Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Операциялық жүйелер

Читайте также:
  1. Windows операциялық жүйесі
  2. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  3. Банктік жүйелердегі бәсекелестік
  4. Биогеоценоз терминін қалай түсінесіз? Биомдарға қандай экожүйелер кіреді?
  5. Дәріс тақырыбы: Білім беру жүйелерін басқарудың қызметтері
  6. Еңбек ақы төлеудің нысандары мен негізгі жүйелері.
  7. Е. экономикалық жүйелердің барлығына.
  8. Криптожүйелерге қойылатын талаптар.
  9. Негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы және шаруашылықтанудың негізгі үлгілері.

Пайдаланушы мен компьютер арасында диалог орнатуды қамтамасыз етуге әрі әртүрлі амалдарды орындауға арналған программалар жиынын жүйелік программалар деп атайды. Бұл программалар жиынының ішіндегі ең бастысы компьютердің операциялық жүйесі деп есептеледі.

Операциялық жүйе (operating sistem-операциялық система)

д\з-компьютердің барлық мүмкіншіліктерінбасқаруға арналған программалардың, деректердің және оларды пайдаланудың нұсқауларының жиыны. Ол компьютер мен адамның (пайдаланушы,программашы,оператор) арасындағы байланыстырушы (интерфейс). Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істей алмайды.Операциялық жүйе үш негізгі бөлімнен тұрады:

· Командалық интерпретатор немесе программалау тілінен машина кодына аударушы;

· Драйверлер- әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар; бұл топқа «жүйелік кітапханалар» деп аталынатын программалардың жиыны да енеді;

· Интерфейс- пайдаланушы қарымқатынас жасайтын ыңғайлы программалық қабықша.

Операциялық жүйенің программалары компьютермен мен оның құрылғыларын электр жүйесіне қосқан сәттен бастап, өшіргенге дейін басқарады.

Операциялық жүйелер бір есептік және көп есептік боп 2- ге бөлінеді. Бір есептік жүйелер(DOK-Disk Operating System) бір сәтке тек бір ғана тапсырманы орындайды,ал көп есептік операциялар жүйелер(мысалы,WINDOWS 98/ME) бір мезгілде бірнеше есептерді компьютердің мүмкіншіліктері мен қуатын бөлу арқылы орындайды

. Бір мезгілде орындалатын

есептердің саны процессордың қуаты мен оперативтік жадының көлеміне байланысты.

Операциялық жүйелер бір ғана пайдаланушы (мысалы, WINDOWS 98/ME) және көпшілік пайдалана алатындай (WINDOWS 2000/2003/XP) болады.

Соңғы кездерде көп пайдаланып жүрген операциялық жүйелердің барлық дерлік графикалық интерфейске негізделген. Солардың іішінде кең тарағаны WINDOWS XP жүйесі деп есептеледі.

Әрбір операциялық жүйеге сай келетін техника болуы міндетті. Мысалы, WINDOWS XP үшін компьютердің келесі көрсеткіштері болуы тиіс:

· Процессорға қойылатын талап, оның такт жиілігі 800 МГц-тен тқмен болмауы керек. Кейбір авторлар одан әлсіз процессормен (300 МГц) де жұмыс істеуге болады деп тұжырымдауға болады.

· Оперативтік жадының көлемі 192 Мбайттан кем болмауы керек; кейде 128 Мбайт болғанда да жұмыс істеуге болатынын, бірақ аса тиімді вариант 256 Мбайттан жоғары болғанда ғана операциялық жүйенің толық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға болады деп есептейді:

· Қатты дискіде(винчестерде) бос орын

· Гбайттан кем болмауы керек,себебі WINDOWS- тың өзі 2-2.5 Гбайт орын алады.

WINDOWS- көмпьютер құрылғыларымен байланыс жасау үшін арнайы программаларды пайдаланады; оларды драйверлер (drivers)д.а. Ағылшын тілінен аударғанда ол сөз «жүргізушілер» деген ұғымды береді.

Операциялық жүйенің

жұмысын басқаруға қажетті негізгі басқару элементтерінің жүйесінін бірі- бас меню болып табылады. Оның көмегін операциялық жүйеде орналасқан немесе тіркелген барлық программаларды жіберуге, соңғы қолданылған құжаттарды ашуға, операциялық жүйені қалыптауға, анықтама жүйесін пайдалануға болады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 161 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав