Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

сұрақ табиғи ресурстар

Читайте также:
  1. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  2. Lt;сұрақ>Word. Бiр мезетте бiрнеше графикалық элементтердi қалай белгiлеуге болады?
  3. Lt;сұрақ>Ондық жүйеде берілген 2 санының екілік санау жүйесіндегі жазылуы
  4. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  5. Азақ-ң әлеу. экол.проблемалары табиғи орта-ң бұзылу процесі.
  6. ала урбандалу жүйе ретінде. Урбожүйенің өзіндік ерекшеліктері, табиғи жүйеден айырмашылығы.
  7. Алпына келетін табиғи ресурстарды қолдану
  8. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп
  9. Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
  10. аралық бақылау сұрақтары

Табиғатдегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. 2.Ресурстардың жіктелуі.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.

Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 смқалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда- 0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады. Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.

 

60.Өсімдік жамылғысын қорғау*Өсімдік жамылғысы - өзеннің су режімінің қалыптасуындағы орманның рөлі. Ол жауын- шашынның мөлшеріне, таралуына, оның булануға кеткен шығынына, қардың жиналуына, судың жер (топырақ) қабатына сіңуге шығындануына, жер асты суларының жиналуына және су ағысының жылдамдығына әсер етеді. Өзен алабындағы орман-тоғайдың мөлшерлік көрсеткіші ретінде алаптың ормандық коэффициенті алынады, ол алаптағы орман-тоғай алып жаткан ауданның алаптың жалпы ауданның қатынасына тең. Ол процентпен немесе бірліктік бөлшегі түрінде келтіріледі. Алаптағы көл, батпақ, көпжылдық тоң және мұздықтардың көрсеткіштері қолда бар бақылау деректеріне сәйкес немесе арнайы зерттеулердің негізінде есепке алынады. Өзендердің режіміне және алаптың физикалық, географиялық жағдайына адамдардың шаруашылық әрекеттері (алаптағы жер жырту, орман отырғызу, бөгендер мен әуіттер салу, суды суғаруға пайдалану, су көздерін ластау және т.б.) елеулі әсер етеді.

61.Қорш. орт. қорғ-ң теор.нег.құру тұр.дам-ға көш-ң м. шарт-ң бірі* Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасыныңэкология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек.

62.эк-қ білім мен эк-қ сауат-қ адам-ң тұр дам қам-з ет рөлі* Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәденетінің негізін қалайды.Экология негізгіэкологиялық мәселелерді ашу мен шешу жолдарын жан-жақты сипаттауда жаратылыстану пәндерінің ішінде ерекше орын алады. Экологиялық білім — экологиялық тәрбие — экологиялық мәдениет — экологиялық сана — жалпы халықтық міндет.Экологиялық білім беру білім стандартына негізделіп жүргізіледі.Экологиялық білім берудің бірнеше әдіс тәсілдері:табиғаттағы көркемдікті сезіне білу, қоршаған ортаның әдістерін байқау, бақылау,өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу, қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау болып табылады.

 

63.ҚР таб орт-н тұр-ру проц себ-салд* Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының,Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы оргондары жақсы ұйымдастырылған және аумақтық тарлған жүйесін –қоршаған ортаны қорғау мен тбиғатты тиімді пайдалануды басқарудың жылдары болды.Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп,онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары,атап айтқанда,тұрақсыздандырудың экологиялық проблемалары,табиғат қорғау заңнамасының мемлекеттік бақылау және сараптаманың,табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің,қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.

64.Арал айм әл проб* Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.Жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде балық өңдейтін зауыттар және балық комбинаттары тұрақты жұмыс істеген.1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды.Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

65.яд-қ сын адамз тиг-н зард* Ядролық сынақтар дегенде ең алғаш есімізге түсетін үлкен эк-қ аумақ Семей қаласында жүргізілген жарылыс. Семей қаласы «Се­мипалатинск-21» сынақ аланынан 80 ша­қырымдай қашықтықта орналасып, 40 мыңға тарта адамның денсаулығына қауіп туғызды. Одан қалса, осы жерде орын тепкен тұрғындар қатты қадағалауға алынып, әміршіл-әкімшілдік жүйе өрістеді. Сынақ зардаптарын бастан өткізгендер үшін немесе жақындарынан айырылғандарға өз қайғылары туралы ләм деуге тыйым салынып, барша түйткілдер жабулы қазан күйінше қалып отырды. Бұған қарсы тұрушылар да болмай қалған жоқ. Обалы не керек, сынақты басынан кешір­ген жергілікті халықтар бұл сұмдықтың кешірілмейтіндігін айтып, өздерін сынақ алаңындағы қоян секілді сезінетіндігін жасырмады.Мысалы, 1953 жылғы сынақтың алдында көште болған тұрғындардың бірі сынақтың денсаулыққа зиян екендігі хақында ешқашан түсіндіру жұмыстары жүргізілмегенін айтады.Немесе жарылыстан кейін сонда қалып кеткен мысық, ит және т.б. жануарлардың азаппен өліп жатқаны.Сонымен бірге 2 мыңға тарта жасөспірімдер зерттеуге алынып, нәтижелері орталыққа беріліп отырған. Ғалымдар жергілікті адамдар бойынан үлкен өзгерістер күткенімен, олардың тек ішкі құрылыс және жүрек-қан тамырлары ауруына ұшырағандығын ғана байқады. Жергілікті адамдардан «сол сынақ уақытында өздеріңіздің денсаулықтарыңыздың сыр бергендігі байқалды ма» дегенде, олар бас ауруы мен тіс ауруларын сезініп, жүректері айнығанын еске алысты.

 

66.ҚР терр Семей яд сын алаң ж\е өзге полиг-р* Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді..Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.

67.яд-қ қар қарсы Нев-Сем қозғ* Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында “Қазақстандағы Семей полигоны адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады.

68.қорш орт күй бағ-ң әд м крит-і * Қоршаған ортаны бағалау жүйесі -Өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша төмендету мақсатымен компания қызмет ететін аймаққа тұрақты түрде қоршаған ортаның күйін бақылау жүйесін пайдаланып келеді.Бұл жүйеге қоршаған ортаның күйі, ықпал көзі мен факторлары, экологиялық өзгерістердің мүмкін болуы және қоршаған ортаның жалпы жағдайы туралы ақпараттар жинау, жүйеге келтіру және талдау кіреді. Кәсіпорын қызметі, қоршаған орта мен қызметкерлері немесе жақын жердегі елді-мекен (95 шақырым қашықтықта) тұрғындары денсаулығына зиян келтірмеуіне сенімді болу үшін табиғат ортасын құрайтын - ауа, су, топырақтың күйі бақыланып отырады.

69.эк-қ монит-г ж/е оның түрл-і* Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады.

70.эк-қ монитор-ң ұйымд прин-і*Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)– қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар.

71.тірш орт.стенаб-р эврио-р* Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.1/Сулы орта.Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді.Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.2/ Құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.3/Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауамен, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.4/ Тірі ағзалар – тіршілік ортасы.Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді.Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады.Оларды стенобионтты организмдер дейміз.Қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра беретін организмдер тобын эврибионтты түрлер дейміз.

 

72.Қазақстан Республикасының халыққа экологиялық білім және тәрбие беру /. Экологиялық тәрбие- бұл адамдардың сезіміне,санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол адамзаттардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне,табиғат ресурстарына ұқыптылықпен,үнемшілдікпен қарауға,табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйретеді. Эколог-қ білім беру-балабақша, орта мектеп,лицей,гимназия, колледждерде,жоғарғы оқу орындарында үздіксіз жетілдіріліп өтілуде, бұл мемлекеттік жүйе бойынша жүргізіледі. Экол-қ білім қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді,әдетті,ептілікті,икемдікті қамтиды.

73.ҚР-ның тұрақты дамуын қамтамасыз ету/. ҚР әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде 21ғ арналған күн тәртібінде (Рио де жанейро,1992 ж) және мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк,2000 ж) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит(2002 ж Йоханнесбург)декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылданды. Қазақ-ның 2030ж дейінгі Даму стратегиясы,ҚР дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, ҚР 2015ж дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, ҚР-ның 2004-2015 ж дейінгі экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. ҚР Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Қазақстан қүрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі,климат жағдайларының әр түрлілігі,өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экол-қ жағдайда оның қаз-дағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.

74.Тұрақты даму тұжырымдамасы/. Тұоақты даму термині 1987 ж БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. ТД дегеніміз-Қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қауіпке қоймайтын даму түрі. ТД тұжырымдамасы 3 негізгі кеңістіктен тұрады: эколог-қ,экон-қ,әлеуметтік.ТД мақсатына жетуді басқару осы үрдітерді бақылау, пайдаланылатын құралдарды тиімді пайдалану,қойылған мақсатқа жету деңгейі- тұ.даму индикаторын талап етеді. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Тұрақты дамуқамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамутеориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР тұрақты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық қорықтар. Биосфералық қорықтарды дамытудың Севилья стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар туралы түсініктер.

Қорықтар - толық қорғаудың жеңілдетірілген түрі, себебі; оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыкта пайдалануға рүқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табигаттың ерекше объектілерін қарауға алынған жүйелі үйымдастыру - қорғалымдар болып табылады. Табиғи тіршілік ортасын корғайтын катигориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябактар жатады. Олардың міндеті - халықты реакциялық қамтамассыз ету.

75.Негізгі тіршілік орталары,олардыңсипаттамалары./ Тіршілік ортасы деп- белгілі бір ағза дамуының барлық кезеңдеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығы. Тіршілік ортасы –қазіргі тіршілі етіп жатқан орг-дің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар. Тіршілік орталарына: су, топырақ, ауа,жер,организм де жатады.

76.Популяция-түрдің тіршілі ету формасы, поп-ның негізгі критерийлері../ Популяция – тіршілік циклдері,морфолоиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особтар, организмдер жиынтығы.олардың тіршілік ету формалары әр түрлі болады. Таулы,қыратты,шөлді, сулы,деген секілді. Поп-нын критерийлері олардын үздіксіз өсіп өнуі,ұрпақ жалғастықтары, топтағы жас ерекшеліктері,бір-бірімен ажырамай тіршілік етулері т.б

77. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы../. Биогенді элементтер –тірі орг-дің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдер, белоктар гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен, тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады. Бұл бағытта зерттейтін БИОЭЛЕМЕНТОЛОГИЯ деген медицина ғылымының саласы бар.Ал оның экожүйедегі айналымы деген организдердегі элементтер қызметтерінің жүру процесі.

78.Экожүйелердің орта түзушілік рөлі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру./ Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:
1. Құрлық экожүйелері
2. Тұщы су экожүйелері
3. Теңіз экожүйелері
Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады: автотрофты және гетеротрофты.
1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық қосылыстардың жинақталуы. ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсі және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А.Тенсли экожүйені құрамына организмдер де, абиоталық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функция
лық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін органикалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш функционалды әртүрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы қажет.

 

79. биосфераның құрылысы және биосфера шекаралары. Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфера (гр. биос —тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі.

80. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі /./Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалықзаңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

81.Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. / 1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген. Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

82.Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемалары./
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи қорлар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи қорларға жатады Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.

83.Қоршаған орта, тұрғындардың денсаулығы. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

 

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

84. Қазіргі заманның әлемдік проблемалары бойынша, халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар./ Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

ФАО - Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.

ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.

МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.

ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады.

 

8 5.Қазақстанның Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялары.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи территориялық ұйымдардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді: мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер және басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк бар. Қорық – аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті–табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар. Олар: Ақсу –Жабағлы, Алматы, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым, Үстірт, Алакөл, Батыс Алтай және Қаратау қорығы.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.027 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав