Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Желілік топологиялар

Читайте также:
  1. Желілік басқару командалары
  2. Желілік басқару командалары
  3. Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы

Компьютерлер желіге әртүрлі әдістермен бірігеді.

Компьютерлердің, кабельдер мен басқа компоненттерінің, жалпы айтқанда желіні құраушыларының бірігуінің логикалық және физикалық әдістерін топология деп атайды. Топология желілердің өлшемдеріне қатысы жоқ қасиеттерін сипаттайды, яғни бұл объектілердің жұмыс өнімділігі және жұмыс істеу принципі, олардың типі мен каналдарының ұзындығы есепке алынбайды

Желі түрлері:

Сызықтық желі. Тек екі шеткі түйін болады, аралық түйіндерге шек жоқ, ал кез-келген түйін арасындағы жол біреу-ақ болады

 
 

 

 


Сақиналық желі. Әрбір түйінгі тек екі ғана тарау жалғасқан желі

 

 

Ағаш тәрізді желі. Шеткі түйіндер саны екіден көп, аралық түйін саны кем дегенде екеу және екі түйін арасында бір-ақ жол бар

 
 


Жұлдыз тәрізді желі. Тек бір ғана аралық түйіні бар желі

Ұяшықты желі. Кем дегенде екі түйінінің екі немесе одан көп арасын қосатын жолдары бар

 

 

Толық байланысқан желі. Кез-келген екі түйіні арасында жол бар.

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

 

 

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

 

Сақиналы топология Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойынша орналасқан. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

 

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2023 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав