Читайте также:
|
|
Процедулалы – бағдарланған тілдер есепті шешу алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес елмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады. Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальдыетіп беруші құралдарды түсінеміз.Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.Си тили жуйелик программалау тили. Ең алдымен 1960 жылы Аlgol тілі пайда болған. Содан кейін CPL- 1963 жылы Осы іргелендіру арқылы Мартин Ричардс ВCPL(базалық біріккен программалау тілі) тілін 1967 жылы 1970 жылы Кен В тілін ойластырған. Алғашқы Си тілі 1972 жылы Bell және оның авторы - Деннис М.Ритчи. 1983 жылы... Си стандарттау мақсатын қойды.
10. Программалау тілдерінің программа (жоғары деңгейлі) құрылымы. Программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы.
Программалау тілдерінің программа құрылымы. Программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы программа құрылымы Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді бөлімі. Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті блок деп аталады. Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады. Негізгі блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) белгілерді (label) сипаттау;
3) тұрақтыларды (const)сипаттау;
4) мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5) айнымалыларды (var) сипаттау;
6) процедураларды (procedure) сипаттау.
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 382 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |