Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Коммутацияланатын қосылулардың ішіндегі ең қарапайым және арзан әдісі – екі компьютер арасындағы байланысты орналастыру үшін модемді пайдалану. Компьютерлер цифрлық информациялармен жұмыс істейтін болғандықтан, цифрлы мәліметтерді аналогтық жолмен беру үшін түрлендіру қажет болады.

Асинхронды модем мәліметтерді кәдімгі аналогтық дауыстық телефондық жолмен беруге арналған, және көбіміз осы асинхронды модемдермен өте таныспыз. Олардың көмегімен алыста отырған қызметкерлер желілік сервермен коммутациялық байланыс орната алады, ал миллиондаған қолданушылар Интернетке шыға алады.

Асинхронды модем қабылдаушы модемге мәліметтер пакеті қай жерден басталатынын және қай жерде аяқталатынын хабарлау үшін старттық және стоптық биттерді пайдаланады. Старттық бит пен стоптық бит арасында көптеген модемдер мәліметтер телефон арқылы дұрыс жетті ме, жоқ дұрыс жетпеді ме, соны тексереді.

Синхронды модеидер старттық және стоптық биттерді пайдаланбайды; олардың орнына жіберуші және қабылдаушы модемдер жіберу уақытын орнату үшін синхрондау биттерін пайдаланады. Синхрондық модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбағандықтан, олар асинхронды модемдерге қарағанда мәліметтерді өте үлкен жылдамдықтармен жөнелте алады. Бірақ та, синхронды модемдер кәдімгі телефондық желілердегі байланысқа арналмағандықтан, олар тек қана ерекшеленген жолдарда пайдаланылады.

Ерекшеленген жолдар (бағыттар) екі желі арасында кәдімгі телефондық байланыс немесе басқа технология көмегімен тұрақты байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Ерекшеленген жолдар көбінесе цифрлы болып келеді және аналогты жолдарға қарағанда үлкен өткізгіштік белдеумен қамтамасыз етілген; дауыстық қосылуларға тән шу және интерференцияларға аз бейімделген.

Мәліметтеді беруге арналған цифрлық жолдар информацияларды цифр арқылы беру жолдарынан (Digital data servise - DDS) және мәліметтерді әртүрлі жылдамдықтарда беруге арналған әрқилы жолдар типін қамтитын T-Carrier жүйесінен тұрады. DDS жолы өткізгіштік белдеуін 56 Кбит/с-қа дейін қамтамасыз етеді және желіде тұрақты дуплексті қосылуды (мәліметтер біруақытта берілуі және қабылдануы) қолдап отырады.

Қазіргі кезде DDS жолымен қосылу басқа WAN-технологиялармен жылдам алмасуда. Өте арзан T-Carrier жүйесімен және басқа да қосылулармен, мысалы, абоненттік цифрлы жолдар (DSL) арқылы қосылулар, және кеңбелдеулі кабельді қосылулармен салыстырғанда DDS жолын ескірген деп те есептеуге болады.

T-Carrier – көптеген арналардан құралған жоғары жылдамдықты цифрлы жолдардан тұратын телекоммуникациялық технология. Бұл да кәдімгі телефондық желінің ұсынып отырған байланыс түрінің бірі. T-Carrier жүйесін дауысты, бейне және мәліметтерді жоғары жылдамдықта беруге пайдалануға болады. Көптеген арналардың бірігуі арқасында әртүрлі элементтерді, мысаыл, дауыс және мәліметтер, бір жолмен біруақытта беруге болады.

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 64 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав