Читайте также:
|
|
Трансұлттық банктер – шетелде кең торапты өкілдігі, филиалдары және бөлімшелері бар ірі қаржы-несиелік мекеме. Ол Халықаралық қарыз капиталының қозғалысында басты делдал болып табылады, және Әлемдік нарықтағы валюталық және несиелік операцияларды қадағалап отырады.
Мұндай банктердің қызметіне халықаралық операциялардың үлкен үлесі тиесілі, қызмет саласының жаһандық деңгейі және әмбебаптылығымен ерекшеленеді.
Өз қызметінде ТҰБ өзінің трансұлттық филиалдар жүйесін, бөлімшелері және өкілдіктерін басқаруда халықаралық амал-тәсілдерді қолданады.
ТҰБ-ң негізгі клиенттері:
} Трансұлттық корпорациялар
} Шетел өкілдіктері және мемлекеттік институттар
} Халықаралық ұйымдар
Трансұлттық банктер өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың даму кезеңдері Трансұлттық корпорациялардың даму кезеңдеріне сәйкес келеді.Атап айтқанда 5 кезеңнен тұрады:
} 1-кезең: ХІХ ғ.соңы – ХХғ. Басы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін–1914-1918жж.
} 2-кезең:Бірінші д/ж соғыстың аяғы(1918ж) – Екінші д/ж соғыстың басына дейін(1939ж). Соғыс кезінде ТҰБ-ң халыұаралық қаржылық қызметі баяулады және қысқартылды, ал соғысып жатқан елдерде қаржылық қызмет тіпті тоқтап қалды.
} 3-кезең:Екінші д/ж соғыс аяғы(1945ж) – ХХ ғ. 70-жылдары Бұл кезең сипаты соғыстан кейінгі экономиканың қайта қалпына келуі, банктікжүйені қосқанда дүниежүзілік колониалдық жүйенің күйреуі, жаңа халықаралық банктік жүйе құруды талап етуші дамушы елдермен экономикалық қатынастар құрылуымен ерекшеленеді.
} 4-кезең: ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Әлемдегі ТҰК-тың қарқынды өсуі байқалды. Бұл процес Трансұлттық банктер жүйесін өрістетуді талап етті.Оның себебі, ТҰК-ға қаржылық қызмет көрсету және әлемдік қаржы нарығына сұраныстың шұғыл көбеюі.
} 5-кезең:ХХІ ғасырдың басы. Бұл кезеңде Еуропада, Солт. Және Оңт. Америкада, Азиядажәне жалпы Евразияда аймақтық интеграциялық процестің күшеюі. ТҰК және ТҰБ қатысуымен әлемдік шаруашылықтың жаһндану айналымының күшеюі қөрініс тапты.
ХХІ ғасыр басына қарай дүниежүзінде ірі трансұлттық банктер топтасқан 3 басты қаржылық аймақ қалыптасты: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония
Осы аймақтардың кеңістігінде ұзақ эволюция процесінде өткір тартыс және олардың қуатты клиенттері(ТҰК) арасында бәсекелестік күресте – халықаралық қаржылық орталықтар пайда болды: АҚШта Нью-Йорк, Батыс Еуропада: Лондон(Ұлыбритания), Париж(Франция), Цюрих(Швейцария), Люксембург, Франкфурт-на-Майке (Германия), Жапонияда:Токио. ХХІ ғ. Басында 20 жуық ірі қаржылық орталық болды. Олардың мыңдаған дамыған елдерде трансұлттық банк филиалдары және бөлімшелірі болды. Бұл банктер халықаралық бизнестің негізгі қаржыландыру көзі болып табылды.
ТҰБ функциялары – қаржылық ресурстардың иеленушісі мен инвесторлар арасындағы басты делдал; қаржы ресурстары иесінен қарыз алушығы каналдар қозғалысын бөлуші, реттеуші және формасын таңдаушы; үлкен масштабты халықаралық төлемдерді жүзеге асыратын әмбебап қаржылық топ ретінде анықталады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 21 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |