Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары

Читайте также:
  1. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  2. Lt;variant>Интегралды экономикалық ғылымдарға.
  3. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
  4. А) экономикалық қатынастарда
  5. Азақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарын сипаттаңыз
  6. азақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
  7. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  8. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  9. Айсысы экономикалық теорияның пәні болып табылады?

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XІVғ. аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы) қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді.

Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.

Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында – тәуелсіздік үшін күрес заманы болды.“Қайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің “Жизне описание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVІғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады.

Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады.

Сондықтан мұнда "алыптар" аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи, Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло, Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына адамға деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамы қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель: “Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың “алтын таңы”, жер жүзі мәдениетінің жаңа дәуірі” деп атаған.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав