Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі зерттеулерде берілетін темперамент типтері

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  2. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  3. азіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
  4. Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
  5. Биотикалық қарым-қатынастар типтері
  6. В структуру личности обычно включаются способности, темперамент, характер, волевые качества, эмоции, мотивация, социальные установки.
  7. Верхний левый квадрат. Меланхолический темперамент
  8. Влияние особенностей темперамента личности на успешность профессиональной деятельности
  9. Выделяют четыре основных типа темперамента.

Холерик темпераментінің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатынаста – күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте – пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері шектеулі, өз мүмкіндіктеріне сенімі кетсе еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы болмай қояды...»

Сангвиник темпераментінің өкілін И.П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.

Сангвиникте қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.

Сангвиникте эмоциясы тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл – оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.

Флегматик темпераментін И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.

Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара алады. «Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе».

Флегматик – салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір қалыпты жүріп жатады.

Баяулық пен селқостық – флегматиктің осал жағы. Оның ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.

Меланхолик темпераменті – бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.

Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер – меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді.

Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.

Темпераменттің төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды.

Кеңес психофизиологы В.М.Русалов жүйке жүйесі қасиеттерінің ерекшеліктерін ұсынды. Темпераменттің компоненттері: төзімділік, жылдамдылық, сезімталдылық, икемділік.В.М. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент-психофизиологиялық категория, себебі ол толық туа біткен де емес, ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттері заттылық іс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлі, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыру қажет. Темперамент тек жүйке жүйесі қасиеттеріне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мінез-құлық пен психикалық процестердің өту ерекшеліктеріне де байланысты болады. Танымдық процестерін, заттылық іс-әрекет пен қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерін қарастырайық.

 

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 67 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав