Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпараттық технология пәнінің приоритетті бағыттары

Читайте также:
  1. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  2. Lt;variant>Микротолқынды технология
  3. Lt;variant>политика, технология, общество, структура
  4. Token Ring технологиясы
  5. VI. ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ТЕХНОЛОГИЯ
  6. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  7. Адаптация как основная задача и метатехнология социальной работы.
  8. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  9. Бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар

Ақпараттық технология – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Қазіргі замандағы ақпараттық технология - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Ақпараттық технология ұғымы ақпаратты өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды-техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды.Ақпараттық технология көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика. Документалистика ХІХ ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа ғылым кибернетика дами бастады. Оның негізін американ ғалымы Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логикадан еңбектері қалады. Ақпараттық технологияның негізгі міндеті – есептеуіш техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады. Ақпараттық технологияның негізгі зерттеу объектісі – қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады.

4.Санау жүйелері. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі. Санау жүйелері. Сандарды бейнелеу және өрнектеу тәсілдерін санау деп атайды. Кез келген сөзді қандай да бір алфавит таңбаларын және сәйкес ережелерді қолдана отырып жазуды кодтау деп атайды. Санау кодтаудың жеке жағдайы болып табылады, мұнда белгілі бір алфавитті және белгілі бір ережелерді қолдана отырып, жазылған сөз код деп аталады. Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің келісілген жиынтығы. Санау жүйелерінің екі түрі бар: позициялық және позициялық емес (бейпозициялық). Позициялық емес санау жүйелерінде беру және жазу ережелері күрделі болып табылады. Мұндай санау жүйелерінің бірі – римдік сан жүйесі. Мысалы, MCMXCVIII – 1998 деген сөз, мұнда M – мыңдық, C – жүздік, X – ондық, V – бес, I – бір, т.с.с. Позициялық санау жүйелерінде санның мәні тек қана оның құрамына кіретін цифрлармен ғана емес, сонымен қатар цифрлардың тізбектегі орнымен анықталады. Мұндай жүйелердің қатарына кәдімгі өмірде қолданатын ондық жүйе, екілік жүйе т.с.с жатады. Позициялық сан жүйесінде қолданылатын таңбалардың саны оның негізі деп аталады, оны q әрпімен белгілейік (мысалы ондық сан жүйесінде он таңба(цифр): 0,1,2,...,9). Санау жүйесінің таңбаларының жиынтығын оның алфавиті деп атайды.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав