Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындалықтарға тікелей байланысты. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажеттіалғышарты және өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған. Үздіксіз білім алуды мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен өлшеу деп жансақ түсінуге болмайды. Әрбір мектептің алдындағы міндет-ол әрбір адамды әр түрлі зұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігімен білім алуға үйрету.Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқартын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Қоғаның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл –ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар. Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.Оқу, білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес, Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын ала. Объективтік басты себептерге оқу, білм жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына –оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көнректі құралдарды жасап, компьютерлердің кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту, т.с.с.

Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол-өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылыап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы- білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектульды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зерттейді.

44.Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз. Әлеуметтік көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады [9]:

- өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы;

- ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, индивидтің ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы;

- өнегелі - адамдағы этикалық нормаларды ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.

Бұлайша тәптіштеп шектеу “адам”, “индивид” және “тұлға” ұғымдарын нақты бөлу үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттердің сипаттамалары үшін пайдаланылады. Бұл түсінік дүниеде тек өзіне тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарихи дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.

Бірақ адамзат өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі индивид ұғымымен көрсетіледі. Индивид - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерін: ақыл-ой, ерік-жігер, қажеттіліктер, мүдделер және т.б. иесі. “Индивид” ұғымы бұл арада “нақты адам” мағынасында қолданылады.

Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “индивид” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Социологиялық көзқарас тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Социология проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті және субъективті қасиеттерінің жиынтығын қамтиды

Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынантүсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Адамдарың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру экономикалық –әлеуметтанушылық адам үлгілерінің түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге болады.

- Адам тәуелсіз. Ол жеке қалауларына негізделіп дербес шешім қабылдайтын атомдалған жеке адам.

- Адам өзімшіл. Ол бірінші кезекте өз мүддесін ойлайды және жеке пайдасын ұлғайтуға тырысады.

-Адам ұтымды. Ол алға қойылған мақсатына біртіндеп жетуге тырысады және оған жетудің қандай да бір құралын таңдауда салыстырмалы түрдегі шығындарға көңіл аударады.

- Адам хабардар. Ол өз қажеттіліктерін жақсы біліп қана қоймай, оны қанағаттандырудың құралдыры жайлы қажетті ақпаратқа да ие.

Алайда, экономикалық агенттің ұғымдылығы мен жеке даралығын мойындай отырып, экономикалық іс әрекетті әлеуметтану көзқарасы оны жеке адамның әр түрлі бейнедегі әлеуметтік құрылымдар қатарына енген және өздерінің әлеуметтік байланыстар жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі кезде экономикалық іс-әректті әлеумттік байланыстар жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі кезде экономикалық іс-әрекетті әлеуметтік тұрғыдан талдаудың өзіне тән ерекшелігі үш жағдайда қалыптасады:

-экономикалық әрекет – әлеуметтік констукциялар болып табылады. Шаруашылық ниеттер оқшауланған жеке адамның өнімі емес, әлеуметтік қауымдастықтардың (тұлғааралық қатынасқа түсу жүйесі,қйымдар, әлеуметтік топтар) өнімі екені айтылады.

-шаруашылық институттар- әлеуметтік конструкциялар болып табылады.

Егер де “экономикалық адам” – ол тәуелсіз,өзімшіл,ұтымды және хабардар адам болса, әлеуметтік адам қоғамдықнормаларға бағынады және өзгешілдікке жақын,өзін ұтымсыз, тәртіпсіз түрде ұстайды, ақпараты мардымсыз және табыс пен шығындарды есептеуге қауқарсыз. Адамның әлеуметтанушылық –экономикалық жалпы үлгісі адамды осындай екі радикалды ұстанымдырдың ортасына орналастыруды меңзейді. Бұл жағдай адамды қалыптасқан жағдайға аса икемді және белсенді етеді; жай ғана ақпаратқа ие ғана емес, сонымен қатар оны танып білуші, жай ғана нормаларды орындаушы емес, сондай-ақ әлеуметтенуші етеді.

Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды.

Әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке ен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі. Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық (бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді. Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түйсіну бар, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйе- сін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады. Бұл ұғымның ең танымал түсіндірмесі американ әлеуметтанушысы Л.Козерге тиесілі. Оның пікірінше, қақтығыс - қарсыласушы жақтардың арасында жетіспейтін ресурстар үшін күрес туғызып, бәсекелесті қарусыздандырып, залалын тигізіп, тіпті шеттетуге дейін баратын мінез-құлық. Күрес ретіндегі қақтығыс анықтамасында ашық қарсылыққа көшетін субъектердің өзара қатынасының ширығуы ерекше көңіл аударуды талап етеді. Әлеуметтік қақтығыстардың себептері - қоғамның жіктерінің арасында шиеленісті туғызатын объективті және субъективті факторлар. Олар алуан түрлі. Марксистік сараптамалық дәстүрге сай төңкерістің объективті негізі ретінде қоғамның өндіруші күштері мен қалыптасқан өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар қарастырылады. Сонымен қатар, өндірістің жаңа тәсілдері мен саяси қатынастардың бұрынғы жүйесінің арасындағы қайшылықтар да аталады. Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдары - әлеуметтік қақтығыстарды шешудің немесе олардың ширығушылығын бәсеңдету әдіс-тәсілдері. Саяси тәжірибеде әлеуметтік қақтығыстарды реттеу немесе олардың ширығушылығын бәсеңдетудің бірнеше түрлері бар. Олардың барлығын төрт топқа жинақтауға болады:
1) қоғамда бар, орын алып отырған қақтығыстарды көзге ілмеу, мән бермеу;
2) қақтығысушы жақтардың біреуіне немесе барлығына қатысты репрессивті шаралар. қолдану;
3) ашық қақтығысқа әкелген алғышарттардың біразын жоюға бағытталған реформаларды жүзеге асыру;
4) қақтығыстардың тікелей себептерін жою арқылы қақтығысты түбегейлі шешуге тырысу.

Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндіріс саласындағы қатынастар, еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. жатады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.

Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады.

Нарық дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді. Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав