Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы:.Тілдің қоғамдық табиғаты.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  2. Дәріс
  3. Дәріс (лекция), зертханалық және зертханалық сабақтар жоспары
  4. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
  5. Дәріс 1. Философия пәні мен қызметі
  6. Дәріс 1. Химиялық технологияның үрдістері және аппараттарының негізгі түсініктері
  7. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  8. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  9. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  10. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.

№2 дәріс жоспары:

1 Тіл- ерекше қоғамдық құбылыс.

2 Тіл адамзат қоғамының негізгі құралы.

3 Тіл- ойды жарыққа шығару.

4 Тіл және қоғамдық сана.

5Тіл және қоғам.

 

Дәріс тезисі:

Ой арқылы, адам өз миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тіл единицаларының объективті дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тілдесіп, қатынас жасауы мүмкін де болмас еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері объективті дүние элементтерінің ойда сәулеленетін сигналдар ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Осы процестің нәтижелері адамның тіл арқылы ақпаратты танып білуіне негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, тетігі ретінде, ал ойлаудың тілмен байланысы органикалық бірлік ретінде түсіндіріледі.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы сөз не жазу арқылы жүзеге асады. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын сөйлеу тілі арқылы түсінеді. Ой жарыққа шығып, іске асуы үшін ол тіл материалына негізделіп, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде болуы шарт. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, айтылған сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге бір мезгілде шығып қалыптасқан және онымен бірге дамып отырады.

Ойлау мидың материалдық-физиологиялық процестерімен тығыз байланыста бола отырып, тек тілдің негізінде ғана жарыққа шығады. Осымен байланысты В. Гумбольдт, Б. Уорф, т.б. ғалымдар “тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау бір-бірінен бөлінбейді” деп тұжырымдайды. Сонда тіл мен ойлау бір бүтіннің екі қыры: бірі – материалдық жағы болса, екіншісі – мазмұндық жағы екендігіне көз жеткіземіз. Ал тіл единицаларының мағыналық жағы тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер. Тіл мен ойдың арасындағы байланыс, бірлік олардың тепе-теңдігінің де кепілі бола алмайды. Ойлаудағы мақсат ақиқатты тануға, қоршаған ортаны, болмыстың мәнін түсініп, заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынасын ашуға бағытталса, тіл ойды реттеп, жарыққа шығару немесе қалыптасқан таным-білімді кейінгі ұрпаққа жеткізу міндетін атқарады. Құрылымы мен логикалық формасы жағынан алғанда ойлау – жалпы адамзаттық та, тілдің грамматикалық құрылысы, сөз түрлендіру, сөз туғызу сөйлем құрау заңдылықтары – жеке халыққа, ұлтқа тән стандарттар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, әрбір этникалық топ өкілі өз тілі тұрғысынан ойлайды Тілдің табиғаты деген нәрсе тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп тілді биологиялық құбылыс оны құдай жаратқан деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол тіл де биологиялық организм сияқты туады, өледі деп есептеді.

Екінші бір топ ғалымдар тілді психологиялық құбылыс деп таныды. Ол тілді құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады деген пікірден туған. Бұл да қате, егер тіл жеке рухтың тілі болса, онда әрбір адамның жеке тілі болар еді. Бір тұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Олай болса, адамзат тілі биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық құбылыс. Тіл қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісу үшін керек, сол үшін жасалған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір‑бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де болмайды. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болмайды.

Тілдің ең басты қасиеті не? Оның ең басты қасиеті қатынас құралы болу қызметі. Тіл адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың ұралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.

Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады. Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп өмір сүруі мүмкін емес. Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамнан тыс ол өмір сүре алмайды.

Тілді екінші басты қызметі‑ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың құралы. Адамның ойы тіл арқылы белгілі болады. Ойлау мен тіл өзара тығыз байланысты.

Тілдің бұл екі қызметінен басқа атауыштық қызметі бар. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдың, сынның атауы болып табылады. Тілдің төртінші қызметі экспрессивті-эмоцияналдық қызмет. Тілдің бұл қызметі адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік қатынасын, сезімін айтамыз.

Тіл байдың немесе кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдық барлық адамдарға тиесілі. Сондықтан ол жалпыхалықтық сипатқа ие. Бұл оның басты ерекшелігі.

Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де абстрактылы ойлау да адам миының туындысы. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер болмыспен байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер заттар мен құбылыстардың аттары.

К.Маркс: «Тіл ойдың тікелей шындығы» деген болатын. Ой тіл арқылы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Тіл ойлаудың дамуымен бірге шығып, дамып келеді. Сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы жасайды, формасын дыбыстық құрамы жасайды.




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 115 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав