Читайте также: |
|
Тақырып
· Кіріспе. Компьютерлік желілер туралы түсінік
· Желі түрлері.
· Желілердің классификациясы
Компьютераралық байланыс.
Әртүрлі компьютерлер арасында информациялық байланыс ұйымдастырылмай шешілмейтін есептерге тоқталайық.:
- информацияларды өте үлкен қашықтықтарға беру (жүздеген, мыңдаған километрге);
- өте қымбат тұратын информациялық, программалық және аппараттық ресурстардың бірнеше компьютерлерін бірігіп пайдалану Бұл ресурстар - өте қуатты процессор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді лазерлі принтер, мәліметтер базасы, программалаық жасақтамалар және т.б.
- сыйыспайтын флоппи-дискілермен (5,25 және 3,5 дюймді) жұмыс істегенде бір компьютерден екіншісіне мәліметтерді ауыстыру;
- үлкен жобамен бірігіп жұмыс істегенде, яғни орындаушылар жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез-келген уақытта алып отыру мүмкіндігі болуы керек.
Компьютер аралық байланысты ұйымдастырудың үш әдісі бар:
1. арнайы кабель көмегімен қатар орналасқан екі компьютерді олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;
2. сым немесе спутниктік байланыс торабы көмегімен модем арқылы бір компьютерден екіншісіне мәліметтер беру,
3. компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.
Көп жағдайларда екі компьютер арасында байланыс ұйымдастырғанда бір компьютерге ресурстарды жеткізуші (программалар, мәліметтер және т.б.) ролі бекітілсе, екіншісіне осы ресурстарды қолданушы ролі бекітіледі.Бұл жағдайда бірінші компьютер сервер деп аталады да, екіншісі - клиент немесе жұмысшы станция деп аталады. Тек компьютер-клиентте ғана арнайы программалық жасақтама басқаруымен жұмыс істей алуға болады.
Сервер – сыртқы жад көлемі өте үлкен өнімділігі өте жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланатын өте қымбат ресурстарды үлестіруді басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Клиент – сервердің қызметтерін пайдалана алатын кез-келген компьютер.
Кей жағдайларда бір компьютер сервер де, клиент те бола алады. Бұл дегеніміз, ол өзінің ресурстарын және сақталып отырған мәліметтерін басқа компьютерлерге береді және сол уақытта олардың ресурстары мен мәліметтерін пайдалана алады.
Клиент деп қолданушы атынан серверден қызмет түрлерін алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.
Компьютерлік желі деп нені айтамыз?
Компьютерлік желі дегеніміз – бір – бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желіліер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
· желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
· олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
· желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Компьютерлік желілерді түйіндер (компьютерлер және желілік жабдықтар) мен оларды байланыстыратын тараулардың (байланыс арналары) жиыны ретінде қарастырады. Желі тарауы –қатар тұрған екі түйінді қосатын жол. Түйіндер шеткі, яғни тек бір тараудың соңында орналасқан, аралық, яғни біреуден көп тараулардың шеттерінде орналасқан және шектес – мұндай түйіндер басқа түйіндері жоқ бір-ақ жолмен қосылған, деп бөлінеді.
Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 181 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |