Читайте также:
|
|
Электрондық пошта жүйесі үш компоненттен тұрады:
- қолданушылық агент – қолданушыларға хабарды құруға және жазуға мүмкіндік береді;
- транспорттық агент – хабарды бір машинадан екіншісіне жібереді;
- жеткізуш агент – қолданушы-хат алушылардың пошталық жәшіктеріне хабарды орналастырады.
Қолданушылық агенттер – қолданушыларға хабарды құруға және оқуға мүмкіндік беретін прораммалар. Мысалы: Windows-те Internet Mail прграммасы, ал UNIX-те mail командасы. Ең алғашқы қолданушылық агенті – AT&T фирмасы жасап шығарған /bin/mail программасы. Пошталық хабарларға мультимедиа объектілерін енгізуді анықтайтын программа – MIME.
Транспорттық агенттер – қолданушылық агенттерден хабарды қабылдайтын және одан ары қарай жеткізу үшін сәйкес компьютерлерге поштаны қайта бағыттайтын программалар. Сонымен қатар, т.а басқа транспорттық агшенттерден кіріс пошталарын да қабылдайды. Т.А. RFC821-де (халықаралық стандарт) анықталған SMTP-ды (Simple Mai; Transport Protocol – поштаны тасымалдайтын қарапайым протокол) өңдейді.
UNIX операциялық жүйесі үшін бірнеше протоколдар жасалған: MMDF, zmailer, smail, upas және басқалары. Олардың ішіндегі ең қуаттысы, ең икемді және кең таралғаны – sendmail.
Sendmail программасы – қолданушылық және жеткізуші агенттері арасындағы программа-жалғау, транспорттық агент. Интернет үшін ол, сонымен қатар жеткізуші агент қызметін де атқарады. Бұл программа келесі мәселелерді орындайды:
- қолданушылардан шыққан мәліметтерді басқару;
- қабылдаушылардың адрестерін тарату:
- сәйкес жеткізуші немесе транспортты агентті таңдау;
- жеткізуші агентке түсінікті формада адрестерді түрлендіру;
- тақырыптарды қажетті түрде қайта форматтау;
- түрленген хабарды жеткізуші агентке беру.
Сонымен қатар, бұл программа қателер туралы мәліметтерді түрлендіреді және жеткізуге мүмкін болмаған хабарды жіберушіге қайтарады.
Жеткізуші агенттер - транспорттық агенттен хабарды қабылдап, адреске сәйкес қолданушыларға жеткізетін программалар. Пошта нақты адамға, жөнелту тізіміне, файлға, программаға және т.с.с. жеткізілуі мүмкін. Әртүрлі типтегі хат алушыға қызмет жасау үшін жеке mail агенті – жергілікті қолданушылардың жеткізуші агенті – қажет. Spop - шалғайдағы машиналарды қолданушылар үшін қажетті жеткізуші агент. Олар поштаны қабылдау үшін UUCP (UNIX to UNIX Coby) немесе POP (Post Office Protocol) қолданады.
/bin/mail программасы жергілікті қолданушылар үшін жеткізуші агенті болса, uux, spop, fetchmail программалары – пошта қабылдау үшін UUCP немесе POP және IMAP қызметттерін пайдаланатын, шалғайдағы машиналар қолданушылары үшін жеткізуші агенттер. /bin/sh программасы – файлдарға немесе программаларға бағытталған пошталар үшін жеткізуші агент.
Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 71 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |