Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кешенді статистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. Linux өнімдерін қолданушылар

Жоспар:

Құбылыстардың өзара байланысының ұғымы және олардың түрлері Құбылыстар белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығын ашу

Статистикалық талдаудың ұғымы және маңызы

Құқықтық стаистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі объектілері

Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау - әсіресе құбылыстың туындауына екінші факторлар әсер еткенде қажет болады, Яғни, осы құбылыстың туындауына қандай себепші құбылыстар әсер етуі мүмкін екендігін анықтау керек болады. Сондықтан қоғамдық ғылымдар, оның ішінде құқықтық ғылымдар да зерттеу объектісі ретінде қарастырылатын құбылыстарға нендей жағдайлардың (факторлық белгі) әсер етуі, келесі құбылысты немесе салдарды (нәтижелік белгі) тудыратынын анықтап жатады.

Себептілік пен салдардың арасындағы байланыс - бұл субъективтік емес, объективтік категория, яғни тікелей немесе жанама түрде әсер ете алатын уақиғаның туындауын, өмір сүруін білдіреді. Себепті салдарлы байланыс - қоғамдағы құбы-лыстардың көптігінің басты себебі болып табылады, өйткені қоғамда құбылыстың түрі көп десек, оның басты себепшісі, ол құбылыстардың өзара байланысы немесе көпшілік жағдайда себепке жататын құбылыстың сақталуынан қажетті болып табылатын бірнеше ұқсас құбылыстар өмір сүреді.

Құқықтық ғылымдардың ішінде қылмыстық құқық қоғамға қауіпті зардаптың туындауының (нәтиже) басты, тікелей себепшісі ретінде, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалуын (фактор) келтіреді. Қылмыстық құқық себепті салдарлы байланысты барынша тар, нақты түрде алады. Ал қылмыстылықты әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін ғылым - криминология -себепті салдарлы байланысты өз зерттеу тәсілінің бір құрамдас бөлігі ретінде алып, қылмыстылықтың өмір сүруін, басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстырады. Яғни бір ғана құбылыстың түріне жататын қылмыстылықтың себебін бірнеше, әлеуметтік-қоғамдық, экономикалық құбылыс түрлерінен іздейді.

Себеп пен салдарға немесе фактор мен нәтижеге жататын құбылыстар барлық жағдайда бірге бір болып, тең дәрежеде өмір сүрмейді. Яғни салдарға жататын құбылыстың бірнеше себепті құбылыстары болуы мүмкін. Бұл жағдай керісінше де бола алады, яғни себептілікке жататын бір құбылыс бірнеше оның салдары болып табылатын жеке құбылыстарды тудыруы мүмкін.

Егер статистикалық зерттеулерге жататын құбылыстарды жекеше алсақ, онда себеп пен салдардың бірге бір, тең дәреже екенін байқауға болады. Мұндай байланысты әсіресе қылмыстық құқықтағы әрекет пен зардаптың арасындағы тікелей себепті байланыстан байқауға болады. Қылмыстық құқықта, жасалған іс-әрекеттің түрі мен қауіптілік деңгейіне қарай сондай зардап туындауы қажетті болып табылады. Себебі ондағы әрекет пен зардаптың арасындағы байланыс - қажетті, зардап тудырушы сипаттағы байланыс болып табылады. Мысалы кінәлі бөтеннің мүлкін қайтарусыз алғанда, меншік иесіне зардап келеді және ондай зардаптар туындауы үшін, (нәтиже) міндетті түрде меншікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасалуы керек болады (фактор). Статистикада мұндай себепті уақиғаның туындауына байланысты, міндетті түрде келесі уақиғаның туындауы, функционалдық байланысты білдіреді. Функционалдық байланыста екі құбылыстың немесе уакиғаның арасындағы зандылық анық көрінеді.

Іс-әрекет пен зардаптың арасындағы функционалдық байланысқа қылмыстық құқықта келтірілетін кездейсоқ байланысты жатқызуға болмайды. Себебі кездейсоқ байланыста іс-әрекет қоғамға қауіпті болып табылмайды, сондықтан себепті байланыс қажетті байланысқа жатпайды, нәтижесінде іс-әрекет жасаған адамда кінә да болмайды.

Қылмыстылықтың орын алуына (нәтиже) кейбір қоғамдық құбылыстар, тікелей себепші болмай, бірақ ықпал етуі мүмкін болғанда, олардың арасында да байланыс болады және мұндай байланыстар статистикада корреляциялық байланыс деп аталады. Демек криминологияда қарастырылатын қылмыстылықтың жасалуының себептері мен жағдайлары корреляциялық байланысқа жатады. Корреляииялық байланыс - екі немесе одан көп құбылыстардың арасында кең етек алған байланысты білдіреді. Мысалы халықтың арасындағы жұмыссыздық - көптеген меншікке қарсы қылмыстардың басты себебі болып табылуы мүмкін. Корреляциялық байланыс құбылысты міндетті түрде тудырушы байланысқа жатпайды. Мысалы, барлық жұмыссыз немесе әл-ауқаты төмен адамдар ұрлық, тонау қылмыстарын жасап жатқан жоқ. Корреляциялық байланыс жалпылай сипатта болып келеді. Мұны былай түсіну керек. Егер бір қылмыстың себебі кінәлінің жұмыссыздығы болса, ал екінші ұрлықтың себебі, есірткіге құмарлықтан ақша табу бола алады. Демек, корреляциялық байланыста себеп тудырушы құбылыстар көп болып келеді. Немесе олардың жиынтығын шамалап анықтауға да болады. Сондықтан корреляциялық байланысқа түсе алатын себепші уақиғалар міндетті емес, ықтималдық сипатта болады.

Нәтиженің болуына себеп болатын құбылыстарды қылмыстық-құқықтық статистикада анықтау оңай, ол үшін бір тектес топқа жататын қылмыстардың кейбіреулерінің жасалу себептеріне көңіл аударса жеткілікті. Мысалы, адамның мас күйінде болуы, міндетті түрде қылмысқа итермелейтін себеп деуге болмайды. Бірақ қылмыстылықтың елеулі бөлігін бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстар құрайды. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 12189 адам мас күйінде қылмыс жасаған. Бұл барлық қылмыс жасаған адамдардың 12,2%-ын құрайды. Демек, адамның масаң жағдайда болуы қылмыстылыққа итермелеуші себеп ретінде, оның ішінде, қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстардың басты себебі ретінде тануға болады. Себебі қылмыскерлердің ішінде бұзақылық, тонау, қарақшылықтәрізді қылмыстар жасаған адамдардың ортасында қылмысты мас күйінде жасаған адамдардың үлес салмағы елеулі.

Корреляциялық байланыстар тікелей корреляциялық байланыс және кері корреляциялык, байланыс деп белінеді.

Тікелей корреляциялық байланыс - нәтижені білдіретін құбылыстың өмір сүруіне, пайда болуына әсер ете алатын екінші құбылыстың қоғамда сақталуын білдіреді. Мұндай байланыстар криминологияда қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын қарастыруда анықталады. Мысалы, жоғарыда айтқандай қоғамда кедейшілік, жұмыссыздық көп болса, соғұрлым меншікке қарсы қылмыстардың көп жасалуы зандылық болып табылады. Сол сияқты, спирттік ішімдікке немесе есірткі заттарға әуес адамдардың саны соғұрлым көп болса, соғұрлым қылмыстылық ол қоғамда басым болады.

Тікелей корреляциялык байланыстың басты ерекшелігі, ол себепші құбылыстың таралу дәрежесінде, яғни қаншалықты себепші құбылыстар көп болса, соншалықты шамада оның нәтижесін білдіретін құбылыстар да көп туындайды. Бұл байланыс түрі қашанда «+» плюс мағынада болады.

Кері корреляциялық байланыс - нәтижені білдіретін құбылысқа оған қарсы бағытталған құбылыстың әсер ету байланысын білдіреді. Мысалы қоғамда қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған шаралар басым, көп жұргізілсе, соғұрлым қылмыстылық аз жасалады. Мысалы, халықтың дінді ұстануға бет бұруы, әлеуметтік-экономикалық өрлеу, құқық қорғау органдарының қоғамды бақылауын күшейтуі, қылмыстылықтың азаюына себепші болады.

Кері корреляциялық байланыста екі құбылыстың мағынасы, көлемі бір-біріне кері пропорциялы болады және «—» минус мағынаны білдіреді.

Тікелей корреляциялық байланыста, кері корреляциялық байланыста тікелей сызықты және қисық сызықты нысанда бейнеленуі кездеседі. Бұлар бір белгінің екінші белгіге әсер ету нысанын білдіреді.

Тіке сызықты байланыс себепті білдіруші (факторлық белгі) құбылыстың көбеюіне қарай, салдарды білдіретін құбылыстың да кебеюін (тікелей корреляциялық байланысты) немесе азаюын (кері корреляциялық байланысты) көрсетеді.

Қисық сызықты байлаиыс - бір себепті білдіруші құбылыстың немесе белгінің нәтижені білдіретін құбылысқа үнемі бірдей бағытта әсер етпеуін немесе белгілі бір уақыттар өткенін кейін кері байланыста, бағытта болуын білдіреді. Мұндай жағдайларды еткен уақыттардан байқауға болады. Мысалы 1985 жылдан кейінгі Горбачевтың спирттік ішімдікке қарсы саясаты көптеген республикаларда, облыстарда жүзімдіктердің жой-ылуына, арақ-шарап заттарының бағасының әдейі көтерілуіне және белгіл бір уакыттарда (кешкі уақытта) ғана сатылуына әкелді. Бұл себепті (факторлық) құбылыс. Осы себептен бастапқы уақыттарда қылмысты мас күйінде жасау аз болғанмен, артынан қылмыстылықтың басқа түрінің көбеюіне, мысалы, спирттік ішімдіктерді қолдан жасап сату қылмысының көбеюіне әсер етті. Бұл нәтижені білдіретін құбылыстың бағыты. Яғни мұндай жағдайды сызықпен бейнелесек, ол бастапқыда ішімдікке тыйым салынуына байланысты азайып отырып, (бұл кері корреляциялық байланыстағы тіке сызықты білдіреді), бір-екі жыл өткеннен кейін, арақ өнімдерін қолдан жасап сату қылмысының көбеюіне (сызық мұндай кезде бұрылып ассиметриялы түр көрсетеді) қарай ұласты.

Статистикада корреляциялық байланыстың жұпты корреляция (парная корреляция) және көптік корреляция (множественная корреляция) деген түрлері келтіріледі.

Жұпты корреляция фактор ретіндегі белгімен салдар ретіндегі белгінің арасындағы байланыстың зерттелуін білдіреді. Мұндай байланысты кейде бір факторлы деп те атайды.

Сондықтан кейде құбылыс белгілерінің арасындағы байланыстар көп факторлы да бола алады. Мұндай байланысты статистикада «көптік корреляция» деп атау қалыптасқан және ол көптеген факторды немесе себепті білдіретін белгілердің салдар белгісімен байланысын білдіреді.

Жұпты корреляция тек екі белгінің байланысын анықтауға бағытталғандықтан, оны есептеу тәсілі аса қиындық тудырмайды және құқықтық статистикада салдарды білдіретін құбылыспен байланысты құбылыстар жиі байқалатындықтан кеңінен қолданылады. Көптік корреляцияны құқықтық статистикада кеңінен қолдануға негіз бар. Өйткені қылмыстылықтың (салдар) таралуына жағдай жасайтын себептер біреу ғана емес. Сондықтан криминологиялық зерттеулердің қажеттілігін өтеу мақсатында бұл тәсілді кең қолдануға негіз бар.

Тегінде, құбылыстардың арасындағы байланыс пен оның түрі, құбылыстың өзін қарастыратын ғылымдарда келтіріледі. Кұқықтық статистикада да кей құбылыстардың арасындағы байланыс тығыздығы зерттеледі. Ол байланыстар құқық салаларымен, ал қылмыстылық бойынша криминологиямен белгіленеді. Ал статистика ол байланыстардың мөлшерін есептеп берумен айналысады.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав