Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер ішінде өтімділік коэффициентінің маңыздылығы зор. Кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Баланстың өтімді еместілігіне қарамастан кәсіпорын 2009 жылы ағымдағы активтер мен барлық қысқа мерзімді қарыздарды 71,19%-ға жаба алады.Кәсіпорынның активтерді тиімді пайдалану көрсеткіші ретінде рентабельділік көрсеткіші алынады. Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау әдістемесі көрсеткішті есептеудің бастапқы формуласын өндіріс белсенділігі мен шаруашылық қызмет тиімділігін жоғарылатудың сапалы және сандық сипаттамасын бөлуді қарастырады. Рентабельділікті талдау үшін үш және бес факторлық модельдер қолданылады. Үш факторлық модельде өнім табыстылығы өзгерісінің, қор сыйымдылығы өзгерісінің және айналым қаражаттарының айналымдылы-ғының әсер етуі зерттеледі. Капитал рентабельділігі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2,69%-ға төмендеген. Капитал рентабельділігінің төмендеуіне өнім табыстылығының 11,34%-ға жоғарылауы, қор сыйымды-лығының 3,32%-ға жоғарылауы және айналым қаражаттарының айналымды-лығының 17,36%-ға төмендеуі әсер еткен. Өнім табыстылығының 11,34%-ға жоғарылауына қарамастан айналым қаражаттарының айналымдылығының 17,36%-ға төмендеуі капитал рентабельділігінің 2,69%-ға төмендеуіне қатты әсерін тигізген. Капитал рентабельділігіне әсер етуші факторларды анықтауда бес факторлы модельді де қолдануға болады. Капитал рентабельділігіне бес фактор әсер етеді: өнімнің материал сыйымдылығы факторы, өнімнің еңбек сыйымдылығы факторы, өнімнің амортизация сыйымдылығы факторы, тозу коэффициенті факторы, айналым қаражаттарының бекітілу коэффициенті факторының өзгерісінің әсері. Капитал рентабельділігінің бес факторлы моделіне сәйкес айналым қаражаттарының бекітілу коэффициентінің 17,36%-ға төмендеуімен, тозу коэффициентінің 0,46%-ға төмендеуі капитал рентабельділігінің 2,69%-ға төмендеуіне қатты әсерін тигізген. Рентабельділіктің факторлы модельдері кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері арасындағы маңызды себепті байланыстарын ашып көрсетеді. Сондықтан олар берілген жағдайдың «түсіндірме» (бағалау) құралы болып табылады. Сонымен қатар рентабельділіктің факторлы модельдері кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын болжамдаудың басқарушы модельдері болып табылады. Қаржылық стратегия – бұл кәсіпорынды ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржылардың құрылу теориясы мен тәжірибесі, олардың және нарықтық шаруашылық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоспарлау мен қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Қаржылық стратегия құрамы: негізгі және айналым қаражаттарын оптимизациялау, табысты бөлуді оптимиза-циялау, қолма-қолсыз есеп-айырысу облысында саясат, бағалы қағаздар облысында саясат. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар кәсіпорынды қаржылық талдау нәтижелеріне бойынша қорытындылар негізінде жасалады.

 


Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав