Читайте также:
|
|
Алкалоидтар. Никотин, оның туындылары. Пуриндік алкоидтар. Алкалоидтар- құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеті бар. Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөлініп шығарылған. Көбісі жабық тұқымдылар арасында кең таралған. Алкалоид молекуласына C, H, N, атомдарынан басқа S, Cl, Br атомдары болуы мүмкін. Алынатын зат атауының түбіріне «ин» жалғауы жалғанады. Жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделген. Туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Мысалы, морфин, эфедрин, атропин, папаверин. Никотин- өсімдіктердің Solanaceae тобында кездесетін алкалоид. Көбіне темекіде, аз мөлшерде қызанақта, картопта, кәдіде болады. Никотин биосинтезі- тамырда, жиналуы- жапырақта жүреді. Ол қатты әсер ететін күші бар нейротоксин және кардиотоксин. Қазірге дейін инсектицид есебінде қолданылды. Никотин- жағымсыз иісі бар сумен оңай араласатын ылғал тартқыш, ащы дәмі бар, майлы зат. Амин ретінде никотин қышқылдармен әрекеттесіп қатты, суда ерігіш заттар түзеді. Тері арқылы денеге оңай кіреді. Тотығып PP витаминін оңай түзеді. Орта есеппен 7 секунд оның миға жетуіне жеткілікті. Пуриндік алкалоид тобына кофеин, теобромин, теофиллин жатады. Олар ксинтиннің метилденген туындылары. Кофеин және теобромин шоколад құрамында, теофиллин демікпе, пневмония, бронхитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.
52,Алкалоидта р деп негізінен өсімдіктерде жиі, ал жануарлар организмінде өте сирек кездесетін, негізгі қасиеттерге ие азоттық қосылыстар тобын атайды. Олардың күрделі құрылысы, күшті физиологиялық және фармакалогиялық қасиеті бар: көп мөлшерде қолданылса уға, аз мөлшерде қолданылса бағалы дәріге айналады. Алкоид деп осы негізгі қасиеттеріне байланысты аталған, латынша – alkali-сілті oides-ұқсас, аударғанда «сілтіге ұқсас» деген мағынаны береді.Алкалоидтардың көпшілігінің құрамында азот атомы болады, олар оптикалық активтілікке ие. Өсімдіктерде алкалоидтар органикалық қышқыл түрінде кездеседі, мысалы, алма, лимон, шарап, қымыздық қышқылдарының тұздары ретінде.Дара алкалоидтардың атаулар тізімі бір жүйеге қойылмаған. Олардың көпшілігі өз атын құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерден алған.Пиридин тобының алкалоидтары: кониин, никотин, норникотин, пиколин, анабазин, анатабин, аммодендрин, миозиин, седамин, генцианин, мимозин, лутидин, пиримидин, конгидрин, коницеин, пельтерин, озопельтерин, лобелин, лобеланин, ареколин, изваин, рицин, риинин, гигрин, куксигигрин және т.б. Пурин тобының алкалоидтары: кофеин, теобромин, теофиллин, ксантин, гуамин, аденин және т.б. Никотин - өте улы алкалоид (адамды қатты уландыратын доза 40 мг.), темекінің дәні мен жапырағында 8 % - ке дейін болады. Оның құрамында қарапайым байланыспен біріккен пиридин мен пирролидиннің ядролары бар. Никотин вегетативті жүйкелер жүйесіне әсер тигізеді; оның қан тамырларын тарылтатын қасиеті бар. Никотин 247 градуста қайнайтын майлы сұйық зат. Ұшпалы, суда ериді. Ауада тотығып қоңырқай түске айналады. Үлы зат болғандықтан, ол инсектицид ретінде ауыл шаруашылығанда зиянды жәндіктерді жоюға қтолданылады. Никотин суда күшті негіз түзіледі.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 217 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |