Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аналіз рядів розподілу

Читайте также:
  1. E. Руховий аналізатор.
  2. V. ЕТАП САМОАНАЛІЗУ, ГРУПОВОЇ РЕФЛЕКСІЇ ТА САМОРОЗВИТКУ
  3. Аналіз активно-пасивних операцій ломбардів.
  4. АНАЛІЗ ВАЛЮТНОГО РИНКУ ТА ОПЕРАЦІЙ НА ВАЛЮТНОМУ РИНКУ
  5. Аналіз виконання договірних зобов’язань
  6. Аналіз виконання договірних зобов’язань
  7. Аналіз виконання договірних зобов’язань
  8. Аналіз виробництва культури
  9. Аналіз витрат і собівартості продукції рослинництва
  10. Аналіз витрат на виробництво продукції

1 сұрақ. Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді:

- статистикалық бақылау

- статистикалық мәліметтерді жинақта, топтау

- статистикалық мәліметтерді қорытындылау,талдау.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау — статистикальқ зерттеудiң екiншi сатысы больп табылады жене ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердiң өзгерiсiн зерттеуде шешушi рөл аткарады. Бұның негiзгi мақсаты — статистикалық бакылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге қорытынды жасау.

Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары.. Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негiзiнен, жинақтау кезiнде кiмдердiң қандай жұмыс атқаратындығы және оның қашан, кай уақытта орындау қажеттiгi толық карастырылады. Сонымен бiрге жиналған мәлiметтердi өңдеу тәсiлдерi анықталып, кестелердiң үлгiлерi жасалынады. Статистикалық мәлiметтердi жинақтау жай және күрделi болып екігебөлiнедi.

Жай жинақтау дегенiмiз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды керсеткiштерiн есептеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңiл түрi және ол жиналған мәліметтердiң керсеткiштерiн қосу арқылы есептеледi. Мысалы, республикамыздағы студенттердiң жалпы санын анықтау үшiн барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердiң санын есепке алып, қосамыз.

Күрделi жинақтау дегеніміз алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бiрліктерiн топқа бөлу және әрбiр топ бойынша сол жинақтардың жалпы мөлшерiн есептеп шығару. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбiр жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi мамандықтарына қарай қосу аркылы есептеймiз жене т.с.с.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау екi түрлi жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бiрiншi жолы — барлық мәлiметтердi бiр орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы, баланың тууы, адамның өлуi, некелесу жене ажырасу туралы есептеулердi алуға болады. Ұйымдастырудың екiнші жолы алғашқы мәлiметтер төменгi сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәлiметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады.

Сонымен, жалпы алғанда, статистикакалық жинақтау деп, бақылау нәтижесiнде жиналған бастапқы мәлiметтердi ғылыми жүйеде өңдеудi және жиынтық бiрлiктерiн өздерiне тән белгiлерi бойынша топқа бөлiп, қорытынды корсеткiштердi есептеудi айтады. Демек, мәлiметтердi жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделi есептеу тәсiлдерiн колдануды талап етедi.

2 сұрақ. Статистикалық топтау әдiсi деп, қоғамдық құ6ылыстар мен процестердi өздерiне тән белгiлерiне өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешелiктерiне, түрлерiне, үлгiлерiне сәйкес бiр-бiрiнен ажыратуға болатын топтар мен iшкi топтарға бөлудi айтады. Топтау әдiсiнiң алдына қойған өз максаты мен мәнi бар. Оның басты мақсаты — жиналған мәлiметтерге талдау жасау үшiн ретке келтiрiп, ықшамдау, өзгермелi белгiлерiне қарай iрiктеу, жиынтық бiрлiктерiн қанша топқа бөлу керек екендiгiн анықтау жеке керсеткiштер жүйесiн белгiлеу. Статистикалкалық топтау бiр үлгiдегi типтік,құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлiнедi. Бiр үлгiдегi (типтiк) топтаудың мақсаты бiртектес топтарды, типтердi, сыныптарды әлеуметтiк-экономикалық түрлерiне қарай саралау болып табылады. Бiр үлгiдегi топтау төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:

1) алдын-ала, пайда болатын типтердi, сыныптарды өздерiне тән сапалық белгiлерiне қарай анықтап, белгiлеп қою;

2) топтау белгiлерiне сай топтарды анықтау;

3) жиналған сандық көрсеткiштердi белгiленген топтарға бөлу.
Бір үлгiдегi топтау экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиi қолданылады. Сонымен, бір үлгiдегi (типтiк) топтау дегенімiз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлi бағыттагы жиынтьқ көрсеткiшiтердi сапалық жағынан бiр жүйеге келтiрiп, топтарға бөлуi және оның қорытынды көрсеткiштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау бiртектес, бiркелкi жиынтық бiрлiктерiнің өзгерiсiн өздерiне тән белгiлерiне қарай бөлудi айтады. Бұл топтау әлеуметтiк-экономикалық кұбылыстар мен процестердiң құрамын зерттеу кезiнде кеңiнен қолданады.

Талдаулық топтау. Бiр-бiрiне әсерiн тигiзетiн талдаулық топтаудың себептiк белгiлерi қоғамдық, құбылыстың өзгергендiгiн, ал нәтижелiк белгiлерi сол себептердің тигiзген әсерiн, көрсетедi. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесiн жоғарылату себептік белгiге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуi нәтижелік белгiге жатады.

Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгісі қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса онда қайта топтау әдісі қолданылады.Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:

- бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру;

- әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлес бойынша қайта топтастыру.

3 сұрақ. Статистикалық мәліметерді топқа бөлу кзінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі керек. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты. Топтау негізгі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа –еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы – сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді.

Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүтін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды өзгермелі топтауға жатқызылады. Ал ондағы бөлшекпен алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі немесе отбасындағы баланың саныжәне т.б. Мұндай топтауды жүргізу жеңіл болады және сандық көрсеткіштері анық көрсетіледі.

Егер топтау белігілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда деңгей аралықты топтау деп аталады. Денгей аралықты топтауды жүргізбес бүрын, ең алдыментоптық саны мен деңгей аралығының шамасын анықтап алуымыз қажет. Мұны шешу алға қойылған топтаудың мәні мен мақсатына, зерттеу зерзатының (объектісінің) көлеміне, сандық көрсеткіштердің мөлшеріне қарауымыз керек. Статистикалық топтау кезінде әрбір топтың деңгей аралығының шамасы тұрақты, бірдей немесе тұрақсыз әр түрлі өзгермелі сандармен берілуі мүмкін. Егер топтау белгісінің сандық шамасында онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты
денгей аралықты топтау әдісін қолдануға болады. Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему бағытында болуы мүмкін, ал тұрақты деңгей аралықты шамада, шектік сандық көрсеткіштер барлық топтар үшін бірдей болады. Денгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Онда оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады:

d=Õê¼ï—Õàç/n

d - денгей аралығының тұрақты шамасы, Хквп және Хаз топтау белгісінің ең үлкен жөне ең кіші саңдық мәндерінің шамасы, n - топтың саны.

Сонымен, әрбір топтың жоғары және төменгі шектерінің арасындағы сандық өзгеріс, яғни айырмашылық топтаудың денгей аралығының тұрақты шамасы деп атайды. Төменде деңгей аралығының тұрақты шамасын анықтау үшін мысал ретінде 25 зауыттық көрсеткіштері берілген:

5-кесте. Деңгей аралығының тұрақты шамасы

Зауыттардың рет нөмірі Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың тенге Шығарылатын өнім, мың тенге
  10,6 7,4 5,6 12,6 3,1 10,7 5,0 7,7 12,8 1,9 5,4 4,3 4,8 2,5 10,0 11,2 2,0 1,5 9,0 13,5 7,1 6,3 8,4 9,6 8,8 8,0 4,3 4,9 11,6 3,5 8,4 4,3 6,6 11,9 2,1 4,1 4,0 4,4 2,2 8,0 10,9 2,1 1,6 7,7 12,6 4,9 4,3 6,6 10,6 8,1

Берілген мөліметтер бойынша зауыттарды негізгі қорлардың жылдық құнына қарай деңгей аралығы бірдей 4 топқа бөлу керек болса, онда деңгей аралығының тұрақты шамасы

d=Хкөп—Хаз/n=13,5-1,5/4=3,0 мың теңгеге тең болады.

Енді әрбір топтың деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шекарасын (шегін) анықтаймыз.Берілген мәліметтердің сандык көрсеткіштеріне байланысты бірінші топтың төменгі шегінің мәні 1,5 мың теңгеге деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 мың теңгені қосу арқылы осы топтың жоғаргы шегінің сандық мәнін табамыз, яғни ол 4,5 мың теңгеге (1,5+3,0=4,5) тең болады. Енді екінші топтың деңгей аралығының мәнін табу үшін бірінші топтың үлкен мәнін екінші тоштың кіші мәні ретінде аламыз да, оған тағы да деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 мың теңге қосып, екінші топтың деңгей аралығының жоғары мәнін табамыз, енді ол 7,5 мың теңгеге (4,5+3,0=7,5) теңболады. Ос тәсілмен келесі топтардың да деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шектерінің сандық мәндерін есептеуге болады.

Демек, жоғарыда берілген көрсеткіштердің топтық мәндері бойынша деңгей аралықтары бірдей 4 топ қүрдық жене о л төмендегідей түрде жазылған: 1,5-нан 4,5-га дейін; 4,5-нан 7,5-га дейін; 7,5-нан 10,5-га шейін жөне 10,5-нан 13,5-га шейін.

Кейінгі кездері бұл жазуларды -пан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен, -га жалғаулары мен дейін, шейін деген шылаулардың орнына жеңілдетілген мағынада сызықша "-" белгісі қойылады да,4.5-кестеде көрсетілген топтау түрінде жазылады.

Топтау мәндерінің мағынасына байланысты мынандай жағдайды ескерген жөн болады: 4,5 мың теңгелік негізгі қоры бар зауыт топтаудың қатар жатқан тобының жоғарғы және төменгі сатысында екі рет кездеседі. Онда оны қай топқа жатқызуымыз қажет, 1-топқа ма, жоқ әлде 2-топқа ма? Оныанықтау үшін мына ережені естен шыгармау керек:

а) топтау негізінің барлығында әр топтың екі шегі бірдей көрсетілген болса, онда оның сол жағындағы мәні осы топқа да оң жағындағы мәні келесі топқа жатқызылады. 4,5 екінші топқа, ал 7,5үшінші топқа кіргізіледі; ә) топтау негізінің алғашқы және соңғы тобы ашық, ал ол топтары жабық түрде берілетін болса, онда оны анықтау үшін топтаудың ең соңғы тобына назар аударуымыз қажет Егер соңғы топ белгілі бір саннан жоғары (13,5-тен жоғары) деп берілсе, онда әрбір топтың үлкен мәні сол топқа жатқызылады. Ал соңғы топ белгілі бір саннан және одан жоғары (І3,5-тен және одан жоғары) деп көрсетілсе, онда ол келесі топтың кіші мәні ретінде сол топқа жатқызылады.

6-кесте - Зауыттарды орташа жылдық негізгі қоры бойынша топтау

Зауыттардың негізгі қор бойынша топтау, мың тенге Зауыттар саны Негізгі қордың ортша жылдық құны, мың тенге Шығарылған өнім көлемі, мың тенге
Барлығы Бір зауытқа шаққанда Барлығы Бір зауытқа шаққанда
1,5-4,5 4,5-7,5 7,5-10,5 10,5-13,5 Áàðëû¹û:   15,3 41,6 53,5 71,4 181,8 2,5 5,9 8,9 11,9 7,3 15,5 33,2 47,6 63,4 159,7 2,6 4,7 7,9 10,6 6,4

Көп жағдайда деңгей аралықты топтаудың шекарасын бірнеше түрмен жазуға болады және ол іс жүзінде еркін жүргізіледі. Егер топтаудың негізіне алынып отырған шама бүтін санмен берілген болса, онда 1-топтың денгей аралығының жоғары шегінен 2-топтың деңгей аралығының төменгі шегінің 4 санға ғана айырмашылығы болады. Мысалы, 0-5, 6-10, 11-15 және тағы сол сияқты деп анықтап топтауға болады. Егер топтау негізінің шамасы бөлшекті санмен сипатталса, онда деңгей аралығының жоғары және төменгі шамалары деңгейдің бір бөлігіндей ғана айырмашылықта болады. Мысалы, 1,0-5,4; 5,5-10,0; 10,1-15,0 және т.с.с. Бұл топтау әдісі зерттеп отырған жиынтық туралы кең шынайы, нақты сипаттама беретін және бір-бірімен тығыз байланысты көрсеткіштер жүйесінің зандылығын анықтайтын статистикалық жұмыстың негізгі бір сатысы болып табылады. Атап айтқанда, 5-кестеден біз мынандай заңдылықты байқаймыз. Зауыттардың негізгі қоры неғурлым көп болатынболса, соғурлым олардың экономикалық басқа көрсеткіштері де жоғары болады. Мысалы, негізгі қордың мөлшері мен өндірілген өнімнің арасында өзара байланыс бар екенін байқау қиын емес. Сонымен негізгі қор мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын өндірілген өнім көлемі де соғұрлым көбейеді. Сондай-ақ, басқа да көрсеткіштерді есептеп, талдау жасауға және олардың арасындағы өзара байланыстылықты толық анықтауға мумкіншілік туады.

4 сұрақ. Қайта топтау. Статистикалық топтау өдісінің ішіндегі негізгі және жиі қолданылатын түрі екінші реттік қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсет-кіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса, онда қайтатоптау әдісі қолданылады. Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: біріншісі - бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың денгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ipi топтарға айналдыру; екіншісі - әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Екі тәсілді де қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылымында қандай шамамен берілсе де, түрлі топтық өзгерістер кездеседі.

Қайта топтау әдісін қолдануды іс жүзінде көрсету үшін төмендегі мысалдарға көңіл аударайық:

Бірінші мысал. Төменде зауыттардың негізгі қорлары бойынша топтастырылғанкөрсеткіштері берілген (7-кесте):

7-кесте - Зауыттардаң негізгі қоры бойынша топтау (бастапқы топтастырылған турі)

зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, млн. теңге Зауыттар саны, % есебімен Өндірілген жалпы өнім, % есебімен
1-3 3-5 5-10 10-15 15-20 20-25 25-30 30-35 35-40 40-45 45-50 50 және одан жоғары Барлығы 4,6 5,7 7,9 11,3 16,9 23,0 27,0 2,7 2,9 2,3 3,7 2,0 100,0   0,6 2,1 4,1 7,2 11,8 18,9 31,4 4,8 5,0 4,0 6,4 3,6 100,0

Осы берілген көрсеткіштерге қайта топтау әдісін қолдану арқылы зауыттарды негізгі қоры бойынша төмендегі топтарға бөлеміз. 5-ке дейін, 5-10, 10-30, 30-50, 50 және одан жоғары.

Мұндай жағдайда қайта топтау әдісінің бірінші тәсілі қолданылады, яғни ұсақ топтар денгей аралығын қосып; көбейту арқылы ipi топтарға айналдырылады және оның қорытындысы бойынша жаңа кесте құрылады (8-кесте):

8-кесте - Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау (кайта топтастырылған түрі)

Зауыттардың негізгі қоры бойынша топтау, млн. тенге Зауыттар саны, %есебімен Өндірілген жалпыөнім көлемі, %есебімен
5-ке дейін 5-10 10-30 30-50 50 және одан жоғары Барлығы 10,3 7,9 78,2 11,6 2,0 100,0 2,7 4,1 69,3 20,3 3,6 100,0

Біздің мақсатымыз - зауыттарды негізгі қордың мөлшері бойынша ұсақ топтардан ipi топтарға айналдырып қана кою емес, оның басқа көрсеткіштермен каңдай заңдылықпен байланысты болатыңдырын анықтау және ұсақ топтарға қараган­да ipi топтарға қорытынды талдау жасаужұмыстарын жеңілдету.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау кезінде көптеген қызықты сандық көрсеткіштер алынады. Мұнда қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көлемі және олардың бір-бірінен белгілері бойынша өзгешеліктері көрсетіледі. Бірінші көрсетілген өсіңкілік қатардың зандылықтары және ол алдағы тақырыпта толык, қарастырылады. Ал осы бөлімде жоғарыда көрсетілген көрсеткішттердің екінші жағы қамтылады. Оны статистикада таратпалы қатарлар деп айтады.

Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады. Таратпалы қатарлар берілген белгілеріне қарай сандық және сапалық (атрибуттік) болып екіге белінеді.

Егер жиынтық бірліктері сапалық белгілері бойынша топталып, ретке келтірілетін болса, яғни сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде берілетін болса, онда мұндай бөлінуді сапалық таратпалы қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде халықты жыныстық, ұлттық құрамына, білім дәрежесіне, жұмысшыларды мамандығына қарай бөлуді жатқызуға болады.

Сапалық таратпалы қатарды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойыншанақты немесе қатысты шама түрінде жеке көрсетіледі.

5 сұрақ. Статистикалық кесте дегеніміз - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.Статистикалық кестенің екі элементі: бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистакалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі.Баяндауыш дегеніміз — зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.

Кесте құрастырудың негізгі ережелері бар: кестенің жоғарғы жағында оны нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда, бір өлшемнің ғана аты берiлген болса, онда оны кестенiң жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері р түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет.

Кейбір жағдайларда кестенің бағаналары көп болатын болса, онда бастауышты әріппен, ал баяндауышты санмен көрсетеді. Еске сала кететін бір жай, кестенiң бастауышы мен баяндауышы ете көп болып берiлмеуі керек. Себебі, кестенiң көлемі неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, керекті көрсеткіштерді жеке кесте арқылы көрсетуге тырысқан жөн.

Кестеде есептелінген мәліметтер берілген болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.

Бастауштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді

Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, қүбылыстар, объектілер аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз, Жай кестенің үш түрі болады. Олар:тізімдік, территориялық және хронологиялык (мезгілдік).

Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның, облыстың) тізімі берілген болса, онда оны аймақтық жай кесте деп атайды. Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, тоқсан, ай, күн), ал баяндауышында сапдық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз

Көп жағдайда уақыт мерзімі кестенің бастауышында емес, баяндауышында керсетілетін болса, онда ол хронологиялық жай кесте болмайды. Мысалы, кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уақыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, оңда ол хронологиялық тізімді кесте дейміз. Демек, жоғарыда көрсетілген жай кестелердің өзі көптеген қызықты мәліметтер беріп, белгілі бір қорытынды жасауға тікелей көмегін тигізеді.

Топтық кесте. Кесте бастауьшы топталған белгінің негізінде қүрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз, Яғни топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады.

Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойьшша жеке бөліктерге бөлінеді. Мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады. Сондықтан, құрама кестенің негізіне құрама (күрделі) топтау жатады.

Қорытынды:

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың маңыздылығы мен мәнін ашып көрсету нақты есеп берудің кепілі. Статистикалық топтау ерекшелігін оқу және оның түрлерінің ерекшеліктерін айыра білу де маңызды мәселелердің бірі. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші сатысы жинақтау және топтауға аса назар аудару қажет. Жинақтау және топтаудың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыпты салыстырып оқу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

7. Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979

8. Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

11. Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мәліметтерді жинақтау және оның түрлерін түсіндір.

2. Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері, деңгей аралығын қалай анықтайды?

3. Қайта топтау және оның тәсілдерін түсіндір.

4. Статистикалық таратпалы қатарлар және оның элементтері туралы не білесің?

5. Статистикалық мәліметтерді жинақтау деген не?

6. Статистикалық топтау әдісі дегеніміз не?

7. Жай жинақтау дегеніміз не?

8. Күрделі жинақтау дегеніміз не?

9. Қайта топтау дегеніміз не?

10. Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

11. Статистикалық топтау дегеніміз не?

12. Бір үлгідегі (типтік) топтау және оның мақсаты.

13. Құрылымдық топтау және оның негізгі мақсаты.

14. Талдаулық топтау, оның мақсаты.

15. Жай топтау дегеніміз не?

16. Статистикалық кесте құрастыру ережелері мен оның негізгі бөлшектеріне сипаттама бер.

17. Статистикалық кесте дегеніміз не?

18. Статистикалық кестенің үлгісі (макеті) дегеніміз не?

19. Жай кесте дегеніміз не?

20. Құрама кесте дегеніміз не?

21. Топтық кесте дегеніміз не?

22. Тізімдік жай кесте дегеніміз не?

23. Аймақтық жай кесте дегеніміз не?

24. Хронологиялық жай кесте дегеніміз не?

 

Аналіз рядів розподілу




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.021 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав