|
Көптеген мәліметтердің көлемі артық болады. Құжаттарды сақтағанда, тасымалдағанда олардың көлемін қысып, кішірейтуге болды. Файлдарды қысуға архиваторлар қолданылады.Сығылатын мәліметтердің нысанға байланысты бөлінуі: файлдарды қысу (электронды желілердің арналары арқылы беру немесе көлемі аз жинақтауышпен тасымалдау үшін файл өлшемін азайту), бумаларды тығыздау (мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау ушін архивтеу), дискілерді тығыздау (жұмыс кеңістігін қолданудың тиімділігін арттыру). Ақпаратты жоғалтып қысу әдістері тек қана мазмұнының бір бөлігі жоғалғанда оның қасиеттері төмендемейтін мәліметтер типтеріне қолданылады. Бұл мультимедиа мәліметтері. Осындай қысуды қасиетті форматтары сызбалық файлдар үшін *.JPG, бейнемәліметтер үшін *.MPG, дыбыс мәліметтері үшін *.MP3. Егер де мәліметтерді қысу кезінде тек қана олардың құрамы өзгерсе, онда нәтижелік шарттаңбадан бастапқы массивті қайтадан өңдеуге болады. Мұндай типтер кез-келген мәліметтер типтерін қысуға қолданылады. Ақпаратты жоғалтпай қысу сипаттамалы форматтар: графикалық файлдар үшін *.GIF, *.TIF, *.PCX; бейнемәліметтер үшін *.AVI; кез-келген мәліметтер типтері үшін *.ZIP, *.ARJ, *.RAR, *.LHA, *.CAB. тұру қажет, резервті көшіруді орындап, қауіпсіздік саясатын сауатты қолдану керек.Қысудың негізгі форматтары *.ZIP, *.ARJ, *.RAR болып табылады.Архивтерді құруға және оларға қызмет жасауға негізделген бағдарламалық құралдардың функционалдық мүмкіншіліктері өте көп. Көптеген архиваторлардың орындайтын базалық функциялары: архивтерден файлдарды шығару; жаңа архивтерді жасау; файлдарды архивтерге қосу; өздігінен ашылатын архивтерді жасау; таратылған архивтерді жасау; бұзылған архивтерді қайтадан өңдеу; архивтерді қараудан және рұқсатсыз өзгертуден сақтау.Компьютерлік желілерде қарапайым жергілікті бір жүйе ішінде орындалатын шабуылдардан басқа желілік ресурстар мен ақпараттың таратылуына байланысты алыстан шабуылдар жасалады. Коммерциялық мақсатпен ауқымды желілерді пайдалану, және де құпия ақпаратты тасымалдау ақпараттың тиімді қорғау жүйесін құруды талап етеді. Ішкі желілер үшін ең мұмкін болатын қауып-қатерлерден сақтауды желіаралық экрандар көмегімен орындауға болады. Желіаралық экрандардың компоненттерінің көбісін келесі үш категорияның біреуіне жатады деп есептеуге болады: сүзетін маршрутизаторлар, желілік деңгейдегі шлюздар, қолданбалы деңгейдегі шлюздар.Ақпаратты сақтау және қорғауын қамтамсыздандыру үшін вирустарға қарсы қорларын тұрақты жаңартып тұру қажет,резервті көшіруді орындап,қауіпсіздік саясатын сауатты қолдану кк.
12.2REPEAT... UNTILциклдікоператоры(Дейін)
Бұл оператор да WHILE операторы сияқты қайталану саны алдын - ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. REPEAT циклінің WHILE циклінен айырмашылығы циклді орындау шарты
цикл денесінен кейін тексеріледі. Цикл денесі жай немесе құрама оператор болуы мүмкін. Ондағы операторлар REPEAT және UNTILқызметші сөздерінің арасында орналасатындықтан, цикл денесі операторлық жақшаларға алынбай жазылады. Циклден шығу шарты орындалу үшін, цикл денесінде шартқа әсер ететін ең кемі бір оператор болуы тиіс, әйтпесе цикл денесінің орындалуы тоқтамай шексіз қайталана береді (бағдарлама "мәңгі циклденіп" қалады). Жалпы жазылу түрі төмендегідей:
REPEAT
Циклденесі;
UNTIL шарт;
UNTIL операторында жазылған шарт орындалғанға дейін цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер ондағы шарт орындалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы есептеуіш параметр мәні циклге дейін беріліп, оның жаңа мәнінің өсімі цикл денесінде беріледі.
REPEAT циклінің блок – схемасы
Барлық циклдік операторлармен бағдарламалар құрғанда, Do, While, Repeat операторларынан кейін нүктелі үтір қойылмайтынын ескеру қажет. Егер цикл денелерінде басқаруды циклдің сыртындағы таңбаға көшіретін оператор кездессе, онда циклдің қайталануы бірден тоқтайды. Егер циклдің орындалу шарты басынан орындалмаса, онда цикл жүрмейді. REPEAT циклінде бағдарлама орындалуы цикл соңындағы шартқа бармай тұрып, цикл денесі міндетті түрде бір рет орындалады. Цикл денесінде басқаруды цикл сыртына жіберетін шартсыз көшу операторы тұрса, онда басқару Goto операторындағы белгісі бар цикл сыртындағы операторға беріліп, цикл ерте аяқталуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |