Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату

Читайте также:
  1. C) Пероральды түрде
  2. Lt;variant> тауарларды шартты түрде шығару
  3. Бірінші түрдегі қисықсызықты интеграл.
  4. Екінші түрдегі қисықсызықты интеграл. Грин формуласы.
  5. Заңды түрде қорғау
  6. Келісімшарттық мәміле
  7. Оршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
  8. Сыртқы сауда және транспорттық операцияларды реттеуші келісімшарттық қатынастардың жалпы схемасы
  9. Шартты операция

 

Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату өзiнiң мазмұнына қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрi болып табылады. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды үлгiлi мiнез-құлқы жəне еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негiзiнде үкiм бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босата отырып, оған сынақ мерзiмi iшiнде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюын айтамыз. Жазаның өтелмеген бөлiгi, жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылушыға сынақ мерзiмi ретiнде саналады, ол заң шығарушының жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату институтын сотталғандарға қолдануы олардың тез түзелуiне мүмкiндiк беру дiң тиiмдi жолы болып табылады. Сот жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып сотталған адамды жазаны өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн.

Түзеу жұмыстары, əскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жүрген адамдарға жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату қолданылады. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуды сот, сотталған адамға мемлекеттiк органның белгiленген орны бойынша сот, ал əскери қызметшiлер жөнiнде – əскери бөлiмдер мен мекемелердiң басшылығы жүзеге асырады.

Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуды қолдану мiндеттi түрде екi негiз – материалды жəне формальдi негiздердiң болуымен байланысты.

Жазадан шартты түрде – мерзiмiнен дұрыс босату сотталған адамға кiшiгiрiм жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн; ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын; аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн, сондай-ақ бұрын жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылған адамға, егер мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату осы баптың жетiншi бөлiгiнде, көзделген негiздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн. Сот тағайындаған өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан əрi өтеудi қажет етпейдi деп таныса жəне кемiнде 25 жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкiн.

Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.
3. Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
4. Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав