Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Машинажасау кәсіпорынында ТББ-ң қызметінің міндеттері және құрылымы

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Өндірістегі сапаны бақылауды жүзеге асырудың негізгі қызметтері ТББ бастығымен басқарылатын, өндірістің өзіндік жеке дара құрылымдық бөлімшесі болып табылатын техникалық бақылау бөліміне (ТББ) жүктеледі. ТББ бастығы тікелей өндіріс басшысына бағынады.

Егер өндірісте сапасы ерекше талаптарға сай келуі қажет экспорттық өнімді шығарса, онда ТББ құрамында экспорттық өнім бойынша топ немесе бөлім құрылады. Жалпы алғанда ТББ құрылымы және ТББ-ң қызметкерлерінің негізгі міндеттері өндірістегі техникалық бақылау қызметінен шығып отырады. Бұл өнімді әзірлеудің үрдісінің сапасын тұрақты бақылау:

- технологиялық үрдістердің дәлдігін тексеруге қатысу;

- жабдықтың технологиялық дәлдігіне тексеруге қатысу;

- технологиялық тәртіпті тексеруге қатысу;

- зауытпен дайындалатын құралдар мен жабдықтардың сапасын бақылау.

Бұл арнайы бақылау операцияларының тізбегін орындау:

- шикізатты, материалдарды, жартылай дайын өнімдерді сақтаудың инспекциялық бақылауы;

- дайын өнімнің жинақтылығын, оралуын, қорғалуын (сақталуын) бақылау;

- дайын бұйымның таңбалануын, тауар белгісінің немесе «Сапа белгісінің» бар болуын қадағалау.

Ең ақырында, бұл өнім сапасын басқару бойынша ұйымдастыру-зерттеу жұмыстарының жиынтығы

- өнімнің оны өндіру, сынау және пайдаланудың (жарнамалаудың, пайдалану кезіндегі байқаудың акттерінің, хаттарынының) әр түрлі кезеңдерінде анықталған ақауларын талдау;

- қателіктердің пайда болуының себептерін талдау бойынша және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу жұмыстарына қатысу;

- өнім сапасын жоғарылату бойынша белгіленген іс-шаралардың өз уақытында орындалуын бақылау;

- шығарылатын өнімнің сапа деңгейін бағалауды өткізу.

ТББ бақылаушыларының негізгі бөлігі кәсіпорынның өндірістік цехтарында жұмыс жасайды. Әрбір цехта ТББ органы болып саналатын сыртқы бақылау бюросы (СББ) құрылады.

 

 

9 ӨНІМ САПАСЫНА КЕТЕТІН ШЫҒЫН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

Өнімнің сапасын қамтамасыз ету шығындармен байланысты.

Жалпы жағдайда бұйымның сапасына деген кепілмен байланысты басқарушылық шығындар мыналарды қамтиды:

1) Көліктік. Дайын өнімнің және шикізаттың ішкі және сыртқы тасымалдануы.

2) Жабдықтау. Жоспарланған бұйымдарды түрлеріне, шикізаттың және жиынтықтаушы материалдардың мөлшері мен сапасына байланысты сатып алу.

3) Өндірісті бақылаушы бөлімшелерге шығындар.

4) Қызметінен өнім сапасы тәуелді экономикалық (жоспарлық және қаржылық бөлімше, есепшілік бөлімше және т.б.) қызметтерімен байланысты шығындар.

5) Өнімнің сапасын қамтамасыз етумен байланысы бар кәсіпорынды басқару аппаратының қызметіне шығындар.

Өндірістік шығындарды материалдық, техникалық және еңбектік деп бөлуге болады.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав