Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. А) дивидендтер өсу темпі
  3. А) негізгі құралдар амортизациясы
  4. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  5. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  6. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  7. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  8. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  9. алалардың өсуі:Урбанизация
  10. Аржылық бақылауда қолданылатын әдістер

Қаржылық ресурстар – бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне қайта бөлу кезінде қаржылық əдістердің көмегімен экономикалық субъектілер мен мемлекет жасайтын ақшалай қорланымдар менақшалай қорлар.

Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері:пайда, қосылған құн салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, əлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар жəне амортизациялық аударымдар

алады.

Қаржылық ресурстардың мөлшеріне əсер ететін факторларға мыналар жатады. Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды фак-торы қоғамдық еңбек өнім ділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді,сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нəтижесінің өсуінеалып барады. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің

басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз əсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нəтижесінде артады. Жəне, керісінше,қор қайтарымының төмендеуі қаржылық ресурстарды азайтады.

Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімніңбөліну пропорциялары. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық

шығындардың үлесін – материал сиымдылығын – төмендету өндірілген ұлттық табысты –қаржылық ресурстардың негізгі көзін арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

Қаржылық ресурстардың өсуіне сонымен қатар тұтас алғанда өндіріс құралдарының (инвестициялық тауарлар) өндірісі мен тұтыну бұйымдарының (тұтыну тауарлары) өндіресін кіріктіретін қ оғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркəсіп өндірісінің материалдық

заттай құрылымы да əсер етеді. Жұртқа мəлім, өндірістік арналымның (қоғамдық өндірістің бірінші бөлімшесі) тауарлары бойынша қосымша өнімнің нормасы тұтыну арналымының – екінші

бөлімшенің (акциздерді кіріктіретін жəне анағұрлым жоғары рентабелділікке ие) тауарлары мен өнімдері бойынша нормаға қарағанда төмен. Бұдан басқа, ұдайы өндірістік циклде тұтыну та-уарларының айналымы жылдамырақ болады, мұның өзі уақыттыңбелгілі бір межелдемесінде, мысалы, есептік жылда бірнеше айналымдардан алынатын ресурстарды қосындылауға (жиынтықтауға)мүмкіндік береді. Сондықтан қоғамдық өндірісте екінші бөлімшеніңүлес салмағы мен даму қарқыны неғұрлым жоғары болса, қаржылықресурстардың мүмкін көлемі соғұрлым көп болуы мүмкін. Қаржылық ресурстардың мөлшеріне əсер ететін келеңсіз факторауқымды сипатқа ие болып отырған шетелге қаржылық активтердіңжылыстауы болып табылады. «Капиталдың безінуі» деп аталатынныңсан алуан амалдары бар, соның ішінде: шетелдік банктердегі салым-дар, ұлттық банктен лицензиялар алмай шетелдік компаниялардыңакцияларын сатып алу, меншікті шетелдік компаниялар құру, қымбат

тұратын жылжымайтын мүлікті, асыл бұйымдарды жəне т.б. сатыпалу. Қаржылық қаражаттардың едəуір бөлігі Қазақстаннан шетелгежалған контракттар жасасу жолымен сауда операцияларының каналдары бойынша, сондай-ақ импорттық мəмілелердің сомаларын асырып көрсету жəне экспорттық мəмілелердің сомасын кемітіп көрсетужолымен аударылады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 92 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав