Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).

Читайте также:
  1. TEMA 62. АРИСТОТЕЛЬ О ПРЕДШЕСТВУЮЩИХ УЧЕНИЯХ О БЫТИИ
  2. Анатомия и медицина древней Греции и Рима, их представители (Гиппократ, Аристотель, Гален).
  3. Античная психология. Классический период (Сократ, Платон, Аристотель)
  4. Античная философия периода расцвета (Демокрит, Платон, Аристотель). Начало формирования философских концепций права.
  5. Аристотель
  6. Аристотель
  7. Аристотель
  8. Аристотель
  9. АРИСТОТЕЛЬ
  10. Аристотель

Аристотель (б.з.д 384-322жж) философиясы жалпы қорытындылау емес, барлық алдағы грек философиясының логикалық өңделген түрі аяғы болып келеді. Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:

- теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;

- практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;

поэтикалық

Болмыс мәселесін қарастыру барысында философ Платонның идеялар туралы білімін сынға алды. Платонның кемшілігі - идеяларды шындықтан бөліп қарауға тырысуы. Аристотельдің пікірінше, қоршаған ортамен байланыссыз таза идеялар болуы мүмкін емес. Нақты жеке құбылыстар мен заттар бар. Мысалы, үйдің идеясы емес, белгілі сипаттары бар нақты үй бар. Аристотель философиясының тарихи маңызы мынада:

- Платонның идеялар теориясын сынау барысында оның ілімінің осал жақтарын дәл тауып көрсетті;

- Әлем мен адамның қалыптасуын материалистік тұрғыдан түсіндірді;

- Он философиялық категорияларды анықтады;

- Категориялар арқылы болмыстың анықтамасын берді;

- Материяның мәнін түсіндірді;

- Логиканың дамуына елеулі үлес қосты, дедуктивтік әдістің мәнін ашып, силлогизмдер жүйесін жасады.

 

11. Ғылымдағы софизмдер және пародокстар. Магистранттың ғылыми қызығушылық аумағындағы пародокстар.

Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде.

Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың, яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар.

Парадокс (гр. рara – қарсы, doxа – пікір) – әдеттен тыс, күтпеген, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір; қарапайым, дәстүрлі пікірмен келіспейтін, күтпеген жағдайдағы, үйреншікті емес талқылау; қабылданған көріністерге сәйкес келмейтін өзгеше құбылыс.[1] Парадокс термині антикикалық философияда ерекше тың жаңа пікірді сипаттау үшін пайдаланылған. Парадокстердің кездесуінің екі жағы бар: біріншіден, Парадокстер теория негізінің дұрыстығына күмән келтірсе, екіншіден, антиномиялардың шешімін іздеу теорияны толық жетілдіруге және логика мен математиканың негізін зерттеуде құнды жаңалықтар ашуға бағыттаса. Парадокс адамдардың қарым-қатынастарында, ойлау өмірінде үлкен орын алғанымен, әдетте екіұшты ой деп қабылданады.[2] Милеттік Эвбулидтің “Өтірікші” деген Парадоксы бойынша: “егер өтірікші өзінің өтірігін мойындаса, онда шындықты айтқаны. Демек, өтірікші өтірікші емес" деген қорытынды шығады.

Мысалы: Элейлік Зенонның “Ахиллес және тасбақа” деген Парадоксы бойынша ұшқыр Ахиллдің тасбақаға жетуі мүмкін емес, себебі олар бір мезетте қозғала бастаса, тасбақаның қозғалған жеріне Ахилл жеткенше тасбақа сол қашықтықтың 1/10-ндей жерге жылжиды. Ал 1/10-ді Ахилл өткенше тасбақа 1/100-дей жерге одан әрі жылжиды, т.т. Сөйтіп Ахилл тасбақаны шексіз қуалай береді.[3]

12. Теоцентризм идеясы ортағасырлық философия және ғылымның негізі ретінде

1. Ортағасырлардағы (І-ХV ғ.ғ.) философияның қалыптасуының екі негізгі алғышарты болды:

а) ертедегі грек философиясы, әсіресі платондық және аристотельдік дәстүр;

б) философияны христиандыққа қарай бұрған әулие жазбалар.

Ортағасырлар философиясы алдыңғы антика философиясынан, одан кейін болатын қайта өрлеу дәуірінен өзінің діни мазмұны мен бағытылығымен ерекшеленді.

Бұл дәуірде философия дінге тәуелді болды, өйткені философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм,провиденциализм позициялармен шешілді.

Теоцентризм – әлемнің түптамыры, жаратылыстың себебі құдай деп түсіндіретін ілім.

Креационизм – Құдай тірі және өлі табиғатты жоқтан жаратты деген принцип (ортағасырлық онтологиялық принцип)

Провиденциализм – әлемдік оқиғаларды, тарихты, адам әрекетін құдай басқарады деген көзқарастар жүйесі (ортағасырлық гносеологиялық принцип)

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік). Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады). Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды. 3 Философияның генезисі, философиялық дүниетанымның тарихи типтері. Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияның тарихи типтері

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 133 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав