Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржыны басқару түсінігі, принциптері мен элементтері

Читайте также:
  1. A) мақсаттық басқару
  2. Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Азот айналымы. Азот элементтерінің де, өзге элементтер сияқты, айналымы үлкен және кіші циклдерден тұрады.
  5. БҰДСЖ негізгі принциптері
  6. Бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
  7. Бап. Оңалту рәсiмi кезінде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару
  8. Бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiктерi
  9. Бап. Уақытша басқарушының өкілеттіктері

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпы мәлім, әдетте тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Класикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген көрнекті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО –ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергіліекті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады. «Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерилері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс- қимылын білдіреді.

Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржынының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалары үлгісі қойылған. Осы критериге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды.

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржы аппараттары.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны құрайды:

1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қлыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін.

Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизімі (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады;

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттыұқ шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстары белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігін туындайды.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың жалпы және жеке қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав