Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шартты операция

Читайте также:
  1. Lt;variant> тауарларды шартты түрде шығару
  2. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  3. Windows операциялық жүйесі
  4. АНАЛИЗ ВЫПОЛНЕНИЯ ОБЯЗАТЕЛЬСТВ ПО ЭКСПОРТНЫМ ОПЕРАЦИЯМ
  5. Аудит расчетов по экспортно-импортным операциям
  6. Аудит расчетов с персоналом по прочим операциям
  7. Ашық нарықтағы операциялар
  8. Банк жүзеге асыратын операциялардың табиғатын ашып, сипаттама беріңіз
  9. Белгородско-Харьковская наступательная операция (3-23 августа 1943г).
  10. Билет 1. Понятие ссудного процента и его использование в финансовых операциях.

Шартты операция (?:) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байланысты əр түрлі мəн қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл операция үшорынды болып табылады. Егер оның шарты (бірінші операнды) ақиқат болса, өрнек мəні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда - үшіншіге тең.

 

29. Меншіктеу операциясы

Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Си++ тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу операторының жазылу форматы мынадай олады:

<айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>;

Мұны Си++ тілінде қысқаша былай жазуға болады:

<айнымалы> <операция> = <өрнек>;

Төменде бірнеше мысал келтірілген.

a=a+b;a+=b; a=a*b;a*=b;

a=a-b;a-=b; a=a/b;a/=b;

Си тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы: sum = a = b; Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мəні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мəні sum-ға меншіктеледі.

Меншіктеу операторын былай да жазуға болады:

1)a = (b = 1) +2;

мұнда a=3, b=1.

2) a = b = 1 + 2;

ал мұнда a = 3, b = 3.

Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анықталған мəні бар өрнек болып табылады, мысалы: ((s=13+12)<=30) деген өрнек ақиқат мəнді болып табылады.

Арттыру немесе кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары

++ жəне – – түрінде жазылады. Бұлар кез келген операндтың мəндерін бірге арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді. Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) жəне декремент (– –), кеміту операциясы айнымалы (тек айнымалы мəнін) мəнін бірге арттырады немесе кемітеді. Олар айнымалы мəнін өзгертеді, яғни жасырын түрдегі меншіктеу амалы болып табылады. Көбінесе олар жеке оператор түрінде жазылады:

i++; немесе ++i;

Бұл екеуі де мынадай амалмен бірдей болып саналады

i = i + 1;

 

 

20)Массив тусінігі.Бір өлшемді массив

Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелерді, фамилия тізімдерін көп пайдаланамыз, олар бір өлшемді (жатық немесе тік жол), екі өлшемді (матрица) массив болуы немесе жиын болуы мүмкін.

Массив дегеніміз – бір типтегі берілгендер жиыны. Басқаша айтқанда, массив – бір атауға біріктіріліген айнымалылардың реттелген тізбегі. Айнымалылардың – массив элементтерінің типтері бірдей болады. Массив бір ғана атпен беріледі.

Индекс типі стандартты, бүтін немесе нақты тип бола алмайды. Программада «индекс» және «индекстің типі» ұғымдарын шатастыруға болмайды.
Индекс типі массивті бейнелегенде пайдаланылса, индекс массив элементтерін белгілеу үшін операторлық бөлікте пайдаланылады. Индексті бейнелегенде қандай тип берілсе, индекс сол типте ғана болуы тиіс.
Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты болып берілуі мүмкін.
Сондықтан да көп жағдайларда массивтерді индексті айнымалылар деп те атайды. Ал индекссіз айнымалыларды массивтерден ажырату үшін қарапайым айнымалылар дейді. Базалық типтегі айнымалыларға қандай амалдар қолданылса, массив элементтеріне де сондай амалдар қолдануға болады.
Егер массив атауында бір ғана индекс болса, онда ол массивті бір өлшемді, ал екі индекс болса – екі өлшемді және т.с.с. n инедексті болса, n өлшемді массив дейді. Бір өлшемді массив элементтері вектор, ал екі өлшемді массив элементтері матрица деп аталады.

 

21-22) Бір өлшемді массив. Енгізу және шығару. Түрлендіру және сұрыптау.

Жиым н/се массив бір типтегі элементтерінің реттелген жиыны.Олар бір атаумен идентификатормен аталады.индексті айнымалы ұғымына сәйкес келеді. Мыс,1,1,2,3,5,8,13,21 осындай бір текті тізбектерді жиым түрінде Си тілінде сипаттап,бастапқы мән беріп,иннициялау үшін былай жазамыз.int fib[8]={0,1,1,2,3,5,8,13,21}деп көрсетеміз.Мұндағы fib жиым атауы,оның типінің атауы int,ұзындығы 9,жиым элементтерінің индекстері 0-ден бастап нөмірленеді.сол себепті 9 элемент 8индекспен көрсетіледі. Жиымды сұрыптау кезінде оның ені нақты сандармен көрсетіледі.мыс, а[20],a[n] жазу үшін алдын ала #define n20жолы көрсетіледі немесе const n=20; болып жазылады.Жиым элементтерінің енгізу үшін немесе түрлендіру үшін цикл операторы қолданылады. Сұрыптау – берілген обьектілер жиынының ұсынылған реттілікпен қайта теріп орналастырупроцесі. Жиымдарды сұрыптау әдісі әр түрлі болады.Қарапайым сұрыптау әдістері n*n салыстыруды керек етеді.Мұндағы n жиым элементтер саны,ал жылдам сұрыптау тәсілі n*int(n) рет салыстыруды керек етеді.Қарапайым тәсілдер 3топқа бөлінеді: жай таңдау, жай енгізу ж/е жай алмастыру.

 

 

25-26)Символдық типті массивтер. Жол және оған қолданылатын өрнектер.

Си тілінде символдық тіркестерді сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар көбінесе char типтегі элементтерден тұратын жиым ретінде қарастырады.Жолдық немесе тіркестік символдар ЭЕМ жадында көршілес ұяшықтарда сақталады да олардың соңында \n символы тұрады.Символдар тіркесінің ұзындығын анықтау үшін strlen() функциясы қолд-ды. Символдарды біртіндеп енгізу,шығару printf()және scanf()функциялары форматында қолд-ды. GETCH() параметрсіз функция басылған перненің кодын береді. Экранға ешқандай символ шығармайды.GETCHAR()-параметрсіз функция,сөз тіркесі <ENTER> пернесі басылғанша енгізіле береді.

 

27. Тілдің обьектілері.

Тілдің қарапайым объектілеріне тип, сан, идентификатор, константа, айнымалы жəне функция, өрнек ұғымдары кіреді. Тілдің ары қарай бөлінбейтін ең қарапайым бірлігі лексем (token деп те айтады) деп аталады. Лексемнің 5 типі бар: операциялар (operator), айыру таңбалары (separator), идентификаторлар (identifier), түйінді сөздер (keyword) жəне константалар (constant). Біз лексемдерді дұрыс жазуға мүмкіндік беретін объектілерді қарастырып, программаның жалпы құрылымынан мəліметтер берейік. Константалар жəне кез келген айнымалылар бүтін саннан саннан сөз тіркесте саннан, нақты саннан, символдан немесе тіркестерінен құралады.

Мəліметтер типтері. Мұнда мəліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:

char – символдық, яғни таңбалық тип,short – қысқа бүтін сан,int – бүтін сан типі,long – екі еселенген бүтін сан,float – нақты (жылжымалы нүктелі) сан типі,double – екі еселенген нақты сан типі.unsigned – таңбасыз бүтін сан,

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін

Қолданылады.

Көрсетілген типтердің ең үлкен ұзындықтары əр түрлі компиляторларда бірдей болуы қажет емес.

Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің модификаторы ретінде қолданылады.

Char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипаттауға қолдануға болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген.

 

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін жəне нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0, т.с.с.

Дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сандар (іnt) бұрын -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылған еді, қазір компьютер типіне байланысты ол басқаша да бола береді. Мұнда ондық, сегіздік жəне он алтылық бүтін сандар да пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына 0х белгісі қойылады.

Нақты сандар (float) кəдімгі табиғи аралас сандар тəрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады.

Атау – идентификатор (іdentіfіеr – объектіге қойылған ат) программаны жəне программадағы тұрақтыларды, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды жəне тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – міндетті түрде əріптен басталатын сандар мен əріптердің тізбегі. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру жəне кейіннен сақтау біраз уақыт керек етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сəкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, x1, cymka, bec, p23ps6, dt54as, ALFA, baga2, salmak Omega2, т.с.с.

Бас əріп пен кіші əріп бірдей болып саналмайды

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында əр түрлі мəндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалы – компьютер жадының ат қойылған аймағы. Оған мəн берілгенде, сол аймаққа мəннің екілік коды жазылады. Айнымалы мəнін қолдану үшін оның атын – идентификаторын жəне мəн орналасқан аймақтың адресін білу керек.

 

26)Жолдар- символдар тізбегі немесе символдық массив.

С/С ++ тілінде жолдармен жұмыс жасау

Жолдарды енгізу-шығару функциялары

gets (), puts (), fgets (), fputs (), sprintf ()

gets () функциясы литерлерді енгізу құрылғысынан қабылдап, аргумент ретінде алынған массивке орналастырады. Енгізуді аяқтаған (Enter пернесін басқан) кезде, жаңа жол литері (\n) алынады. gets () функциясы оны нольдік литерге (\0) айналдырады.

gets () функциясын қолданған кезде енгізілген литерлер саны массив өлшемінен асып кететіндігін анықтау мүмкіндігі жоқ екендігін есте сақтаған жөн.

puts () функциясы gets () функциясының көмегімен енгізілген жолды экранға шығарады. Ол нольдік литерді, керісінше, жаңа жол литеріне ауыстырады.

fgets () функциясы gets () функциясына ұқсас, бірақ массив өлшеміне сәйкес клавиатурадан енгізілетін литерлер санын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Литерлер қандай да бір файлдан немесе стандартты енгізу құрылғысынан (stdin) оқылады. Енгізілген литерлер саны массив өлшемінен бір бірлікке аз болуы керек, өйткені соңғы позицияға автоматты түрде нольдік литер орналасады. fgets () функциясымен бірге fputs () функциясы қолданылады. Бұл функция литерлерді файлға немесе стандартты шығару құрылғысына (stdout) бағыттайды.

 

 

sprintf () (string printf(), яғни printf() жолдық) функциясы printf() нкциясындағыдай форматтау спецификаторлары қолданылады. Айырмашылығы sprintf () функциясы нәтижені экранға емес, берілген массивке орналастырады. Бұндай жағдай нәтижені, айталық экранға және принтерге бірнеше рет шығару кезінде тиімді болуы мүмкін.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 139 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав