Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Физиотерапия

Ең жиі қолданылытын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу.

Санаторлық-курорттық ем

Буындары аса қатаң зақымданбаған науқастарды родондық суы бар курорттарға – Арасан Қапалға, Алма-Арасанға, ал пролиферациялық процесі басым, деформация мен контрактуралар қалыптасқан науқастарды балшығы бар курорттарға жолдайды – Жаңақорғанға, «Атырау», «Мойылды» т.б. санаторилерге.

Хирургиялық ем

Бұзылған буынды протезге ауыстыру. Бұл ем ірі буындардың (тізенің, ұршықтың) жарамсыздығында қолданады;

Ұсақ буындарға (қол ұшының, аяқ басының, білезіктің) синовэктомия, артродез және артропластика жасалады.

Қант диабетінің ауруының этиологиясы мен патогенезі

 

Қант диабеті ауруы организмде инсулиннің нағыз немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын, зат алмасу бұзылысымен қан тамырлар жүйелерімен жүйкелердің әртүрлі мүшелермен тіндердің патологиялық өзгерістерімен сипатталатын ауру. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі қант диабеті ауруларын тудырады.

Этиологиясы: екі түрге бөлінеді

1 Тұқым қуалайтын:

Бір немесе бірнеше гендердің өзгерісімен жүретін аутосомды рецессивті түрде берілетін гендік мутациялар.

 

2 Жүре пайда болатын:

- Инфекциялар (эпидемиологиялық паротит, қызылша, қызамық, Коксаки В4, гепатит т.б.)

- Гиподинамия

Патогенезі: инсулин организмдегі көптеген зат алмасу процесстеріне қатысатындықтан оның жеткіліксіздігі кезінде барлық зат алмасу процесстері бұзылады.

Ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады.

Көмірсу алмасуының бастапқы сатылары тежеліп глюкозаның қаннан жасуша аралық сұйықтықтан жасуша ішіне енді тежеледі және жасуша ішінде глюкозаның пайдаланылуы шектеледі себебі бұл кезде глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежеледі. Нәтижесінде глюкозаның пайдалануы бұзылып гипергликемия дамиды. Инсулиннің жеткіліксіздігі глюкозонсинттетазге ферментінің белсенділігін тежейді. Сондықтан бауырда, бұлшық еттерде глюкозадан глюкогеннің түзілуі азайып, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Және глюкозаның фентозафосфаттық жолмен тотығуыда нашарлайды. Керісінше аминқышқылдардан глицериннен, сүт фирожүзім қышқылынан глюкоза түзіледі. Глюконеогенез процесі арқылы глюкоза түзілуі жоғарылайды. Осының бәрі гипергликемияны дамытады.

Қантты диабетінің ауруы кезінде белоктардың алмасуыда өзгереді. Амин қышқылдарының тіндерге өтуі төмендеп олардың ыдырауы артады. Оларды ыдырататын аминотрансферазалармен дезаминделу ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Аминқышқылы осының салдарынан көптеп мочевинаға айнала бастайды. Диабет кезінде белоктар түзілуінің азаюынан бұлшық еттердің атрофиясы болады. Қанда гипопротейнемия байқалады. Антиденелер түзілуі төмендеп осының салдарынан теріде шырышты қабықтарда іріңді қабынулар көбейеді.

Қантты диабетінің ауруы кезінде майлардың алмасуыда өзгереді

Май тіндерінен көп мөлшерде май қышқылы мен глицериннің босап шығуымен айқындалады. Май қышқылы артық ыдырауынан Ацетил КоА көптеп түзіледі және тіндерде жиналып қалады. Олар холестериннің түзілуін жоғарлатып қан тамырларында атеросклероздың дамуына қолайлы жағдай туындатады. Ацетил КоАдан қанда кетондық денелер көбейеді. Осыдан кетоацидоз дамып ОЖЖнің улануына алып келеді. Диабеттік кетоацидоз деп атайды. Бұл жағдай организмде газдық емес ацидозбен,РН төмендеуімен,гипервентиляция,гиперкетонемия,кетонуриямен сипатталады. Организмдегі Na K аммони катиондарымен байланыстырылып,қышқылдар көптеп шығарылады. Na көптеп шығарылуынан организмде сусыздану,айналымдағы қан көлемі азаяды,қан қысымы төмендеп метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан диабеттік кома дамиды. Жүрек айну құсу, Кусмауль тынысы,ауызбен қармап дем алу,сана сезімі бірде бар бірде жоқ,АҚ төмендеп,қанда глюкоза деңгейі 25ммоль/л оданда жоғары болады.зәрінде глюкоза мен кетондық денелер мөлшері жоғарлап коллапстан өліп те кетеді.

 

Күнделік

Күні Науқас шағымы және объективті көрінісі
03.09.2014ж Науқастың түскендегі шағымы: жалпы әлсіздік, шөлдеу, қандағы қант деңгейінің тұрақсыздығына, көз көруінің төмендеуіне, аяқ-қолдарының “қолғап” және “шұлық” тәрізді сезімталдығының төмендеуі мен ауырсынуы, ұмытшақтық, бас ауыруы, бас айналуы. Объективті қарағанда: жалпы жағыдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық. Тері жамылғысы: беті мен мойын терісі қызарған, табаны мен алақаны сарғыш тартқан, құрғақ, t-37.2 градус, ісінулер жоқ. Тыныс алуы еркін. ТАЖ – 19 минутына Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі, патологиялық сырылдар жоқ. Жүрек ұшында 1-ші тон күшейген. Барлық тыңдау нүктелерінде жүрек тондары анық, ырғақты; патологиялық шулар естілмейді. АҚ 140/90 мм с.б.б Тахикардия: ЖСЖ – 90 минутына. Ауыз қуысы мен тілдің шырышты қабығы құрғаған, ішті пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр - қабырға доғасы бойында. Бүйрек пальпацияланбайды. Науқастың айтуы бойынша үлкен дәреті қалыпты. Диурезі көп. Жоспар бойынша ем қабылдап жатыр. Қандағы қант 20,0 ммоль/л. Окулист: көру нервінің дискісінің неоваскуляризациясы және басқа торлы қабықтың бөліктері, ретинальды, ретина алды, инравитреальды қан кету, гемофтальм, қан кету және неоваскуляризация аймағында фиброзды тін пайда болуы Қорытынды: Диабеттік пролиферативті ретинопатия.
05.09.2014ж Шағымдары бұрынғыдай. Жалпы жағдайы айқын емес оң динамикалы. Органдары мен жүйелері өзгеріссіз. Тамақтану күнделігін жүргізеді. НЕ бойынша әңгіме жүргізілді. Емі жоспар бойынша. Қандағы қант 17,3 ммоль/л. Невропатолог: аяқ-қолдарының “қолғап” және “шұлық” тәрізді сезімталдығының төмендеуі мен ауырсынуы Қорытындысы: Дистальды симметриялы полинейропатия, ІІ дәреже.  
07.09.2014ж Науқастың түскендегі шағымы: жалпы әлсіздік, шөлдеу, қандағы қант деңгейінің тұрақсыздығына, көз көруінің төмендеуіне, аяқ-қолдарының “қолғап” және “шұлық” тәрізді сезімталдығының төмендеуі мен ауырсынуы, ұмытшақтық, бас ауыруы, бас айналуы. Объективті қарағанда: жалпы жағыдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық. Тері жамылғысы: беті мен мойын терісі қызарған, табаны мен алақаны сарғыш тартқан, құрғақ, t-37.2 градус, ісінулер жоқ. Тыныс алуы еркін. ТАЖ – 19 минутына Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі, патологиялық сырылдар жоқ. Жүрек ұшында 1-ші тон күшейген. Барлық тыңдау нүктелерінде жүрек тондары анық, ырғақты; патологиялық шулар естілмейді. АҚ 140/90 мм с.б.б ЖСЖ – 80 минутына. Ауыз қуысы мен тілдің шырышты қабығы құрғаған, ішті пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр - қабырға доғасы бойында. Бүйрек пальпацияланбайды. Науқастың айтуы бойынша үлкен дәреті қалыпты. Диурезі көп. Жоспар бойынша ем қабылдап жатыр. Қандағы қант 13,5 ммоль/л.
10.09.2014ж Шағымы жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қандағы қант 10,1 ммоль/л.

 

 

Шығару эпикриз

Науқас Башекова Лаураш Абдрахмановна 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 10-шы қыркүйекке дейін Облыстық клиникалық аурухананың терапия бөлімшесінде стационарлық ем қабылдады.

Негізгі диагнозы: Қант диабеті IІ тип, инсулин қажеттілік формасы, ауыр дәрежелі, декомпенсация сатысы.

Микроангиопатия: диабеттік пролиферативті ретинопатия. Диабеттік нефропатия, протеинурия сатысы. СБЖ 0.

Макроангиопатия: Артериальды гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4. ДЭП ІІ дәреже.

Дистальды симметриялы полинейропатия.

Қосымша диагноз: Метаболизмдік синдром. Семіздік І дәреже.

Науқастың түскен кездегі шағымы: жалпы әлсіздік, аузының құрғауы, шөлдеу, қандағы қант деңгейінің тұрақсыздығына (max-27 ммоль/л), көз көруінің төмендеуіне, аяқ-қолдарының “қолғап” және “шұлық” тәрізді сезімталдығының төмендеуі мен ауырсынуы, ұмытшақтық, бас ауыруымен, бас айналуымен жүретін қан қысымының көтерілуі.

Ауру тарихынан:

Науқас 9 жыл бойы IІ типті қант диабеті ауруымен ауырады. 9 жыл бұрын көзінің көруінің төмендеуіне байланысты офтальмолыққа барған кезінде қан анализінен қандағы қанттың деңгейі жоғары екені анықталып, содан бері жыл сайын амбулаторида және стационарда емделіп келеді. Инсулин қабылдайды. Инсулиннің тәуліктік дозасы 44 ЕД. Дәрмекті өзі қолдана алады, диетаны жиі бұзады.

Соңғы айлары қандағы қант деңгейін қадағаламаған, қазіргі жағыдайының нашарлауы 2 күн бұрын болған. Инсулинотерапиясыз физикалық күш түскеннен соң әлсізденіп қатты шөлдеп, аузы құрғаған. Шөлдегенде тәулігіне 3-4 литрге дейін сұйықтық қабылдаған. АҚ 190/100 болып, басы ауыруы мен бас айналуына байланысты жедел жәрдем шақырып Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Гликемия деңгейі 27ммоль/литрге дейін жоғарылаған, зәрінде ацетон анықталған

Өмір тарихынан

Туберкулез, гепатит, тері-венерологиялық ауруларын жоққа шығарады. Ешқандай хирургиялық араласулар, жарақаттар, қан құюлар немесе донор болмаған.

Тамақтаныуы: қалыпты, күніне 4-5 рет.

Тұрмыс жағыдайы: әлеуметтік тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық.

Зиянды әдеттері: темекі шекпейді, алкоголь қолданбайды.

Тұқым қуалаушылық анамнезі: тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.

Аллергологиялық анамнезі: дәрілік препараттарға және тағам өнімдеріне аллергиясы жоқ.

Объективті қарағанда: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде; ұйқышыл, әлсіз; есі анық, сұрақтарға жауап береді.

Тері жабындысы: ешқандай патологиялық өзгерістер жоқ, таза, бозғылт, жылы, біршама ылғалды, тургоры төмендеген; бөртпелер, түйіндер, қан құйылулар, тыртықтар жоқ.

Шырышты қабаттары: ауыз қуысы құрғақ; көзінің шырышты қабаты құрғақ және майда дақ түріндегі қан құйылу ошақтары көрінеді.

Тері асты шел май қабаты: орташа дамыған, біркелкі жайылған.

Шеткері лимфа түйіндері: ұлғаймаған, ауырсынусыз, жан – жағындағы тіндермен жабыспаған.

Бұлшықет жүйесі: аяқ-қол бұлшықеттерінің қалыпты дамыған. Пальпациялағанда аурсынбайды. Білекте, сирақтарда, бөкседе бұлшықет күші, тонусы симетриялы аздап төмендеген. Діріл жоқ.

Тыныс алуы еркін.ТАЖ – минутына 19 рет,өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.

Жүрек тондары анық ырғақты. АҚ 140/90 мм сб.б, ЖСЖ – 90 минутына, ішті пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр қабырға доғасы бойында, науқастың айтуы бойынша үлкен дәреті қалыпты.

Лабораторлы-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері:

Жалпы қан анализы: 01.09.2014ж -Гемоглобин-154 г/л, Эритроцит-4,8х ; Лейкограмма: лейкоциттер 6,0х /л, таяқша ядролы- 3, сегментті ядролы-72, лимфоцит-20, моноцит-4,тромбоцит -320; ЭТЖ-17мм/сағ;

Жалпы зәр анализы: 01.09.2014ж

Көлемі- 80,0 мл, түсі – ақ-сары,тұнықтығы – бұлыңғыр, тығыздығы –1025, реакциясы – қышқыл, ақуыз – 0.2 г/л, глюкоза – 2,8 г/л, лейкоцит –0-1 көру алаңында, жалпақ эпителий – 2-3.

03.09.2014ж

Көлемі- 80,0 мл, түсі – ақ-сары,тұнықтығы – бұлыңғыр, тығыздығы –1024, реакциясы – қышқыл, ақуыз – 0.3 г/л, глюкоза – 2,0 г/л, лейкоцит –0-1 көру алаңында, жалпақ эпителий – 1-2.

Қаның биохимиялық анализі: 03.09..2014ж

Жалпы ақуыз - 73г/л, Креатинин – 77ммоль/л, Калий – 3,5ммоль/л, АлАТ – 30, АсАТ – 29,,Жалпы билирубин – 21,0 мкмоль/л, холестерин – 4,3 ммоль/л, Қанда қантты анықтау: 01.09.2014ж Қант – 22ммоль/л

Зәрдегі ацетонды анықтау 01.09.2014ж Зәрдегі ацетон - әлсіз оң.

03.09.2014 күні зәрдегі ацетон теріс.

 

Экг

Ритмы синусты. ЖЖЖ-90/мин, электр осі қалыпты.

 

Гастро-дуаденальды аймақтың және бүйректің ультрадыбысты тексеру:

Бауыр: ұлғаймаған, өзгермеген

Бауыр қақпа венасының өлшемі 1.9 см

Өт қабы: өлшемі 8,2 x 3,4 см; пішіні –овальді

Ұйқы безі: басы -2,0; денесі -1,5; құйрығы -2,0

Көкбауыр: 8,8 x2,3 см

Қорытынды: Екі бүйректің паренхимасының диффузды өзгерісі анықталды.

Мамандардың консультациясы:

Окулист:

көру нервінің дискісінің неоваскуляризациясы және басқа торлы қабықтың бөліктері, ретинальды, ретина алды, инравитреальды қан кету, гемофтальм, қан кету және неоваскуляризация аймағында фиброзды тін пайда болуы

Қорытындысы: Диабеттік пролиферативті ретинопатия.

 

Невропатолог:

аяқ-қолдарының “қолғап” және “шұлық” тәрізді сезімталдығының төмендеуі мен ауырсынуы

Қорытындысы: Дистальды симметриялы полинейропатия, ІІ дәреже.

 

Дәрігерлік ұсыныстар:

Диета сақтау: Қышқыл, тұзды, майлы тағамдарды, қантты шектеу стресстік жағдайлардан барынша алшақтау. Диетаны сақтау.

Инсулинді үздіксіз уақытылы қолдану

Ай сайын қан құрамындағы қант деңгейін тексертіп тұру

Учаскелік дәрігерге “Д” есепке тұру.

Санаторлы - курортты ем.

Зиянды әдеттерден аулақ болу.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав