Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. Linux өнімдерін қолданушылар

Статистикалық жұмыстың соңғы сатысы-қорытылған мәліметтерді талдау болып табылады. Статистика пәні ғана емес, өзге ғылым салалары да өз зерттеу объектілерін талдаумен айналысады. Талдау –барлық ғылымда негізгі міндетті іске асыратын құрал ретінде қолданылады және әр ғылым саласында ерекшелігіне қарай әр түрлі тәсілде, сипаттамада жүргізіледі.

Әдетте, қоғамдық ғылымдарда талдау жүргізу үшін, зерттеуге жататын құбылысты жіктеу, өзге құбылыстардан ажырата отырып түсінік беру, белгілерін анықтау тәсілдері қолданылады.

Қорытылған статистикалық көрсеткіштер, статистиканың негізгі бастамасы болып табылатын ілімдер зерттейтін белгілерінің сипаттамасын білдіргенмен, талдау жүргізу қызметіне келгенде, ол ілімдермен ұқсас бағытта жүргізілмейді.

Талдау - кез келген танымның негізгі міндетінің атқарылуын білдіреді, яғни талдау жүргізу арқылы зерттеудің қорытындысын ғана шығарып бермей, сол қорытындыға жеткізер құрал ретінде де қолданылады. Қылмыстық құқық пәні өзінің міндетін іске асыру үшін, ерекше бөлімде қарастырылған жекелеген қылмыстық құрамдардың объективтік және субъективтік белгілерін анықтау арқылы құқықтық талдау жүргізіп, өзінің таным саласы ретіндегі міндетін атқарады. Криминология - өзінің басты міндеті ретінде, қылмыстылыққа әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізуді көздейді. Ол үшін қылмыстылықты әр түрлі демографиялық, әлеуметтік, құқықтық белгілерге қарай топтастырып алып, қылмыстылық түріне түсінік береді, құрылымың динамикасын т.б. анықтайды, мұнан кейін сол қылмыстылық түрін жасайтын адамдардың жеке басын зерт-теп, қылмыстылықтың жасалу себептері мен жағдайларын ашады және соңғы кезекте нақты қылмыстылық түрінен (мысалы кәмелетке толмағандар қылмыстылығынан) сақтандыру немесе оның алдын алу тәсілдерін қарастыру арқылы өзінің талдау қызметін іске асырады. Көріп отырғанымыздай, зерттеу объектісі ұқсас екі таным саласының талдау тәсілдері әр түрлі, яғни қылмыстық құқық қылмыстылықты құқықтық тұрғыдан талдаса, криминология оны әлеуметтік тұрғыдан алып талдаумен айналысады.

Құқықтық статистикада көпшілік жағдайда зерттеу объектісі ретінде, өзге құқықтық мағынадағы құбылыстарды емес, қылмыстылықты алады. Соған орай құқықтық статистика қылмыстылықты қандай тұрғыда, бағытта талдайды деген сұрақ туындайды. Статистика өзінің талдау міндетін өзге ғылымдармен салыстырғанда кең көлемде жүргізеді деуге болады. Мұндай тұжырымның дәлелі ретінде, құқықтық статистикада барлық құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың немесе заңмен қор-ғалатын қоғамдық қатынастардың есепке алынуын, ол мәліметтер бойынша жан-жақты сұранысты қанағаттандыратын есептеулердің жүргізілуін, бір тектес немесе өзара байланысы бар құбылыстардың байланысы дәрежесінің анықталуын, сонымен қатар өзге ғылымдарда да қарастырылатын қоғамдық құбылыстардың құрамындағы әр түрлі зандылықтардың ашылуын келтіруге болады.

Құқықтық статистика - әлеуметтік құқықтық құбылыстарды талдаудың маңызды құралы болып табылады. Құқықылық статистикада қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметтеріне дұрыс тәсілдерді қолданып есептеу жүргізу және зерттеуге алынған құбылыстың өзге құбылыстармен занды байланысын ашып беру - өзге ғылымдардың талдау жұмысын дұрыс, сапалы жүргізуіне жағдай жасайды. Себебі көпшілік жағдайда, қоғамдық ғылымдар нақты өмірдің шынайылығын теориялық тұрғыдан зерттеумен айналысатындықтан, сол өмір шындығын өз зерттеулерінде қолдануға мәжбүр болады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ол ғылымдар (мысалы криминологияда, әлеуметтануда т.б) статистикалық мәліметтерге, оның ішінде толық талдаудан өткен сандық көрсеткіштерге жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан салалық статистикалар өз талдауын толық, әрі қатесіз беруі керек. Дұрыс жүргізілген статистикалық талдау -әр түрлі ғылымдарға әлеуметтік шындықпен жақындасуына, оны өз талдауларында пайдалануына жағдай жасайды. Осындай қажеттіліктерді ескере отырып, статисти-калық талдау — бұл бақылау және топтастыру, сондай-ақ есеп-теу нәтижесінде алынған сандық көрсеткіштерді басқа қажетті көрсеткіштермен салыстыру, олармен байланыс дәрежесін анықтау арқылы тиісті қорытындылар, бағалау беру болып табылады деуге болады.

Статистикалық талдау - статистикалық жұмыстың соңғы әдісі және кезеңі дегенмен, сандық мәліметтерді талдаудың нышаны, оның кез келген сатысында байқалады. Соған орай статистикалық талдау ұғымын тар және кең мағынада қарас-тыруға болады. Кең мағынада талдау — нақты қоғамдык, құбылыстың түрін (мысалы тіркелген қылмыстылықты) өзге ұқсас құбылыстардан ажырата қарастыруды, жиналған мәліметтерді қажетті белгілерге қарай бір тектес топтарға бөліп шығаруды және сол мәліметтерге математикалық есептеу тәсілдерін қолдану арқылы сұранысқа ие көрсеткіштерді анықтауды білдіреді.

Әдістемелік нұсқау:

Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау - әсіресе құбылыстың туындауына екінші факторлар әсер еткенде қажет болады, Яғни, осы құбылыстың туындауына қандай себепші құбылыстар әсер етуі мүмкін екендігін анықтау керек болады.

Бақылау сұрақтары:

Құбылыстардың өзара байланысының ұғымы және олардың түрлері

Тікелей коррекциялық байланыс

Кері коррекциялық байланыс

Тіке сызықты байланыс

Қисық сызықты байланыс

Құбылыстар белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығын ашу және өлшеудің әдістері

Стаистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Общая теория статистики. Статистическая методология в изучении коммерческой деятельности: Учебник / Под ред. А.А. Спирина, О.Э. Башиной. М.: Финансы и статистика, 1994.

2. Статистический ежегодник Казахстана: Стат. сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1998-2001.

3. Статистический словарь.. 2-е изд., перераб. и доп. / Гл. ред. М.А. Королев. М.: Финансы и статистика, 1898.

4. Судебная статистика: Преступность и судимость (современный анализ данных уголовной судебной статистики России 1923-1997 годов) / Под ред. И.Н. Андрюшечкиной. М.: РИЮД, 1998.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав