Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Государственное БЮДЖЕТНОЕ образовательное учреждение высшего профессионального образования

Читайте также:
  1. I. Государственный стандарт общего образования и его назначение
  2. I. Роль дополнительного образования детей в развитии российского общества
  3. II. Особенности экологического образования школьников
  4. II. Профориентационное направление работы: обеспечение формирования и развития профессионального и жизненного самоопределения Изучение образовательных запросов
  5. II. Форма одежды среднего, старшего и высшего
  6. III. Управление системой туризма и туристской деятельности. Государственное регулирование туризма и туристской деятельности в Российской Федерации
  7. IV. Исследование текущего имиджа Российского образования и науки
  8. VI. Психологическое сопровождение профессионального самоопределения, предпрофильной подготовки обучающихся (воспитанников) Выявление образовательных запросов
  9. А теперь хотелосьбы сказать о ПРОБЛЕМАХ ОБРАЗОВАНИЯ В РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ, В ТАВДИНСКОМ ГОРОДСКОМ ОКРУГЕ
  10. Автоматизированные системы управления для учреждений высшего образования.

 

Сипаттамалары ЭЕМ даму буындары
I II III IV
Қолдану жылдары 1946-1960 1960-1964 1964-1970 1970-...
Негізгі элемент Электрондық лампа Транзистор Интегралдық схема (ИС) Үлкен интегралдық схема (БИС)
Әлемдегі ЭЕМ саны Жүздеген Мындаған Он мындаған Миллиондар
ЭЕМ өлмешдері Үлкен Аздап үлкен Мини ЭЕМ Микро ЭЕМ
Тез есептейтін        
Ақпарат тасығыш Перфокарта Перфолента Магнит лентасы Диск Икемді диск

 

Компьютер – бұл мәліметтерді құру, сақтау, өңдеу және тасымалдауды автоматтандыруға арналған және программа бойынша жұмыс істейтін электрондық аспап. Есептеу жүйелерінің құрамында жұмыс істеумен қатар компьютерлер автономды жұмыс істей алады немесе локальды компьютерлік желіні құрайтын, бірігіп жұмыс істейтін компьютерлер тобының құрамына кіре алады. Компьютер сонымен қатар бүкіл әлемдік компьютерлік желіге (Интернет) қосыла алады.

2. Компьютердің негізгі құрылғылары.

Классикалық дербес компьютердің құрамына (базалық конфигурация) жүйелік блок, монитор, пернетақта (кейде осы құрылғылардың кейбіреулері біріктірілген болады) және тышқан.

Жүйелік блок компьютердің негізгі торабы болып табылады. оның ішінде ішкі деп аталатын құрылғылар орналасады.Конструкциясы жағынан компьютердің жүйелік блоктары корпус формасымен ерекшеленеді, олар әрі го­ризонталь (desktop, baby, slim), әрі вертикаль орналаса алады (tower).

Мәліметтерді енгізу, шығару және сақтауға арналған қосымша құрылғылар сыртқы немесе перифериялық деп аталады.

Кез келген компьютердің құрамына келесі функционалдық құрылғылар кіреді (2 Слайд): процессор, жедел жады, ұзақ уақытты жады, енгізу және шығару құрылғылары.

 

3. Компьютердің ішкі құрылғылары, олардың сипаттамасы.

Процессор (өңдеуші) — барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.

Процессор - арнайы технологиямен өсіріген кремний кристаллы, оның көптеген элементтері – транзисторлары бар.

Кез келген процессорлық кристаллда бар:

§ Процессордың өзі – миллиондаған логикалық элементтер – транзисторлардан тұратын негізгі есептеу құрылғысы.

§ Сопроцессор – «жүзбе нүктемен» (немесе үтірмен) орындалатын операцияларға арналған арнайы блок. Аса күрделі және дәл есептеулерді орындауға, сонымен қатар бірқатар графикалық программалармен жұмыс ісеуге арналған.

§ 1-ші деңгейлі Кэш-жады

§ 2-ші деңгейлі Кэш-жады

 

Процессордың өнімділігін анықтайтын негізгі параметрлер:

§ Процессор разрядтылығы, бір ретте (бір тактіде) өзінің регисторларында мәліметтердің қанша битін қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсетеді. Intel Pentium процессорлары 32-разрядты болып табылады.

§ Жұмыс тактілі жиілігі процессорда операциялар қандай жылдамдықпен орындалатынын анықтайды. Мегагерцпен өлшенеді.

§ Кэш-жады көлемі. Кэш-жады — бұл процессордың ішінде орналасқан «аса жылдам» жады, ол жылдамдығы төмендеу жедел жадыға процессордың қатынау санын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі процессорлардың кэш-жадысының көлемі бірнеше ондаған Кбайт.

 

Бұған қоса процессорлар келесімен сипатталады:

§ Буынымен. Дербес компьютерде орналасқан процессор оның типін анықтайды. Intel фирмасының процессорларының көпжылғы тарихында 8 буын ауысты: 8088, 286, 386, 486, Pentium, Pentium II, Pentium III, Pentium IV. Жаңа дербес компьютерлердің процессорларының модельдері Intel Pentium III және Intel Pentium IV. Intel фирмасының процессорларымен қатар AMD фирмасының Athlon процессорлары да кең қолданылады.

§ Жүйелік шина жиілігімен. Бұл параметр аналық тақшамен байланысты. Шина деп бір құрылғыдан екінші құрылғыға мәліметтер өткізетін аппараттық магистральды айтады. Шина жиілігі неғұрлым жоғары болған сайын – процессорға уақыт бірлігінде түсетін мәліметтер соғұрлым көп болады. Жүйелік шина жиілігі процессордың жиілігімен «көбейту коээфициенті» арқылы тікелей байланысқан. Процессорлық жиілік – бұл жүйелік шина жиілігінің процессорға салынған бір шамаға көбейтіндісі. Мысалы, 500 Мгц процессор жиілігі – бұл 100 Мгц жүйелік шина жиілігінің 5 коэффициентіне көбейтіндісі.

§ Форм-фактормен. Процессорлар орындалу типі, сыртқы көрінісі және аналық тақшаға қосылу тәсілі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- 1-ші типті процессорлар «барлығы бір жерде» (разъем типі «сокет») – процессорлардың барлық элементтері кремнийдің бір кристаллында орналасқан;

- 2-ші типті процессорлар – 2-ші деңгейлі кэш-жады процессордан сыртқары орналасады (разъем типі «слот»).

Әдетте «слот» форматында әрбір жаңа буынның сыналатын модельдері шығарылады, кейін өндірушілер тұтас және арзан «сокет» форматына өтеді.

Аналық тақша

Бұл құрылғыға компьютердің барлық ішкі және перифериялық құрылғылары қосылады. Ол жеке құрылғыларды қосуға арналған бірнеше разъемдардан және шинадан (олардың барлығын байланыстыратын ақпараттық магистраль), сонымен қатар микросхемалар, чипсеттердің базалық жиынтығынан (олардың көмегімен аналық тақша жүйелік блок ішінде болып жатқанның барлығын бақылайды) тұрады.

Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады. Порттар тізбекті (сатылы) және параллельды болып бөлінеді.

 

Жедел жады

Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған. Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары. Жедел жадыға қатынау уақыты 10 наносекунд шамасында. Әдетте жедел жады микросхемалар жиынтығы түрінде орындалады. Компьютер өшірілгенде жедел жадыда орналасқан барлық ақпарат жоғалады.

 

Ұзақ уақытты (сыртқы) жады

Мәліметтер мен программалардың ұлкен көлемдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы. Оның әрекет ету жылдамдығы аз, бірақ көлемі өте үлкен (мыңдаған мегабайт), онда сақталатын ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Ұзақ уақытты жады дискілерде магнитті немесе оптикалық жазбасы бар электромеханикалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Дисководтар және сәйкесінше иілгіш магнитті дискілерде (дискеттер), қатты магнитті дискілерде (винчестерлер), ауыстырмалы ақпаратты тасымалдағыштар және компакт-дискілерге арналған дисководтар (CD-ROM) болады.

Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы. Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды. Қатты дискілердің негізгі параметрлеріне көлем және өнімділік (қатынаудың орташа уақыты) жатады. Қазіргі кезде Осындай дискілердің көлемі ондаған гига­байт (мыңдаған мегабайт), ал қатынаудың орташа уақыты 10 мкс-тан аз.

Иілгіш дискілер дисководтары иілгіш магнит дискілерді (дискеттерді) қолданады, олар программалар мен мәліметтердің үлкен емес көлемдерін бір машинадан екінші машинаға тасымалдауға және оларды сақтауға арналған. Компьютерлердің көбі 3-дюймдік (89 мм) дисководтар мен 1,44 Мбайт көлемді дискеттер қолданады. Иілгіш дискілер аса сенімді емес болып есептеледі, сондықтан оларды ақпаратты сақтаудың негізгі және жалғыз құрылғысы ретінде қолдануға болмайды.

Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.

 

4. Компьютерге қосылатын перифериялық құрылғылар, олардың сипаттамасы.

Енгізу құрылғылары ақпаратты компьютерге енгізуге арналған. Енгі құрылғыларының негізгілеріне пернетақта, тышқан және сканер жатады.

Пернетақта алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізуге және компьютерді басқару командаларын енгізуге арналған. Стандартты пернетақтаның 101 және одан да көп пернесі бар, олар бірнеше топтарға функциональды таратылған:

§ Алфавитті-цифрлік пернелер тобы таңбалық ақпаратты және әріппен терілетін командаларды енгізуге арналған.

§ Функционалдық пернелер тобы пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі пернеден (F1-F12) тұрады.

§ Қызметті кпернелер алфавитті-цифрлік пернелер тобының қасында орналасқан. Оларға Enter пернесі, Shift, Alt және Ctrl регистрлік пернелер, Tab пернесі, Esc пернесі, Backspace пернесі, Print Screen, Scroll Lock және Pause/Break пернелері жатады.

§ Курсорды басқару пернелері (стрелкалары бар пернелер, Page Up/Page Down, Ноте и End, Insert, Delete пернелері) алфавитті-цифрлік панельдің оң жағында орналасқан. Курсор деп таңбалық ақпаратты енгізу орнын көрсететін экрандық элемент. Курсорды басқару пернелері енгізу позициясын басқаруға мүмкіндік береді.

§ Қосымша панельдің пернелер тобы негізгі панельдің цифрлік және кейбір таңбалық пернелерінің қызметін атқарады. Бұл топтың пернелерін қолдану үшін Num Lock ауыстырып-қосу пернесін қосу керек.

§ Windows-пен жұмыс істеуге арналған арнайы пернелер тобы алфавитті-цифрлік пернелер тобынан төмен, Alt және Ctrl қызметтік пернелер арасында орналасады

Тышқан – манипулятор типті компьютерді басқару құрылғысы. Тышқан екі-үш батырмасы бар сопақша келген қорапша. Тышқанды жазық бетпен қозғалтқан кезде монитор экранында синхронды түрде белгі (тышқан нұсқағышы) қозғалады. Батырмаларды қықса (шертпе) немесе ұзақ басу және нұсқағышты орын ауыстыру арқылы компьютер басқарылады.

Сканерлер қағазға басылған графикалық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған. Сонымен қатар, компьютер датчиктерден түскен ақпараттарды қабылдай алады — аналогтық-цифрлік түрлендіргіш (АЦТ) деп аталатын арнайы құрылғыдан түскен электр сигналдары түрінде.

 

Шығару құрылғылары пайдаланушыларға мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетуге арналған. Ең таралған шығару құрылғыларына монитор және принтер жатады. Графиктер мен сызбалар алуға арналған құрылғылар бар - графоқұрастырушылар, немесе плоттерлер, акустикалық жүйелер және басқа да құрылғылар. Компьютер де ақпаратты электр сигналдары түрінде қандай да бір цифрлік-аналогтық түрлендіргіштер (ЦАТ) арқылы орындаушы құрылғыларға жібере алады.

Монитор — мәліметтерді визуалды көрсету құрылғысы. Мониторлардың көптеген түрлерін шығарады, олардың көбі электрондық-сәулелік түтікшелер негізінде жүзеге асырылған. Қазіргі кезде тасымалданатын (переносной) компьютерлер мен дербес компьютерлерде сұйық кристалды дисплейлер қолданылады.

Мониторлардың негізгі параметрлері:

- Экран өлшемі. Ең ыңғайлы және әмбебап мониторларға экран өлшемдері диагональ бойынша 15 және 17 дюйм мониторлар жатады. Графикамен жұмыс істеуге экран өлшемдері 19-21 дюйм мониторлар да қолданылады.

- Экранның маска қадамы бейне анықтығын (айыру қабілеттігін) анықтайды. Қазіргі кезде 0,25-0,27 мм қадамы қолданылады.

- Бейненің регенерация жиілігі де бейненің анықтығын және тұрақтылығын анықтайды және ол 75 Гц-тен төмен болмауы керек.

- Қорғау классы монитордың қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес келуін анықтайды.

Принтерлер құжаттардың қағаз бетінде көшірмесін алуға арналған. Прин­терлердің түрлері:

- матрицалық, басып шығарушы кішкене бас (головка) бейнені инелер мен бояғыш лента көмегімен қалыптастырады;

- сия бүріккіш, өте кішкентай сия тамшыларымен салады;

- лазерлік, бояғыш барабан жарық импульстерімен сәулеленеді, электрленеді, бояғыш затпен бүркеліп, оны қағаз бетіне түсіреді.

Принтерлердің негізгі параметрлері:

- өнімділік (минутына басылатын беттер саны),

- айыру қабілеті, dpi (дюймға келетін нүктелер)

- оттиск бағасы (бір бетке келетін АҚШ доллары).

Матрицалық принтерлер арзандылығымен ерекшеленеді, бірақ олардың өнімділігі мен айыру қабілеттігі өте төмен. Сия бүріккіш принтелер арзан, айыру қабілеттігі жеткілікті жоғары (2400 dpi-ге дейін), өнімділігі салыстырмалы төмен және оттиск бағасы жоғары (түрлі-түсті оттискіні басудың бағасы ондаған цент). Лазерлік принтерлер ең қымбаты, бірақ олардың өнімділігі ең жоғары (минутына ондаған бет) және айыру қабілеттігі де жоғары (до 4800 dpi). Оттиск бағасы бір бетке 2-6 цент.

Коммуникациялық құрылғылар - модемдер, локальды және кең аумақтық желілер адаптерлері. Модем байланыс арналары арқылы (мысалы, телефон арналары) бір-бірінен алыстатылған компьютерлер арасында ақпарат алмасу үшін қажет. Модемнің ең мағызды параметрі - мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы. Қазіргі модемдердің жылдамдығы 56 Кбит/с.

5. Енгізу/шығару базалық жүйесі BIOS

Программалық қамтамасыз етудің бұл бөлігі тұрақты (энергияға тәуелсіз) жадыда сақталады және қосылған кезде тестілеу мен қосылуды қамтамасыз етеді, операциондық жүйені жүктейді және операциондық жүйенің компьютер аппараттық құрылғыларымен байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар BIOS-та нақты уақыттың сағаты мен күнтізбегі сақталады. BIOS аналық тақшада жеке микросхема түрінде орналасқан.

6. Жады. Жады түрлері.

Компьютер жадысы ақпаратты – командалар кодтары мен мәліметтерді, қысқа уақытты және ұзақ уақытты сақтауға арналған. Ақпарат жадыда екілік кодпен сақталады, әр бит – жадының элементар ұяшығы – мәні «0» немесе «1» болуы мүмкін. Жадының әрбір ұяшығының өз адресі болады, ол ұяшықты нақты координаталар жүйесінде идентификациялайды.жадыда ақпаратты сақтаудың минималды адрестік бірлігі болып байт саналады.

Үлкен компьютерлер пайда болғаннан бері жады ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

§ Ішкі жады - электрондық (жартылай өткізгіштік) жады, жүйелік тақша немесе кеңею тақшаларында орнатылады;

§ Сыртқы жады - ақпаратты сақтаудың түрлі принциптері бар құрылғылар түрінде жүзеге асырылған, әдетте тасымалдағыштар түріндегі жады. Қазіргі кезде бұнда магнитті (дискілі және лен­талы) жады, оптикалық және магнитооптикалық жады құрылғылары жатады. Мыртқы жады құрылғылары әрі компьютердің жүйелі блогының ішінде, әрі өлшемдері шкаф көлеміндей бола алатын корпустар ішінде де орналаса алады.

Процессорға тікелей қатынайтын ішкі жады, оған қатынау программада берілген адрес бойынша орындалады. Ішкі жады жедел (оның ішінде ақпаратты процессор уақыттың кез келген мезетінде өзгерте алады) және тұрақты (оның ішіндегі ақпаратты процессор тек оқи алады) болып бөлінеді. Жедел жады ұяшықтарына қатынау оқу бойынша да, жазу бойынша да кез келген ретпен орындалады, және де жедел жадыны айнымалы қатынау мүмкіндігі бар жады - Random Access Memory (RAM) деп те атайды (тұрақты жады - Read Only Memory, ROM).

Сыртқы жады күрделірек әдіспен адрестеледі – оның әрбір ұяшығының қандай да бір блок ішінде адресі болады, ал ол блоктың өзінің адресі көпөлшемді болап табылады. Мәліметтерді алмасу операциялары кезінде блок түгелдей ғана оқылынады не жазылады. Бір дискілік жинақтағыш жағдайында блок адресі үш өлшемді болады: бет нөмірі (головки), цилиндр нөмірі және сектор нөмірі. Қазіргі жинақтағыштарда бұл үш өлшемді адресті жиі сызықтық адреске (блоктың логикалық адресі) алмастырады, ал жинақтағыштың ішкі контроллері оны физикалық адреске түрлендіреді. Компьютерде дискілік жинақтағыштар саны көп бола алатындықтан, дискілік жадының адрестелуінде жинақтағыш нөмірі және интерфейс арнасының нөмірі де қолданылады. Адресацияның бұндай күрделі жүйесімен процессор программалық драйвер көмегімен ғана жұмыс істей алады, оың есебі мәліметтердің бір блогын жедел жадыдан дискілікке және керісінше көшіру болып табылады. Дискілік жады тікелей қатынау мүмкіндігі бар сыртқы жады болып табылады, яғни блоктарға кез келген ретпен қатынауға болады.

Жады жүйесінің басты параметрлері:

- сақталатын ақпарат көлемі. Ауыстырмалы тасымалдағыштары бар ленталық және дискілік құрылғылардың сақтайтын ақпарат көлемі максимал, олардан кейін дискілік жинақтағыштар, сосын жедел жады;

- қатынау уақыты – мәліметтерге түскен сұраумен салыстырғанда қажетті ақпаратты алмасудың басталуы алдындағы орташа кідіру. Қатынау уақыты жедел жадыда минималды, одан кейін дискілік, сосын - ленталық;

- мәліметтер ағынын тасымалдау кезіндегі алмасу жылдамдығы (қатынау уақытына кідірістен кейін). Алмасу жылдамдығы жедел жадыда максимал, одан кейін дискілік, сосын - ленталық;

- мәліметтер бірлігін сақтаудың салыстырмалы бағасы – жинақтағыш бағасының сақтау бірлігіне (байт немесе мегабайт) қатынасы. Сақтаудың бағасы ауыстырмалы тасымалдағышты ленталық құрылғыларда мини­малды, одан кейін дискілік жинақтағыштар, ал ең қымбаты – жедел жады.

Бұл параметрлерден басқа басқа да сипаттамалар бар – энергияға тәуелсіздігі (сыртқы қоректену өшірілген жағдайда ақпаратты сақтау қабілеті), сыртқы әсерлерге тұрақты болу, сақтау уақыты, конструктивтік ерекшеліктер (өлшемі, салмағы) және т.с.с. Жадының әр типінің жүзеге асырылу ерекшеліктері, артықшылықтар мен кемшіліктері бар.

Ішкі және сыртқы жады әртүрлі тәсілдер арқылы қолданылады. Ішкі (жедел және тұрақты) жады процессор орындайтын программалық кодты сақтайды. Бұл жадыда процессорға (яғни орындалып жатқан программаға да) тікелей қатынайтын мәліметтер де сақталады. Сыртқы жады мазмұны еркін файлдарды сақтау үшін қолданылады. Процессор (программа) осы файлдарға жедел жадының қандай да бір облысына көшірген соң ғана қатынай алады. Дискіден тікелей программалық кодқа не мәліметтерге қатынай алмайды.

Дискілік жадының басты кемшілігі –қатынауға көп уақытқажет және алмасу жылдамдығы төмен – бұл виртуалды дискіні қолдану арқылы шешіледі. Виртуалды диск жедел жадының өзінше қолданылған облысы болып табылады. Бұл облыста файлдар сақталады және операциондық жүйе тұрғысынан қарағанда қарапайым, бірақ өте жылдам диск болып көрінеді. Әрине, оның көлемі шектелген, және бұл көлем процессорға жедел жады түрінде қатынайтын, орнатылған физикалық жадыдан алынады..

Жедел жадының негізгі кемшілігі – дискілікке қарағанда көлемінің аздығы. Виртуалды диск көлемі физикалық дискінің көлемінен асуы мүмкін.


ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ МЫСАЛДАРЫ

Ақпарат көлемін анықтау.

 

1. "Я помню чудное мгновенье" хабарламасының ақпраттық көлемі қанша. Бір символ бір байтпен кодталады және крші сөздер бір пробелмен ажыратылады.

Жауабы: 24 байт, немесе 192 бит.

 

2. Кітаптың 100 беті бар; әр бетте - 35 жол, әр жолда - 50 символ. Кітаптағы ақпараттың көлемін анықтау.

Шешімі: бір бетте 35 x 50 = 1750 байт ақпарат бар. Кітаптағы барлық ақпараттың көлемі:

1750 x 100 = 175000 байт.

175000 / 1024 = 170,8984 Кбайт.

170,8984 / 1024 = 0,166893 Мбайт.

 

3. Бір, екі, үш символдан тұратын екілік қатарлардың барлық саны қанша.

Шешімі: Бір биттен тұратын екілік қатарлар саны – 21=2, 22= 4, үш биттен - 23= 8.

 

4. Мектепте он балдық жүйе қабылданған. Осындай бір бағаны шифрлеу үшін қанша бит қажет?

Шешімі: N биттен тұратын қатарды қолданып, біз 2N бағаны кодтай аламыз. Үш биттің көмегімен сегіз бағаны, төрт бит көмегімен 16 бағаны кодтай аламыз. Биттер саны бүтін сан болғандықтан, дұрыс жауабы – 4 бит.

 

 

Государственное БЮДЖЕТНОЕ образовательное учреждение высшего профессионального образования




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав