Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндірістік тәжірибені дайындау мен ұйымдастыру

Читайте также:
  1. Аржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
  2. Аржылық бақылауды ұйымдастыру
  3. Балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу
  4. Дайындау және ќабылдау формасы бойынша басќару шешiмдерi бөлiнедi C.жеке жєне алќалы
  5. Еңбек төлемін ұйымдастыру
  6. Еліміздегі өндірістік қуаттар азық-түліктің шығарылуын өсіруге мүмкіндік береді.
  7. Инвестициялар өндірістік қорларды қаржьшандырудың кезі ретінде. Инвестициялық климат . Инвестициялық жоба және фазалары
  8. Йым статистикасы» пәнінен кәсіби тәжірибенің тақырыптық жоспары
  9. Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыру
  10. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен міндеттері

Өндірістік тәжірибені мамандық бойынша білім алушылар әр түрлі саладағы ұйымдар мен кәсіпорындарда өткізе алады. Тәжірибені ұйымдастыру және бағдарламаның орындалуына

жауапкершілік кәсіпорындардың, орталық және жергілікті уәкілетті органның (қаржы органның) және мемлекеттік мекеменің басшыларына жүктеледі. Олар тәжірибенің жалпы жетекшісі болады. Ал нақты оқушылардың тәжірибесіне бағдарламаның жеке курстары мен тарауларына тікелей жетекшілікті бөлім бастықтары, бас бухгалтерлер немесе оның орынбасарлары жүргізеді.

Кәсіби тәжірибеніңмақсаты мен міндетін іске асыру кәсіпорынның қызмет аясының негізінде, оның ұйымдастыру-құқықтық формасында жүргізіледі және заңды өзгерістерді қолдану керек.

Тәжірибеден өту мекемелері әртүрлі саладағы қызмет жүйесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті статистикалық, сондай-ақ басқа да басқарушылық қызметтегі органдар.

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің міндеті:

- білім алушының жұмыс орнын қамтамасыз ету

- білім алушыға қажетті мәлімет беру

- жұмысты сауатты, уақытымен орындауға талап ету

- білім алушының бекітілген бағдарламаға, жоспарларға сәйкес жұмысына жетекшілік ету

- тәжірибе аяқталғанда жазбаша сипатта әрбір тәжірибелік жұмыстың орындалу есебіне қол қою

- білім алушының өткен тәжірибе ісіне мінездеме беру

Колледжден тәжірибе жетекшісінің міндеті:

Өндірістік тәжірибенің әдістемелік және ғылыми жетекшілігіне білім алушыларға арнайы пәндерді жүргізетін оқытушыларды тағайындайды. Тәжірибенің басында оқытушы білім алушыларға тәжірибе өткізу ерекшеліктерін түсіндіреді: тәжірибенің мақсаты мен міндеттерін, оның мазмұнын, күнтүзбелік жоспар мен өндірістік тәжірибе күнделігін толтыру тәртібін, білім алушының құқығы мен міндеттерін, тәжірибелік есептің мазмұнын, есептің рәсімделуін, уақыты мен тапсыру тәртібін анықтайды.

Оқытушы жетекшінің тәжірибе өткізу барысындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- тәжірибені өткізудің жұмыстық бағдарламаларына сәйкес жетекшімен келісу.

- білім алушыларға тәжірибені жоғары сапада қатаң бекітілген оқу жоспары және бағдарламасына сәйкес өткізуге

- білім алушының есепті құру бойынша сұрақтарына, сонымен қоса есеп беру үшін материалдарды жүйелеу мен таңдауға кеңес береді.

- білім алушылардың күнтізбелік тақырыптық жоспарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға

-өндірістік тәжірибе бойынша белгіленген мерзімде білім алушының есебін тексеруге

 

 

- сақтандыру қызметінің міндеттері және мақсаттарымен, ұйымның және бөлімнің құрылымымен, олардың атқаратын қызметімен, сақтандыру түрлерімен танысу

- сақтандыру қызметін болжау және жоспарлау, сақтандыру төлемдерінің түсу әдістерін жоспарлау; мүлікке, жеке сақтандыруға заңды тұлғаларға белгіленген салық ставкасын зерттеу, оларды есептеу әдістері.

- сақтандыру жауапкершілігі, сақтандыру келісім-шарты, сақтандыру ережесі және төлем, нарықтағы маркетингтің сақтандыру қызметі туралы сұрақтарын қарастыру.

- сақтандыру ұйымының қаржысымен байланысты: табыс, шығын, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, қалыптасу тәртібі, орналасуы, түсімдерді қолдану, тәуекелдер, бағалау және амортизация, ұйымның сақтандыру қаржысының қоры және басқа да сұрақтарын зерттеу.

- сақтандыру төлемдерінің түсуін, қаржылық операциялар нәтижесін, сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалауда статистикалық талдауды жүзеге асыру.

- Статистикалық есеп берумен түрлерімен танысу.

 

 

- көлеңкелі экономиканы бағалауда салық органдарының мәліметтерін статистикалық жұмыстарда қолдану мүмкіндіктерін бағалау.

Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы тәжірибе.

Тәжирибеден өтетін білім алушы танысуы керек:

- ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен және мақсаттарымен, міндеттерімен, құрылымдық бөлімдердің тізбесімен, оған кіретін құрамымен, ол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің санымен танысу.

- ақпараттық жүйені зерттеу: ішкі және сыртқы көздер, есеп беру, есеп беруші бірліктер аймағы, есеп беру мерзімі және тәртібі, мерзімді жұмыстар, жоғары басшылыққа тапсырылатын есептер, статистикалық анықтамалар, жергілікті басқау органына тапсырылатын ақпараттар және ақпараттың айналымы туралы жалпы мінездеме беру.

- аумақтағы жалпы және әртүрлі салалардың қызметінің аналитикалық жұмыстарын ұйымдастыру жүйесін жоспарлау және болжау

- орындалатын жұмыстың әдістерін қарастыру

Мысалы, қаржылық органдарда тәжірибені өтерде білім алушы келесідей дағдыларды қалыптастыруы керек:

- кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметін талдау

- бюджетке төленетін барлық төлем түрлерін болжау, аудандық, қалалық және республика бойынша жалпы бюджеттің болжамды есебін жасау, бюджеттің орындалуын талдау.

- әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру сметасын құру.

- бюджеттік қаражат, несиелік ресурстарды пайдалану тиімділігіне толықтай бақылау жүргізу.

Сақтандыру компанияларындағы тәжірибе.

Тәжірибеден өтетін білім алушының міндеті:

 

 

Зерттеу нәтижелері бойынша білім алушылардың тәжірибе есебінің жетіспеушіліктерін тәжірибе бойынша жетекші көрсетеді және сұрақтар қояды, оған білім алушылар жеткілікті түрде жауап берулері қажет. Оқытушы жетекші сонымен қоса білім алушылардың жеке тапсырмаларды орындағаны жөнінде қорытынды береді. Өндірістік тәжірибе құжаттары мен білім алушы-тәжірибешінің оны қорғау қорытындысы бойынша оқу орнынан тәжірибе жетекшісі баға қояды.

Білім алушы тәжірибе өтушінің міндеті:

- Бекітілген мерзімде тәжірибе өту орнына бару

- Кәсіпорында жүргізілетін ішкі тәртіптерді және еңбек заңы талаптарын қатаң қадағалау

- Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша кесте құру

- Кафедра бекіткен жетекшінің ақыл-кеңестерін пайдалану керек

- Қаржылық есеп әдістемесі мен ұйымдастырылуы бойынша нормативті ережелер мен заңдарды оқу

- Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша күнделік толтырып тексеріске беріп отыру

Тәжірибенің бірінші күні оқушы ұжыммен танысады, басшымен бірге нақты жұмыс жағдайына байланысты тәжірибеден өтудің жұмыс жоспар-кестесін құрады. (Қосымша №1) Онда оқушы танысатын, бөлім орындайтын барлық жұмыс түрлері ескерілуі керек.

Ескерту: күнтізбелік-тақырыптық жоспар міндетті түрде сол кәсіпорынның мөрімен расталуы тиіс

Білім алушы тәжірибеден өту барысында анықталған нысан бойынша күнделік – есепті жүргізу керек. Онда машықкер орындаған жұмыстар көрсетіледі. Күнделік – есептегі жазбалар күнделікті жазылу керек.

Өндірістік тәжірибеге шығар алдында білім алушы кафедрадан алуы керек:

- Тәжірибеге бағыт (деканаттан)

- Күнделік (деканаттан)

- Бағдарлама (кітапханадан)

Тәжірибе аяқталғаннан кейін білім алушы колледж жетекшісіне тапсыруы керек:

· Тәжірибенің бағыттық парағын, онда тәжірибе орнына келгені және кеткені туралы кәсіпорынның белгісі (мөрі) соғылуы керек

· Тәжірибе бағдарламасының орындалғаны туралы есепті жазбаша түрде әкеледі. (30-40 бет). Есепке құжаттардың көшірмесі, яғни тәжірибеде істеген жұмыстары қоса тігіледі. Егерде көшірме болмаса, білім алушы өз қолымен көшірген құжатты көрсетуі керек. Қосымшалар нөмірленеді. Есеп тақырыптық жоспар негізінде жазылады.

· Толтырылған күнделікті тапсырады. Күнделіктің соңында сипаттама парағы, яғни өндірістік тәжірибеде істеген жұмысы туралы қысқаша түсінік беріліп, қорытынды баға тұруы керек: „үздік“, „жақсы“, „қанағаттанарлық“, „қанағатсыз“. Сипаттама жетекші қолымен және кәсіпорынның мөрімен расталады.

· Кәсіпорын мөрімен расталған білім алушы туралы мінездемені өткізеді.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 124 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав