Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы.

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. А) негізгі құралдар амортизациясы
  3. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  4. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  5. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  6. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  7. Азот айналымы. Азот элементтерінің де, өзге элементтер сияқты, айналымы үлкен және кіші циклдерден тұрады.
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары
  10. БҰДСЖ негізгі принциптері

Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д.И.Менделеевтің преиодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.Периодтық жүйеде І топтың s-элементтерінің ішінде негізгі молекулалар мен макромолекулалар құрамына кіретін сутегі ерекше орын алады.Калий және натрий иондары жасушалар аралығына орналасқан: натрий иондары жасуша сыртындағы сұйықтықта, ал калий иондары жасуша ішінде болады.

78. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру.

Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсі және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А.Тенсли экожүйені құрамына организмдер де, абиоталық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функция
лық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін органикалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш функционалды әртүрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы қажет.

79. Биосфераның құрылысы және биосфера шекаралары.Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» — бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.Стротосфера – латынша «stratum» — төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Иопосфера – гректің «ion» — қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.

80. В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы рөлі. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге,ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Загрузка...

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав