Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Банктер мен ұлттық экономика мүдделерінің ара қатынасын талдап, экономикалық тұрғыдан баға беріңіз.

Читайте также:
  1. A) аќша ќаражаттарыныѕ жјне олардыѕ баламасыныѕ келіп-кетуі жґніндегі экономикалыќ кґрсеткіштердіѕ жїйесі
  2. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  3. H) Экономика-математикалық модельдеу
  4. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  5. I. Микроэкономика
  6. I. Экономика и экономическая теория
  7. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  8. II. Макроэкономика
  9. II. Экономика как наука
  10. IV БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС

 

Айналым капитал массасының көбеюі кезінде банктер табыстары да өседі. Осымен банктердің іске асырушы операцияларын көбейтуге қызығушылығын түсіндіруге болады. Банктердің дамуы меншікті капиталдың азаюы мен тартылған қоғамдық капиталдың салыстырмалы артуымен ұласады. ХІХ ғасырдың соңына қарай банк капиталының жинақталуы мен орталықтандырылу үдерістері байқала бастады, банктердің акционерлік нысандары көбейді. Қазіргі жағдайда бұл үдеріс ірі банктердің бірін-бірі “жұту” үдерісі түрінде жалғасуда. Осы үдерістердің салдары болып несие нарықтарының монополизациясы табылады. Банктер несиені жеңілдетілген шартпен ірі корпорацияларға беруді жөн санайды. Кіші және орта фирмаларға жеңілдіктерсіз несиеге қанағат болуға және қарыз капиталда тапшылық көруге тура келеді.

 

Күллі әлемде банктік несие жүйесі өнеркәсіп, сауда мен жалпы мемлекетке (үкіметтік қарыздарды қаржыландыру арқылы) қызмет көрсетеді. Мемлекет ішінде бұл қызмет көрсету банктермен халықтың бос ақша қаражаттарын жинақтау жолымен іске асады. Дамыған елдерде азаматтардың жинақтарын тарту ерекше маңызға ие, себебі ондағы жинақ массасы қыруар.

Банктерді құрылымы, ұйымдастырылуы мен меншік формасы бойынша мемлекеттік, жеке және акционерлік болып бөледі.

Ірі банктер үкіметпен бекітілген жарғыға ие, әрі қаржы министрлігі олардың операцияларын бақылайды. Кіші жекеменшік банктер банкирлік контора, банкир үйлері деп аталады және өзінің жарғысы болмайды. Банктерді клиенттер шеңбері бойынша, несие ұзақтығына байланысты, негізгі операциялар түріне қарай бөлу де бар. Алайда, негізінен, банктерді орталық және коммерциялық деп бөлу дәстүрлі. Коммерциялық банктердің орталық банктен негізгі айырмашылығы – ақша эмиссиясына құқықтың жоқтығы. Орталық банктің негізгі функциясы болып ақша және несие жүйесін реттеу, әрі үкіметті тікелей несиелеу табылады. Ақша жүйесін реттеу ұлттық экономиканың қажеттілігіне сай банкноталарды шығару арқылы жүзеге асады. Несие жүйесін реттеу барлық коммерциялық банктердің саясатына әсер ететін ерекше жағдайдар жасау (мөлшерлемені өзгерту, “ашық нарық” саясаты, “минималды резервтер”, т.б.) арқылы іске асады.

Қазіргі капиталистік елдердің орталық банктері, әдетте, дербес заңды тұлға болып, мемлекетте қарамайды. Бүгінгі таңда орталық банктер үшін банкноталарды эмиссиялау лимиті немесе олардың алтынмен қамтамасыз етілу шарттары белгіленбеген. Тек қана Швейцарияда орталық банк айналымдағы банкноталардың 40 пайызын алтынмен қамтамасыз етуге міндетті.

Коммерциялық банктердің ұлттық экономикадағы басты қызметі өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, тұрғын үй құрылысын, сауданы қаржыландыру, сақтандыру және ипотекалық істерді қамтамасыз ету болып табылады. Барлық коммерциялық банктер универсалды және операциялар шеңбері шектеулі мамандандырылған болып бөлінеді. Универсалды банктер жекеменшік, мемлекеттік және несиелік серіктестік болуы мүмкін. Олардың бәріне жинақкассаны иелену тән. Мамандандырылған банктерді инвестициялық, ипотекалық және салалық болып бөледі.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 66 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав