Читайте также:
|
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрыңғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер бар.Әлемдік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі бар. Олар:
1. Банктік үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банкетр қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Бельгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банкетр өз міндетіне алады.
2.Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пакистанда, Сингапурде). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы десократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол – банкетн алған ақшаға қарағанда – «арзан» ақша болып келеді.
3. Аралас үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банкетр де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).
21Қаржылық баланстар туралы түсінік,оны статистикалық зерттеудің міндеттері.
Қаржылық есептілік мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты-пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы және ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпараттар болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.Қаржылық есептіліктің нысандары мыналарды қамтиды:
- бухгалтерлік баланс;
- пайдалар мен залалдар туралы есеп;
- ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын талаптар Халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері актив және пассив болып бөлінеді
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 269 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |