Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері

Читайте также:
  1. E. Несие алу
  2. J. Несие алу
  3. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  4. Жұмыс көлемінің көрсеткіштері
  5. Ж. Күрделі шығындарды төлеу үшін банктен, мысалы, 5 жылға 15% несие алуға болады.
  6. Згерменің қандай көрсеткіштері бар?Оларды қалай есептейді?
  7. Коммерциялық банктердің құрылымы мен қызметтеріне сипаттама беріңіз
  8. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
  9. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.

2.Банк несие қабілеттілігінің көр/і.Несие қайтарылымын сипаттайтын көр/і

2.1 Уақытылы төленбеген несиелер үлгісі.

Уақытша төленбеген несиелер үлгісі=төленбеген несиелер б/ша Дт айналым/барлық несие/ік шот/ды Кт айналым

2.2 Несиелерді пайдалану тиімділігі

2.3 несиелер айналымының көр/і

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады.Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін колдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалылтастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар1 сомасында бағаланған. Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 3/4 бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды2 құраған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке түлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

 

16. Несие айналымын индекстік талдау;

Статистикада индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыстың уақытқа орай жəне кеңістікте өзгеруін сипаттайтын қатысты шама деп аталады. Қатысты шаманың басқа түрлері (құрылымның, үйлестірудің, интенсивтіліктің) индекске жатпайды, өйткені оларды есептегенде аттас көрсеткіштер емес аттары əр түрлі құбылыстың шамасы салыстырылады.Индекстің көмегімен келесі бірқатар экономикалық міндеттер шешіледі:

1) уақытқа орай тікелей өлшенбейтін, күрделі жиынтықтардың орташа өзгерістері анықталады;

2) күрделі құбылыстардың кеңістіктегі орташа арақатынастары белгіленеді;

3) жалпы жиынтық бойынша немесе оның бөлігі бойынша жоспардың орындалуының орташа дəрежесі бағаланады;

4) күрделі құбылыстардың уақытқа орай жəне кеңістікте өзгеруіндегі жекелеген факторлардың рөлі, атап айтқанда құрылымдық өзгерістердің рөлі анықталады.Алғашқы үш міндетті шешкенде индекс тиісінше динамиканың, салыстырудың жəне жоспардың көрсеткіші, ал төртінші міндетті шешкенде – аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Индекстер келесі үш белгі: 1) зерттелетін

объектілердің ерекшеліктері; 2) жиынтықтың элементтерін қамту дəрежесі бойынша; 3) ортақ индекстерді есептеу əдістемелері бойынша жіктеледі. Индекстер зерттелетін объектілердің ерекшелігі бойынша көлем көрсеткішінің индексіне (өнімнің, бөлшек сауданың, тұтынудың жəне т.б. нақты көлемі) жəне сапа көрсеткішінің индексіне (баға, өнім өндірісінің өзіндік құны, еңбек өнімділігі, астық түсімділігі жəне т.б.) бөлінеді. Индекстер жиынтық элементтерін қамту дəрежесі бойынша жеке (жиынтықтың жекелеген элементтерін), жалпы (жалпы жиынтықтың өзгеруін сипаттайтын) жəне топтық (жиынтықтың элементтерінің бөлігін қамтитын) болып бөлінеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін өндіру индексі жеке, ауыл шаруашылығының барлық жалпы өнімінің индексі – жалпы, ал өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы өнімін өндіру индекстері – топтық индекс болып табылады. Топтық индекстер топтастыру əдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстың жекелеген бөліктерінің дамуындағы заңдылықтарды ашады, сонымен бірге индекстерді топтастыру əдісімен байланыстырады. Топтық жəне жалпы индекстерді есептеу əдіснамасын индекстік теория зерттейді. Жалпы жəне топтық индекстер есептеу əдіснамасына байланысты агрегаттық (жиынтықты) индекске жəне жеке индекстердің орташа индекстерге (агрегаттық индекстерді қайта өзгерту нəтижесінде алынған)

бөлінеді. Жылдан жылға (айдан айға, тоқсаннан тоқсанға) жалғасатын динамикада есептелетін индекстердің жүйелі қатарын қарастырғанда индексті есептеудің тізбекті жəне базистік жүйесі болады. Сол бір базаға қатысты есептелетін индекстер базистік деп аталады. Ал егер салыстыру базасы үнемі өзгерсе (есепті кезең базистік кезеңмен салыстырылғанда), бұл жағдайда индекс тізбекті деп аталады.

 

17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;

Корреляциялық-регрессиялық талдау кезінде нəтижелілік белгісінің бір немесе бірнеше белгі-фактордан тəуелділігін шамамен білдіретін регрессия теңдеуі түріндегі статистикалық модель құрылып талданады жəне байланыстың тығыздығының дəрежесі бағаланады. Алдымен бір факторлық модельді (жұптық корреляция) қарастырайық. Байланыс нысаны қарастырылатын тəуелділік мазмұнының сапасыталдау негізінде анықталады. Сызықтық байланыс теңдеуінің жалпы түрін былайша жазуға болады: yx = a0 + a1 x.Байланыстың теориялық сызығын (регрессия сызығын) корреляциялық байланыс жоғары болған жағдайда ғана мазмұны болады. Регрессия

сызықтарын іздеу, құру, талдау мен іс жүзінде қолдану регрессиялық талдау деп аталады Регрессия коэффициенті мен оның маңыздылығының кездейсоқ

қателігін анықтау. a1 параметрінің кездейсоқ қатесі келесі формула бойынша анықталады: , x ( x)/n 2 2y yax1∑ ∑−σ = − μ,мұнда: х σy−y – теориялық деректерден нақты деректердің ауытқуының орташа квадратының квадратты түбірі ретінде анықталатын байланыс дисперсиясы.

Корреляциялық байланыстар – салыстырмалы, толық емес байланыс. Белгі-фактордың бір мағынасына белгі-салдардың бірнеше мағынасы сəйкес келеді. Байланыс тек нəтижелік белгінің орташа шамасы өзгергенде ғана

білінеді. Басқаша айтқанда нəтижелік белгінің орташа шамасы (кейбірлеулері белгісіз болуы мүмкін) көптеген факторлық өзгерістер дің ықпалымен өзгереді. Мысалы, енгізілген тыңайтқыштың саны мен түсімділіктің арасында байланыс бар. Алайда тыңайтқыш тең мөлшерде енгізілсе де əр түрлі жер телімінің түсімділігі əрқалай. Яғни түсімділікке басқа факторлар да ықпал етеді.

 

18,ҚР сақтандырудың формалары және түрлері.Сақтандыру іс әрекетінің статистикалық зерттеудің міндеттері.Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы)

Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады.Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2) медициналық сақтандыру;

3) автомобиль көлігін сақтандыру;

4) темір жол көлігін сақтандыру;

5) әуе көлігін сақтандыру;

6) су көлігін сақтандыру;

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2022 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав