Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  3. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  4. D) ертикальды және горизонтальды
  5. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  6. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  7. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  8. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  9. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  10. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:мемлекеттің бюджет жүйесі;арнаулы бюджеттен тыс қорлар;мемлекеттік несие;жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.Үшінші буынға үй шаруашылықтарының (халықтың) қаржысы жатады.

Жалпымемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі.Коммерциялық есптің ерекшеліктері:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
- қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
- қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
- бюджеттік қаражаттар;
- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
- халықың қаражаттары;
- әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
- келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;
- өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;
- мүлікті жалға беруден түскен табыс;
- мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.

Загрузка...

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 19 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав