Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Желі құру принциптері

Читайте также:
  1. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  2. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  3. Аржыны басқару түсінігі, принциптері мен элементтері
  4. БҰДСЖ негізгі принциптері
  5. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
  6. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  7. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  8. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  9. Бухгалтерлік есеп принциптері
  10. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.

Желі — бір-бірімен байланысқан программалық және аппараттык компонеттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде компьютерлерді және коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға болады. Программалық компонентгер желілік қосымшалар мен операциялык жүйелерден тұрады. Қазіргі уакытта желіде әртүрлі типтегі компютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар, көпірлер, бағыттамалар т.б.) аз роль ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын және басқа да сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін кейбір кұрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нәтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол, желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге арналған.

Желілік қосымшалар — бұл желілік операциялык жүйелер мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программлар комллексі. Солардың ішінде почталық программаларды, ұжымдық жұмыс жүйесін, желілік мәліметтер қорын т.б..атауға болады. Желілік операциялық жүйелердің даму барысында желі қосымшаларының кейбір функциялары операциялық жүйенің кәдімгі функцияларына айналады. Желіге қосылған барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөлуге болады:

Жұмыс станциясы (wогкstаtіоn) - бұл желіні қолданушылар жұмыс атқаратын, желіге қосылған дербес компьютер. Әрбір жұмыс станциясы өз

операциялық жүйесін қолданады және өздерінің жергілікті файлдарын өңдейді. Әйтсе де бұл жағдайда колланушының желі ресурстарын пайдалануына мүмкіндігі бар. Жұмыс станциясының үш типін айтуға болады:

Дискілі жұмыс станциясында (қатты немесе жұмсақ) операциялық жүйе осы жергілікгі дискіден жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.

Шалғайдағы жұмыс станциясы — бұл жергілікгі желіге телекоммуникациялық арналар байланысы арқылы косылған станция (мысалы телефон желісі арқылы).

Желі сервері бұл, желіге қосылған және желіні колданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолдалылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не дегенсұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер.

Файлдық сервер желіні қолдамушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтерді колданушылардың қолдануына мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдык сервер колданушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын камтамасыз етеді. Сонымсн қатар келесі функцияларды атқарады:

· мәліметтерді сақтау;

· мәліметтерді архивтеу;

· әртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мәліметтерді өзгерту келісімі;

· мәліметтерді жеткізу.

Мәліметтер қорының сервері ~ моліметгер қоры файлдарын баскаратын, өңдейтін және сақтау функцияларын орындайтгын компьютер. (МҚ) Мәліметтер қоры сервері келесі функцияларды орындайды:

· мәліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін корғай отырып сақтау;

· МҚ сұраныстарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ нәтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;

· МҚ қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қолданушылар есебін және енгізу жүйелерін қолдау, қолданушылар мүмкіндіктерін шектеу;

· басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ. басқа серверлерімен байланысы.

Қолданбалы программалар сервері қолданушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер.

Коммуникациялық сервер енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің колданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.

Мүмкіндік сервері шалғайдағы тапсырмаларды өңдей алатын белгіленген компъютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нәтижесі, кайтарылады.

Факс сервер жергілікті желіні қолданушыларға мәліметтерді жіберу және факсимилді мәліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтердің қосымша көшірме сервері жұмыс станцияларында және файлдық серверлер орналасқан мәліметтер көшірмесін кайта қалпына келтіруді, сақтауды және құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бәрі бір ғана белгіленген компьютерде функция атқара алады.

Желінің коммуніикациялық тораптарына келесі кұрылғылар жатады:

· қайталамалар (повторитель);

· коммутаторлар (көпірлер, мосты);

· бағыттамалар (машрутизаторлар);

· шлюздер;

Желінің бекемдігі, станциялар арасының алшақтығы біріншіден мәлімет алмасу ортасының физикалық сипаттамасымен анықталады. (каоксилді кабсль, қос ширатпа (витая пара) т.б.). Мәліметтер алмасуда арақашықтыкты шекгейтін сигналдардың өшуі кез-келген ортада болып тұрады. Мұндай шектеулерді болдырмай және желіні кеңейгу үшін арнайы құрылғылар-қайталамалар, көпірлер және коммутаторлар орнатылады. Кеңейту құрылғылары енбейтін желі бөлігін желі сегменті деп атау қабылданған.

Қайталама (повторитель ) — өзі келген сигналды күшейтуші немесе регенарациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегментпен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Әр уакытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мәлімет алмасу қамтамасыз етіледі.

Коммутатор немесе көпір бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді ажыратады, екінші сыңары үшін мәлімет алмасудың бірнеше процессін қаматамсыз етеді.

Маршрутизатор ~ мәлімет алмасудың бір протоколы боиьшша бірдей және әртүрлі типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Маршрутизатор тапсырылған адресті талдайды және мәліметтерді тура таңдалынған маршрут бойынша бағыттайды..

Шлюз - мәлімет алмасудың әртүрлі протокоддарын қолданатын, әртүрлі желі объектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2023 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав