Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Валюта рыноктарының түрлері, сипаттамасын талдаңыз

Читайте также:
  1. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  2. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  3. Азақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы
  4. Арым-қатынастың коммуникативті , интерактивті және перцептивті жақтарын талдаңыз.
  5. Ауызша жане жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы турде талдаңыз.
  6. Банктің валюта-айырбас есебі
  7. Валюта и валютные курсы
  8. Валюта нарығының экономикалық мәні
  9. Валюта та валютні курси. Плаваючі та фіксовані валютні курси

 

Әлемдік валюта нарығы – ұлттық және шетел банктерін, брокерлік фирмаларды байланыстырушы, валюталық операцияларды жүзеге асырушы және өалықаралық есеп айырысуға қызмет көрсетуші қазіргі заманғы байланыс құралдарының жаһандық желісі(телеграф, телефон, компьютерлік желілер мен жүйелер). Қазіргі заманғы әлемдік валюта нарығы ең қуатты және өтімді, бірақ экономикалық және саяси өзгерістерге өте сезімтал нарық болып табылады.

Валюталық нарықтар көлемі, валюталық опреациялар сипаты, қолданылатын валюталар саны және либерализация деңгейі бойынша мынадай түрлерге ажыратылады:

- әлемдік;

- аймақтық;

- ұлттық.

Әлемдік валюталық нарықтар негізінен әлемдік қаржы орталықтарында шоғырланған: Лондон, Нью-Йорк, Франкфурт-на-Майне, Париж, Цюрих, Токио, Сингапур,Бахрейн. Әлемдік валюта нарығының өзегін валюталық шектеулері аз мемлекеттер құрайды. Аймақтық валюталық нарықтар: еуропалық (40%,) американдық (40%), азиялық (20%). Аймақтық және жергілікті валюталық нарықтарда белгілі бір айырбасталымды валюталармен операциялар жүзеге асады. Мысалы, сингапурдық доллар, сауд риялы, кувейт динары, т.б. Ұлтық валютталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет корсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады.

Әлемдік валюталық нарықтың құрылымын түрлі позициядан қарастыруға болады. Біріншіден оны биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтар, екіншіден қолма-қол және мерзімдік мәмілелер нарығы деп бөлуге болады.

Биржалық валюта нарығы – арнайы ұйымдастырылған валюталық биржалардағы валюта саудасы. Ол қаржылық құралдардың айырбасына негізделеді. Оған мысалға фьючерстермен айырбасты келтіруге болады. Биржалық нарық нысандандырылған және белгіленген ережелерге бағынады. Биржадан тыс валюта нарығында валютамен сауда негізінен коммерциялық банктер арасында жүргізіледі. Биржадан тыс валюта нарығының қатысушыларының тәртібі өзара келісім бойынша анықталады. Ал келісім жасаудың ерекшелігі коммерциялық құпия болып табылады. Валюталық нарықтың осы сегменті шартты түрде банкаралық валюталық және FOREX нарығына бөлінеді. FOREX(foreign exchange, ағылшынша валюталық нарықты немесе валютамен сауданы білдіреді). FOREX тегі сауда USD, JPY, GBP, EUR, CHF, CAD, AUD жүргізіледі. Валюта шектеулеріне байланысты еркін және еркін емес валюта нарығы. Валюта шектеулері бар валюта нарығы еркін емес нарық, валюталық шектеулер болмаса, еркін нарық болып табылады. Ал валюталық оперцияларды жүзеге асыру мерзіміне баланысты валюталық нарықтар екіге бөлінеді: ағымдағы және мерзімдік.

Ағымдағы валюта нарығында валюталарды дереу жеткізу – «спот мәмілелер» іске асырылады. Бұл нарықты сонымен қатар, кассалық немесе қолма-қол деп атайды. Спот келісімдері - қарапайым стандартталған келісімдер негізінде жүргізілетін және есептеулері 2 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалатын екі валюта айырбасы.

Мерзімдік валюталық нарықта мәмілелер белгілі бір мерзімге жасалады. Оған келесі мәмілелерді жатқызуға болады: фьючерстік, форвардтық мәмілелер, опциондар, своп келісімдері. Форвардтық операциялар - мәмілені жасасу сәтінде тіркеуге алынған бағам бойынша белгілі бір уақыт өткен соң төлем жүзеге асырылатын валютаны сатып алу-сату бойынша операциялар. Фьючерс – мәміленің шарттарына сәйкес белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алушыға валютаны сатуға (сатып алуға) жауапкершілікті беретін, ұйымдастырылған валюта нарығында айналыста жүретін валюталық операцияның бір түрі. Фьючерстік мәмілелер биржаларда, форвардтық мәмілелер биржадан тыс нарықтарда жасалады. Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір валютаны сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды. Контрактны сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Своп – ұлттық валютаны шетелдік валютаға белгілі бір мерзімнен кейін қайта айырбастауға міндеттеніп, айырбастау операциясы. Мұнда активтер мәміле тараптары арасында пайыздық немесе валюталық тәуекелді төмендету мақсатымен айырбасталады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 67 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав