Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы мәліметтер

Читайте также:
  1. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Lt;variant>Жалпы эквиваленттік пен абсолютті ликвидтілікке ие ерекше тауар.
  4. Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
  5. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
  6. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  7. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  8. Бойыншажалпы ережелер
  9. Дүниетаным туралы жалпы түсінік.
  10. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.

1999 жылы дүние жүзі Intеrnet. -тің 30 жылдық мерй тойын атап өтті. ие Intеrnet желіснің туған күні 1969 жылдың 2 қаңтары болып есептеледі. Міне осы күні АҚШ Қорғаныс Министрлігінің перспективалық зерттеулер Басқармасы ArPA (Advanced research Project Agency) қорғаныс компьютерлерінің байланысын жобалау жұмысын бастады.

Біраз жылдан кейін - 1989 жылы Оксфорд университетін бітірген, физика облысының бакалавры – Ядролық зерттеулердің Еуропалық орталығының қызметкері (CErN) Тим Бернес-Ли world wide web информациялық қызметін жасап шығарды.. Ол клиент/сервер (браузер) қосымшасын жазып шықты. Барлық жүйенің негізіне гипертекст ұғымы, яғни бір-біріне сілтемесі бар жекелеген текстердің жиыны кірген еді. Бұл текстермен жұмыс жасау үшін арнайы HTTP - Hyper Text Transfer Protocol протоколы жасалды. Мұнда html. Тілінің негізгі элементтері белгіленген. Бұл технология желіліердің дамуына көп үлес қосты және желі халықаралық желіге айналды.

Көптеген коммерциялық компаниялар бұл инициативаны лезде қолдап өздерінің браузерлерін шығара бастады

1994 жылы w3C Консорциумы құрылды. Оның негізгі қызметі html тілі қолданылатын облыста world wide web- тің одан ары дамуына ықпал етуге қажетті стандарттарды жасап, бірегей тәртіп орнату болды.

1996 жылы w3C Консорциумы html 3.2 тілінің жаңа версиясын ұсынды. Бұл версия өзара бәсекелес екі фирманы Microsoft и Netscape татуластырып, олардың бірегей шешімдерін бір тұтас етіп қолдану үшін жасалған еді. Бірақ w3C Консорциумының бұл табысы даулы болды, өйткені әрбір компания html тіліне өз кеңейтулерін жасап, оларды қолдау үшін өздерінің браузерлерін енгізді.

Соған қарамастан html тілі SGML стандартты жалпылама тілінен дами отыра, текстік құжаттарды белгілеу үшін жасалған оның туындысы болып есептеледі. Осы уақытқа дейін html тілін программалау тілі деп есептеу керек пе керек емсе пе деген дау тоқталмай келеді. Программисттің көзқарасы бойынша оның синтаксисі өте қарапайым ғана және оқып үйренуге өте жеңіл, бірақ басқа жағынан қарағанда – қарапайым қолданушы үшін html тілін үйреніп білу оңайға түспейтіні белгілі.

Программа жасаушылар html – ге интегралданатын интерактивті модульдер жасауда, сол сияқты html –дің бастапқы кодына енгізуге мүмкін болатын программалау тілдерін және мәліметтер базасын қолдайтын құралдар да жасауда. Тіл текстің және графиктердің сыртқы түрі мен мүмкіндіктерін басқару құралдарын жасау үшін де кеңейтілуде. Егер бұрынғы кездері, дербес компьютерлер пайда болысымен, қолданушылар тек қана текстер жазумен және оны принтермен шығарумен айналысса, ал қазір олар көп уақытты интерактивті өзара байланысқа көп бөледі.

Жұмыс стилі де, оларға ену құралдары да өзгеруде. html тілі бастапқы кезден-ақ тәуелсіз-платформа тілі ретінде жасалған. Жаңа технологиялар іс жүзінде барлық жерде қолданылуда және жақын арада world wide web кеңістігі тек қана дербес компьютері бар қолданушылардың үлесінде болмайды, өйткені қазірдің өзінде кейбір қолданушылар көзі көрмейтіндер үшін арналған дауыстық браузерлерді, Бройля азбукасынпайдалануда. Көп жағдайларда мәліметтер компьютер мониторына емес, телевизор экранына немесе телетайпқа немесе монохромды дисплейлерге шығарылуда.




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав