейбір өндірісітік маңызды қосылу реакцияларын білу  
  - полиқосылуды түсіну  
  - молекулалық деңгейде полимерлер неліктен инертті болатындығын түсіну  
  - (поли)алкендерді алу үшін өндірістік процестердің сызбанұсқасын білу  
  - алкендердің (поли) кейбір танымал түрлерін және олардың қайта қолданылу қажеттілігін түсіну  
  - спирттердің жіктей алу  
  - спирттердің тотығу реакциясын түсіну және оның өнімдерін білу  
  - спирттердің дегидратация реакцияларының өнімдерін білу  
  - этанолды өндірудің екі негізгі жолын түсіну, сонымен қатар, олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін білу  
  - этанол өндірісі, оның ішінде, биоэтанол отыны өндірісімен байланысты экологиялық ахуалдарды түсіну және көміртектік инерттілік концепциясын түсіну  
  - экологиялық ахуал тұрғысынан биоотын жайлы пікір беру  
  - хлоалкандардың синтезін еске түсіру  
  - галогеналкандармен байланысты экологиялық проблемаларды білу және озон қабатының бұзылу механизмін түсіну  
  - экологиялық зияны азырақ галогеналкандарды алмастыратын заттарды білу  
  - галогеналкандардың нуклеофилдермен әрекеттесу қабілетін білу  
  - нуклеофилдік орынбасу реакцияларының механизмін түсіну  
  - нуклеофильдік орынбасу реакциясының жалпы теңдеуі мен механизмін және бірнеше типтік мысалдар жаза білу  
  - элиминдеу реакцияларын және оның механизмін түсіну  
  - орынбасу мен элиминдеу реакциялары арасындағы бәсекелестікті түсіну  
  - галогеналкандарды синтез барысындағы маңызды аралық өнім ретінде түсіну (өндірістік процестерді қоса алғанда)  
       

 


 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 57 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав