Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.

Читайте также:
  1. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  2. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  3. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  4. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  5. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  6. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  7. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  8. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  9. арағанды мемлекеттік медициналық университеті
  10. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті – негізгі қаржылық жоспар – мемлекеттің ақшалай қаражатының өзінің функцияларын атқаруға қажетті орталықтандырылған қорының табысы мен шығысы жөніндегі есебі. Мемлекеттік жедел бюджет əдетте бір жылға жасалады жəне оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттік бюджетте қаржылық құжат ретінде мемлекеттің, кəсіпорындардың, мекемелердің белгіленген кезеңдегі ақшалай табысы мен шығысы жазылады. Мемлекеттік бюджетке оның табысы ретінде түсетін ақшалай қаражаты Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының өте маңызды бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджет мына себептерге байланысты қажет:

▪ біріншіден, экономикалық циклдің үздіксіз айналымын қамтамасыз ету үшін өнімнің шығарылымы орталықтандырылған ресурстардың болуын қажет етеді;

▪ екіншіден, мемлекетке нарықтық емес сипаттағы қызметтер көрсету, əлеуметтік-мəдени іс-шараларын орындау, қорғанысты күшейту, мемлекеттік басқару органдарын, құқық қорғау органдарын жəне т.б. ұстау үшін орталықтандырылған қаражат қажет. Бюджеттік қатынастар экономиканың басқа секторларының бірліктеріне салық салу, зейнетақы, жəрдемақы жəне басқа да əлеуметтік төлем беру арқылы табыс пен байлықты қайта бөлуге негізделеді. Мемлекеттік бюджет республикалық жəне өңірлік бюджеттерден құралады. Мемлекеттік бюджет статистикасының міндеттері мыналар болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысы мен шығысының, жаңа бюджеттік жіктеу бойынша оның тапшылығының (профицитінің) көлемін анықтау.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табыс көздері мен шығыс бағыттарының құрылымы жəне оның динамикасын зерттеу.

3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің, сондай-ақ рес пуб-ликалық жəне жергілікті бюджеттің атқарылу барысын бақылау мен талдау.

4. Мемлекеттік ішкі борыштың көлемін зертеу.

5. Мемлекеттік бюджет табысы мен тауарлар жəне қызметтер өндірісі нəтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштерімен өзара байланысын талдау.Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің статистикалық көрсеткіштер жүйесі. Мемлекеттік бюджетті зерттеу кезінде пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштер жүйесі бюджеттік жіктеуішке негізделеді.

Бюджеттік жіктеуіш – мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қызметін сипаттайтын табыстар мен шығыстарды біркелкі белгілер бойынша заңдастырып топтастыру. Халықаралық валюта қоры ұсынған мемлекеттік бюджетті жіктеу жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының жаңа бюджеттік жіктеуіші əзірленді. Мемлекеттік бюджеттің қолданысы таза кредит беруді қоса алғанда табыс жəне алынған ресми трансферттер мен шығыстар сияқты экономикалық категориялардың көмегімен байқалады. Табыстар мен алынған ресми транс-ферттер мемлекетті ақшалай қаражаттың қажетті толықтырумен қамтамасыз етеді. Таза кредит беруді қоса алғанда, шығыстар ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қажеттілікке сəйкес бөледі.

 

6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;

Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді:
Ø Санат (категория)
Ø сынып
Ø сыныпша
Ø ерекшелік
Шығындар санатына (категориясына) келесілер жатады:
ü ағымдық шығындар
ü капиталдық шығындар
ü несие беру
ü қаржыландыру

Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді. Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.

 

7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысы мен алынған ресми трансферттерін экономикалық жіктеу мынадай жүргізіледі:

I. Табыстар:

1.1. Салық түсімдері.

1.2. Салықтық емес түсімдер.

1.3. Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс.

2. Алынған ресми трансферттер.

Табыстар категориясы – бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлем. Олар мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып табылады. Салық түсімдері –мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін өндіретін міндетті, өтеусіз, қайтарымсыз төлемдер. Салықтық емес түсімдер – бұл:

а) өтелетін қайтарымсыз түсімдер (меншіктен түскен табыс, жиындар, тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсім, ведомстволық ұйымдардың

кассалық пайдасы);

ə) кейбір өтеусіз қайтарымсыз түсімдер (айыппұлдар, ағымдағы жеке

қайыр көрсету) жəне т.б.

Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табысқа күрделі активтерді сатудан түскен табыс, мемлекеттік емес көзден түскен күрделі салымға салынған ерікті салым кіреді. Осы табыстар өтелетін, өтелмейтін түсімдер мен ішінара өтелетін, өтеусіз болады. «Табыс» категориясы мақсатты тағайындалу белгісі бойынша ағымдағы жəне күрделіге бөлінеді. Ағымдағы табысқа салықтық жəне салықтық емес түсімдер; күрделі табысқа – капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс жатады. «Бюджетке алынған ресми трансферттер» категориясы – өтеусіз, қайтарымсыз, міндетті емес түсімдер. Трансферттер басқа мемлекеттік бас қару мекемелерден: резиденттер мен бейрезиденттерден алынатын біржолғы, ұдайы емес, ерікті түрде алынады. Мемлекеттік емес көздерден алынған трансферттер «Табыстар» деп аталатын категорияда есепке алынады. Трансферттер есепке алынатын операция бюджет тапшылығын қаржыландырмайды, керісінше оны қысқартады. Алынған ресми трансферттер мен табыстар борыштық міндеттемесін қабылдамай шығын жұмсауға бола тын қаражат болып табылады, сондықтан олар бір категорияға біріктіріледі. Салықтық, салықтық емес түсімдер мен ағымдағы ресми трансферттер бюджетке ағымдағы түсімдер болып саналады. Капитал түсімдер капиталмен жасалатын операциялардан түскен табысты құрайды.

 

8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;

I. Ағымдағы шығыстар (мемлекеттің халықтың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсалатын шығыс).

II. Күрделі шығыстар (өндірісті кеңейтуге – негізгі капиталды сатып алуға, қор жасау үшін тауар сатып алуға, жер мен материалдық емес актив, күрделі трансферт сатып алуға бағытталатын шығыс).

III. Таза кредиттеу. Осындай активтерге кредиттер мен кəдімгі акциялар жатуы мүмкін. «Таза кредиттеу» көрсеткішін есептеу үшін берілген кредиттердің сомасынан сатып алынған акциялардың сатылған құны немесе кредит бойынша өтемдердің сомасын шегеру қажет. Берілген кредиттерде мемлекет бұрын мемлекеттік саясат мақсатында сатып алған басқа фирмалардың барлық активтері болады. Кредиттеу бюджет тапшылығының есептеріне ықпал ететін шығыс бабы ретінде қарастырылады. «Қаржыландыру» категория бюджет шығысында тапшылықты қаржыландыру көзі ретінде қарастырылады жəне борышты өтейді. Қаржыландыру операцияларын жіктеуде мемлекеттік басқару секторының тапшылығын жабу үшін ақшалай қаражат алынатын жəне табыстың шы ғыстан асу нəтижесінде пайда болған қаражат пайдаланылатын көздері көрсетіледі. Ішкі қаржыландыру бойынша мемлекеттік басқару мекемелері мен осы елдің резиденттері арасында жүзеге асырылатын қаржыландыру операциялары есепке алынады. Сыртқы қаржыландыру бойынша мемлекеттік басқару мекемелері мен осы елдің бейрезиденттерінің арасында орындалатын операциялар көрсетіледі.Бюджеттің шығындары —қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңи тұлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 95 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав