Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпараттың өлшем бірліктері

Читайте также:
  1. Quot;Адам - барлық заттардың өлшемі" дейтін сөз кімге жатады?
  2. Ақиқаттың өлшемі
  3. Жордан өлшемді жиындар үшін екі еселі Риман интегралы. Қасиеттері.
  4. Жордан бойынша өлшемді жиындар. Қасиеттері.
  5. Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
  6. Фотометрлік шамалар және олардың бірліктері

Ақпарат көлемi деп ақпараттың ұзындығын, яғни ақпаратта пайдаланылған символдар санын айтады. Қандай да бiр алфавиттi пайдаланып ақпараттарды жазуды кодтау деп атайды.Ақпараттарды кодтау үшiн Морзе алфавитi немесе екiлiк алфавит қолданылады. Кодталатын символдар тобын кодтар кестесi деп атайды.

Әртүрлi типтерге жататын деректермен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру үшiн оларды кодтау арқылы, яғни бiр типтегi деректердi екiншi типтегi деректер арқылы өрнектеудiң көмегiмен бiр түрге келтiру (унификациялау) қажет.

Информатикада ақпаратты кодтау үшiн бар болғаны екi символдан түратын әлiппе жеткiлiктi. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың кез-келген түрі екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Мұндай жүйе екiлiк кодтау деп аталады. Ол деректердi бар болғаны екi символдан: 0 және 1-ден тұратын таңбалар тiзбегiмен өрнектеуге негiзделген. Бұл таңбалар екiлiк цифрлар немесе биттер деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі “ bi nary digi t ” (екілік таңба) сөзінен шыққан. Бiр бит екi түсiнiк береді: 0 немесе 1 (ақиқат немесе жалған).

Байт – 8 битке тең ақпарат мөлшерінің бірлігі. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына (әріп, цифр, символ) сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, компьютердің ақпаратты сақтау құрылғысының сыйымдылығын сипаттайтын стандартты бірлік байт деп аталады.

Ақпараттың өлшем бірліктері:

1 Килобайт (Кбайт) =1024 байт = байт,

1 Мегобайт (Мбайт) =1024 Кбайт = байт,

1 Гигабайт (Гбайт) =1024 Мбайт = байт,

1 Терабайт (Тбайт) =1024 Гбайт = байт.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 157 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав