Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЕҚҚДБ-нің кредиттеу қызметінің ерекшелігін талдап, экономикалық тұрғыдан баға беріңіз.

Читайте также:
  1. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  2. Lt;variant>Ағымдық бағамен.
  3. Lt;variant>Интегралды экономикалық ғылымдарға.
  4. Lt;variant>Шикізат бағалары.
  5. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
  6. А) экономикалық қатынастарда
  7. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  8. Айсысы экономикалық теорияның пәні болып табылады?
  9. Айта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары
  10. Аржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері

 

Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.

Дамыған елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы өте жоғары болған және 2005-жылы 89-174%-ға жеткен. Неміс-жапон қаржылық моделіндегі елдерде (Швейцария, Германия, Жапония) бұл қатынас ағылшын-американдық модель бойынша қызмет ететін елдерден гөрі (АҚШ, Англия) жоғары болған.

Жаңа индустриалды елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы 53-100% аралығында болған. Бұл жерде прогрессивті өсу ағылшын-американдық модельдегі (Турция) елдерден гөрі неміс-жапон елдерде (Корея, Сингапур) көбірек байқалған.

Шығыс Еуропа елдері мен Қытайда банктік несиелеудің деңгейі 33-133% құрайды. Бұл жерде де алдыңғы орында неміс-жапон қаржылық моделін таңдап алған елдер (Қытай, Чехия) болса, ағылшын-американдық моделін ұстанған елдер (Польша) артта жүрген.

ТМД елдерінің ішінде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша 2001-жылы Молдавия (27,5) алдыңғы орында тұрса, Ресей (24,3), Украина (23,8), Грузия (20,5) және Беларусь (17,4) одан кейінгі орында тұрған. Тек осы елдерден кейін ғана Қазақстан жүрген. Ол несиелеу деңгейі бойынша тек қана Қырғызстан, Армения және Азербайджан елдерінен озған

Дамыған елдердегі банктік несиелеу механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші жағдайда толық мағынадағы несие болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.

Францияда заңды тұлғаларды несиелеу кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды.

Қарыздық міндеттемелерге берілетін несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель бойынша қарыз адамның қолы түрінде және осы вексельді есеспке алуға берген кредиттер түрінде.Ал, қосалқы бөлшектерге берілетін несие бойынша кәсіпорындағы дайын өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық несие береді /.

Германияда басқа елдерде сияқты несиелік операциялар негізгі орынды алады. Бұл елде сыртқы сауданың дамуымен рамбурстық несие кеңінен қолданылады. Ол шикізатты әкелу мен жартылай және дайын өнімдерді шығару кезінде қолданылып, коноссамент кепілі формасында жүреді. Кейде бұл несие сатып алушының тауарды еркін басқару құқын сақтап қалуы шартында беріледі. Ол, әрине, бірінші класты қарыз алушыларға беріледі. Сондай-ақ, Германия мемлекеттік қорларының, қалалық зайым облигациялары, темір жол акциялары мен облигацияларын кепілдікке ала отырып несие береді. Неғұрлым «тиімді» банктер қамтамасыздандырылғанмен бірге бланктік несие де береді. Өтелген және өтелмеген несиелер екі жақты берілуі мүмкін. Қарыз алушы не банктен ақша алады, не вексельді акцепттеуіне болады. Соңғысында қарыз алушы ақша алу үшін басқа банкте вексельді есепке алады. Мұндай несиенің ерекше түрі авальды несие болып табылады. Мемлекеттік жабдықтау, салық органдары алдында алымдарды кейінге қалдыру туралы сұрау кезінде заңды тұлғалар өз міндеттемелерін орындауға кепіл беруі керек.

АҚШ-та да халықаралық тәжірибедегі несиелер беріледі. Бұл елде коммерциялық банктер беретін ссудалардың ішінде мөлшері және мәні бойынша неғұрлым маңызды ссуда категориясы сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына берілетін ссуда болып табылады. Ол барлық берілген ссудалардың үштен бірін құрайды. Коммерциялық және өнеркәсіптік ссудалардың көп бөлігі тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылады, ал олардың мерзімі 1 жыл және одан аз болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында он жылға дейінгі мерзімге берілетіндері де бар. Олар, әдетте, машина құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған. Сауда-өнеркәсіптік ссудалар тауарлы-материалды запастармен, құрал-жабдықтармен, кәсіпорынның өзінің құнымен қамтамасыздандырылуы мүмкін.

Судаларды жиі қолданатын және ұқыпты төлеуші ретінде танылған фирма «несиелік линия» арқылы ссуда алуына болады. Бұл несие алуға керекті уақытты үнемдейді және банктерге несие қабылеттлігін талдауға уақыт жібермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статусын алған банктер заң бойынша банктің меншікті капиталының 15%-нан артық мөлшерде ссуда бере алмайды. Бұл кепілмен толық қамтамасыздандырылмаған ссудалар бойынша жүзеге асырылады. Ал, тез өтетін кепілмен толық қамтамасыздандырылған ссудалар бойынша 25%-ға дейін беруге болады.

Ауыл шаруашылығына берілетін ссудалар жалпы несие көлемінде аз мөлшерін алады. Мүмкіндік болса, фермерлер коммерциялық банктерден ссуда алғаннан ғөрі, Федералды жер банктері және кооперативтерге қызмет көрсететін Банктер сияқты федералды несиелік агентстволардан субсидияланатын пайыз мөлшерлемесі бойнша ссуда алады.

Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелерге де ссуда беріледі. Олар мұндай ссудаларды әрі қарай жеке тұлғаларға беру үшін немесе ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын сатып алуға ссуда беру үшін алады.

Жалпы, ірі шетел банктерінде несие процесін ұйымдастыруды несие бөлімі жүзеге асырады. Несиелік талдау бөлімі барлық несиелеу үрдісін жүйелендіріп, қолдап отырады. Ссудалық функция мен несиелік талдауды бөлу несиелік бөлімдер өзінің тікелей жұмысына толығымен жұмыла алатындығын көрсетеді. Кішігірім банктерде және кейбір банк филиалдарында несиелік талдау несиелік қызметкер міндетіне кіреді. Екінші жағынан, екі бөлімді бөлу несиелік талдаудың неғұрлым жоғары деңгейлі обьективтілігіне және несиелік келісім-шартты неғұрлым ойластырып бекітуге ықпал етеді.

Несиелеу процесінің алғашқы кезеңінде несиелік өтінішті қарап, содан соң қарыз алушының несиелік қабылетін талдайтыны белгілі. Осыған байланысты шетелде клиенттердің несиелік қабылеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларды жариялайды.

Несиелеу – бұл активтік операциялардың маңызды бағыттары болып табылса, несиелік портфель банк активтерінің үштен бірі немесе жартысына дейінгі мөлшерде құралады.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебі 67% ішкі факторлар, ал 33% сыртқы факторлар үлесі келеді




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав