Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Трансұлттық валюта рыноктарының пайда болуы мен қызмет механизміне сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  3. F. Көптеген рискілердің болуымен байланысты
  4. G) Актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету
  5. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  6. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  7. Lt;question>Әлеуметтанудың қызметтері қандай Каковы функции социологии
  8. Microsoft Excel программасы. Кестелер. Автотолтыру. Функцияларды пайдаланып есептеулер.
  9. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  10. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.

 

Қазір халықаралық қаржы сферасында жаһандану үдерістері жедел дамуда. Соңғы екі онжылдықтың аралығында капиталдың халықаралық қозғалысының процесстері күрт кеңейіп, жылдамдады. 2011 жылы әлемдік валюта нарығының орта тәуліктік айналымы 2 трлн.доллардан асып түсті. Оның көлемі өскен сайын мемлекеттік ақша жүйелерінің бірігу процесстері жылдамдай бастайды. Аяғында бұл процесстер валюталық интеграция мен валюталық одақтарды құруға алып келеді.

Әлемдік валюта нарығы – ұлттық және шетел банктерін, брокерлік фирмаларды байланыстырушы, валюталық операцияларды жүзеге асырушы және өалықаралық есеп айырысуға қызмет көрсетуші қазіргі заманғы байланыс құралдарының жаһандық желісі(телеграф, телефон, компьютерлік желілер мен жүйелер). Қазіргі заманғы әлемдік валюта нарығы ең қуатты және өтімді, бірақ экономикалық және саяси өзгерістерге өте сезімтал нарық болып табылады. Әлемдік валюта нарығы өзге нарықтардан жоғары өтімділігімен, қызмет ету уақытында, қатысушылар санында және нақты орынға жақындығында шектеулердің болмауымен өзгешеленеді. Яғни, валюталық нарық халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ететін әлемдік ақша жүйесінің ең маңызды компоненті. Қазіргі таңда операциялар көлемі бойынша валюталық нарық қаржы нарығының басқа сегменттерінен асып түседі, яғни қазіргі уақытта валюталық операциялардың көлемі күніне 4 млрд. Доллар шамасындағы мөлшерді құрайды.

Негізгі ерекшеліктері: Жаһандану мен электронды байланыс құралдарының кең қолданысы негізіндегі валюта нарықтарының халықаралық сипаттамасы; Кезек-кезек әлемнің кез келген бөлігінде операциялардың үздіксіз, тәулік бойы жүзеге асырылуы; Валюталық операциялардың бірыңғайлық сипаттамасы; Хеджерлеу көмегімен валюталық және несиелік тәуекелдерден сақтау мақсатында валюталық операциялардың қолданылуы; Коммерциялық мәмілелермен байланысты валюталық операциялардан біршама басым болатын спекулятивті және арбитраждық операциялардың үлкен бөлігі; Валюта бағамдарының тұрақсыздығы (құбылмалылығы). Валюталық нарықтың негізгі функциялары:

- Халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру;

- Валюталық және несиелік қауіп қатерлерді сақтандыру;

- Банктердің, кәсіпорындардың, мемлекеттің валюталық резервтерін диверсификациялау;

- Валюта бағамдарын реттеу;

- Валюта бағамдарының айырмасы түріндегі олардың қатысушыларының алып сатарлық пайда табуы;

- Елдер тобының шегінде келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу. (G8, ЭЫДҰ, ЕО)

Сонымен қатар валюталық нарықтың негізгі 3 қызметін қарастыруға болады: клиринг, хеджирлеу, арбитраж.

Клиринг дегеніміз – бір біріне сатылған тауар, құнды қағаз және көрсетілген қызмет үшін мемлекеттер, компаниялар, кәсіпорындар арасындағы қолма қолсыз есеп айырысу. Бұндай есеп айырысу төлем балансының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Хеджирлеу - бұл валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал. Валюталық тәуекелдікті хеджирлеу (сақтандыру) дегеніміз – компанияның қаражатын валюта бағамының жағымсыз қозғалысынан қорғау, оның мәні – валюталық нарықта мәміле жасау арқылы осы қаражаттың ағымдағы құнын бекіту.

Валюталық арбитраж - банктер арасындағы валюталық операция, ол валютаны сатып алу (сату),кейіннен әр түрлі валюта рыноктарындағы бағамдардың айырмашылығын немесе валюта бағамдарының белгілі бір уақыт аралығында тұрақсыздануын пайдаланып, пайда табу үшін кері келісім жасауды білдіреді. Валюталық арбитраждың негізгі принципі - валютаны арзанырақ сатып алып, қымбатырақ сату. Валюталық арбитраж екі валютамен (жай валюталық арбитраж) немесе үш тіпті одан да көп валютамен (күрделі валюталық арбитраж) «спот» немесе «форвард» шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Еуровалюта-бұл шетелдік банктердің шотына аударылған және олармен барлық елдерде операциялар үшін қолданатын белгілі бір елдің айырбасталымды валютасы.

Еуровалюта ұлттық ақша бірлігі бола тұра, ұлттық валюта органдарының бақылауынан шығады және әлемдік ақша рөлін атқарады.

Бұл «баспанасыз ақша» немесе орталық банк-эмитенттің заң құзыретінен (юрисдикциясынан) тыс шыққан «азаматтығы жоқ ақша».

Еуровалюталар ұлттық валютаға міндетті түрде айырбасталусыз (конверсиялаусыз) мемлекеттік шекаралардан өтеді.

Салымшының азаматтығы не/се тұрақты мекен-жайы еуровалютаның белгілеуіне әсер етпейді.

Еуровалюта болу үшін валюта тек қана оны эмиссияға шығарған елден тыс шетелдік банкте орналасуы қажет.

«Евро» сөз алды қосымшасы-бұл тек қалыптасқан дәстүр.

Кең мағынада еуровалюта нарығы бұл еуровалютамен операциялар жүргізілетін нарық:

· Қысқамерзімді қаржылық операциялар;

· Орта- және ұзақмерзімді қарыз операциялар (евронесиелер);

· Еуровалютадағы құнды қағаздармен операциялар (еурооблигациялар, еуроноталар).

Еуронарық не/се еуровалюта нарығы-халықаралық қаржы нарығының құрама бөлігі.

Еуровалюта нырығы XXғ. 50-60-шы жж. ұлттық нарық үшін «сыртқы» (оффшорлық) не/се резиденттер ж/е резидент еместердің шетелдік валютадағы шоттарын жүргізу тәжірибесі кең таралу нәтижесінде пайда болады.

Еуровалюта нарығының пайда болу себептері:

1) долларларды АҚШ-нан тыс орналастыруға ұсыныстардың пайда болуы;

2) Еуропада АҚШ долларына үлкен сұраныс;

3) елдің ішінде доллармен валюталық операцияларды күрделендіретін АҚШ үкіметінің реттемелеуі;

4) еуропалық банктердің халықаралық операцияларды қаржыландырудың құралын табу тілегі.

Біртіндеп, еуродоллар ұғымы кеңейеді және өзіне АҚШ-нан тыс, сол сияқты АҚШ-ның территориясындағы еркін банктік аймағында орналасқан, шетелдік банктердің қолданатын долларларын өзіне қоса бастады.

Азиядағы валюта нарықтарында операциялар үшін қолданатын долларларды жиі азиядолларлар, ал араб елдерінде-арабдолларлары деп атайды.

Еуронарық ұлттық нарықтардың арасында делдалдық рөлді атқара бастады, бұл операциялар ұлттық мемлекеттік органдарымен тікелей реттелмейді.

Кейіннен еуонарықтың операциялары нарықтың басқа валюталары мен сегменттеріне таралды.

Еуровалюта нарығының ерекшеліктері:

- кең көлемділігі және нақты шекраның жоқтығы;

- нарықтың институционалдық ерекшелігі;

- жүргізілетін операциялардың әмбебптылығы- айырбас, депозитттік, несиелік және т.б операциялардың іске асуы;

- Халықаралық несиелік қойылымдардың болуы;

- келісім жасау процедураларының оңайлығы;

- Еуронарық іс-әрекетіне мемлекеттік бақылаудың жоқтығы;

- Операциялардан түсетін пайданың жоғарылығы;

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав