Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тірі заттар энергиясы биосферадағы процестер дмауының негізгі қозғаушы факторлары болып саналады.

Читайте также:
  1. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  2. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  3. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  4. D) Басқа заттардан айыруға болатын белгілері
  5. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  6. Quot;Адам - барлық заттардың өлшемі" дейтін сөз кімге жатады?
  7. А) негізгі құралдар амортизациясы
  8. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  9. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  10. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.

Тұтастай алғанда В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы және өзара әрекеті туралы қазіргі түсініктердің негізін қалады. Биосфера туралы ілімнің тәжірибелік маңызы аса зор.

Табиғаттағы заттардың негізгі үздіксіз айналымының бірі – биогеохимиялық айналым. Мұнда макро және микроэлементтердің, сондай-ақ қарапайым органикалық емес заттардың атмосфера, гидросфера және литосфера заттарымен алмасуын білдіретін биогеохимиялық үздіксіз айналым әрекет етеді. Жекелеген заттардың айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық циклдер деп атады. Циклдің маңызы келесілерден тұрады: организм жұмқан химиялық элементтер абиотикалық ортаға кете отырып, сонан кейін, белгілі уақыттан соң, қайтадан тірі организмге түседі. Мұндай элементтер биофильді элементтер деп аталады. Биосферадағы тірі заттардың аса маңызды функциялары тұтастай түрде осы циклдермен және айналымдармен қамтамасыз ететін бес функцияны В.И.Вернадский бөліп көрсетті:

- бірінші функция – газ – Жер атмосферасының негізгі газдары, азот және оттек, биогендік, барлық жер асты газдары өлген органиканың ыдыраған;

- екінші функция – концентрациялық – организмдер өз денелерінде көптеген химиялық элементтерді жинақтайды;

- үшінші функция – тотықтырғыш – қалпына келтіруші;

- төртінші функция – биохимиялық – тірі заттар кеңістігінде көбею, өсу және орналасу;

Бесінші функция – адамның биохимиялық қызметі.

23)Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.

В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.

Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.

Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.

В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.

Азiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.

Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.

Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро — және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар — өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав