Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні

Читайте также:
  1. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
  2. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  3. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  4. Азақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарын сипаттаңыз
  5. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  6. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  7. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  8. азақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
  9. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  10. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері

Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар – бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын тікелей шығындардан тұрады.
Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген «кірістер» түсінігіндегі жіктелуге өте ұқсас. Сонымен қатар «шығындар» ұғымының екі мағынасы бар:
1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану, яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.
2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады. Бұл екі аспект <шығыстар> ұғымының оның <шығындар> ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің туындауына әкеледі: егер <шығыстар > соңғы тұтынуды білдіретін болса, <шығындар> келешекте табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады.
Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын неғұрлым дамыған және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав