Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

 

Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Банктің активті операцияларының негізгі түрлері:

- Жеке және заңды тұлғаларға белгіленген мерзімде әр түрлі несиелерді ұсыну;

- Мемлекетпен немесе өзге де заңды тұлғаоармен шығарылған бағалы қағаздарға (облигациялар, акциялар, т.б) инвестициялар;

- Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

- «репо» тектес операциялар;

- Валюталық дилингтік операциялар;

- Лизингтік операциялар.

Банктердің активті операциялары заң нормаларын сақтау, өтімділіктің тиісті дәрежесін қамтамасыз ету, операциялардың жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің алдын алуды жүзеге асыра отырып, пайда табу үшін жүргізіледі.

Коммерциялық банктердің пассивті операциялары –бұл банк балансының пассивінде көрсетілетін банк ресурстары көздерін қалыптастыру бойынша операциялар. Коммерциялық банк ресурстары 2 көзден өз қаражатынан және тартылған капиталдан тұрады. Банктің тартыған қаражаты әдетте оның ресурстарының басым бөлігін құрайды. Пассиаті операцияларды жүзеге асыру әдетте банкке салымшылардың және өзге де клиенттердің уақытша бос ақшала қаражаттарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Пассивті операцияларға келесілерді жатқызуға болады:

- жеке және заңды тұлғалардан салымдар мен депозиттерді (шұғыл депозиттер, талап етуге дейінгі, ұзақ мерзімді т.б) қабылдау;

-заңды тұлғаларға есептік ағымдағы, және өзге де шоттарды ашу;

-Өзге коммерциялық банктерден және орталық банктен несиелерді алу;

- инвестициялық бағалы қағаздар эмиссиясы.

Коммерциялық банктің негізгі пассивті операциялары- депозиттік операциялар. Депозиттік операциялар- бұл банк клиенттерінің шұғыл немесе мерзімді салымдары.

 

21. Клиенттердің төлем қабілетін бағалау жүйесін талдаңыз

 

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімдігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әркетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын – ала ықпал ететін факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушның мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті каптиладың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссуадасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:

Қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барыснда қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім – шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акцинерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім – шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл – хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шараларының жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы жән ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

• іскерлік тәуекелді бағалау;

• менеджментті бағалау;

• қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;

• қаржылық коэффициенттерді бағалау;

• ақша тасқынын талдау;

• қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;

• орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысн қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушынң несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отрып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдалану сипатталады.

 

Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау.

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

- автомобилдік несие;

- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

- кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүргілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

• жиһаз;

• сантехника;

• аудио – видео – және тұрмыстық техникалар;

• компьютер және оргтехника;

• басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына; үйдің ішішнде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк Казкомерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 21-кестеден көруге болады.

 

Несиелеу шарттары Тұтыну несиенің түрлері
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді тауарлар сатып алу несиесі
Жаңа Ескі (пайдаланылған)
  Несие мөлшері Автомобиль құнының 80% дейін Автомобильді бағалау құнының 80% -на дейін 10 000 АҚШ долларына дейін (немесе эквивалент) 500000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)
  Бастапқы жарна Автомобиль құнынан 20% - 3 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуда 20% - 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 30% - 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50% - 3 жылға дейін жүрілгн ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда –30% - 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда - 50% 20%
  Несие мерзімі -шетелдік автокөлік үшін 5 жылға дейін - ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін 3 жылға дейін 2 жылға дейін
  Несие валютасы АҚШ доллары немесе теңге АҚШ доллары немесе теңге АҚШ доллары немесе теңге
  Несие үшін төлем Айына; 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде) Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде) Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)
  Қамтамасыз ету түрі Сатып алатын автомобиль Егер шетел автокөлігінің жүрілген уақыты 10 жылдан ТМД-кі 5 жылдан аспаса, сол автомобильді Сатып алатын тауар немесе тұрғын үй

Казкомерцбанк АҚ-ның 2003ж жарнамалық материалынан.

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

1. қарыз алушының анкетасы

2. жеке куәлігі (көшірмесі)

3. СТТН (көшірмесі)

4. соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.

5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орынан анықтама.

6. жнаұя құрамы туралы анықтама (№3 форма).

7. некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).

8. кепілге қоятын мүліктің құжаттары.

 

Келесі бір дамып отырған несиеге - ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:

· несие мөлшері: жалжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% дейін.

· Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15% дейін.

· Несие үшін төлем: айына 1,3% (АҚШ долл), 1,7% (теңгеде).

· Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).

· Несие мерзімі: 10 жылға дейін

· Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.

 

Жеке тұлғаның төлем қабілеттігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлғына бірдей ортақ әдістеме жоқ. Сондықтан да «Центр Кредитбанк» АҚ-ның қолданылатын әдістемесінен мысал келтірейік.

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады. (22кесте)

Қарыз алушы – жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері.

  Көрсеткіштердің аттары Есептеу алгаритмі
1. Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ) Несиенің мөлшері / несиенің мерзімі
2. Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ) Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі / 12 ай
3. Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (НҚСАТ) НҚАТ + СМАТ
4. Таза табыс (ТТ) Жалпы табыс – салықтық және басқа да төлемдер
5. Нақты несиелік қабілетті (НҚАТ) НҚСАТ /ТТ (мәні жобамен 35-45% -дан төмен болмауы тиіс).

Мысалы: Жапарова М.Б деген азаматша 360 000 теңге сомасында тұтыну несиесін 36 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол кісінің таза табысы – 18 000 теңге және кепіоге жалжымайтын мүлік қояды.

Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы Жапарова М.Б. төлем қабілетін былай бағалаймыз:

НҚАТ = = 10000 теңге.

 

360000*0,18

СМАТ = = 5400 тенге

 

НҚСАТ =10000 + 5400= 15400 теңге

 

 

ННҚ = = 0,85 (не 85%)

сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады. Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауға арналады. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсынылады. Оның нарықтық (саоыстырмалы) құны 1 500 000 теңге тұрады.

Банк тарапынан бағалаушы –мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70% -нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады.

1. Пәтердің тозу коэффициенті = Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті)= 1500000*0,03=45000 теңге.

2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = П2терд34 нары0ты0 09ны * 15% (төмендеу коэффициенті) =1500000 * 0,15=225000 теңге.

3. Пәтердің бағалау құны =Пәтердің нарықтық құны – Пәтердің тозу коэффициенті – Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 1500000 –45000-225000=123000 теңге.

4. Пәтердің кепіл құны = Пәтердің бағалау құны * 60%=1230000*0,6=738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав